104
нарықтың негізгі элементтерін басқару, яғни тұтыну нарығының
қалыпты қызмет етуі. Үкімет тұтыну нарығын толтыру шаралар
кешенін ұсынды және жүзеге асырды. Бұл мәселені шешудің басты
көзі – барлық тауарлық ресурстардың ішінде басты орынды алуға
тиіс меншікті өндіріс. Осыған байланысты көптеген мәселелерді
шешуге болады:
•
экономиканың тұтыну секторына бағытталуы;
•
бірінші кезекте тапшылық және техникалық күрделі
бұйымдарды шығаратын мамандандырылған кәсіпорындарды құру
негізінде тұтыну тауарлар өндірісінің қуатын тездетіп өсіру;
•
көп шығынды қажет ететін машина жасау кәсіпорындар
профилін тұрғындар қажеттілігіне арналған өндірістік тауарларды
шығаратын кәспіорындарға өзгерту;
•
қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялау;
•
республикааралық айырбасты дамыту;
•
үкіметтің халық тұтынатын тауаралар өндірісін дамытудың
республикалық қорын құру;
•
сәйкес тауарлар тобы бойынша республикалық және
жергілікті тауарлар резервін құру.
Қазақстан экономикасын басқарудың қалыптасып келе жатқан
жүйесіне бірқатар өндірісті тұрақтандыру шаралары кіреді. Олар:
•
республика кәсіпорындары арасындағы қалыптасқан
байланысты және республикааралық келісім шарттарды сақтау;
•
мемлекеттік тапсырыс жасау жолымен шаруашылық
байланыстарды тікелей мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету
(өндірістік-техникалық бағыттағы өнімнің жекелеген түрдері
бойынша; ғылыми зерттеулермен әзірлемелерді жүргізу; азық-
түлікті және басқа да тағамдық емес тауарларды жеткізу);
•
өз кінәсінсіз қиын жағдайдағы кәсіпорындарға уақытша
қаржылық көмек көрсету үшін арнайы тұрақтандыру қорларын
құру. Тұрақтандыру қорлары бюджеттік қаражаттардан, сонымен
қатар, облигация, лотерея, т.б. сатудан қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: