111
Келтірілген үлгі көрсетіп отырғандай ұзақ мерзімді жоспарлар
үш жылдық мерзімді қамтиды да стратегияны («Қазақстан -2030»)
үш кезеңде іске асыруды көздейді. Әр кезең өзінің ұзақ мерзімге
арналған нақтылы мәселелерін шешуі қажет және әлеуметтік–
экономикалық дамуда стратегиясы мен басымдылықтарын
анықтайды.
Бірінші ұзақ мерзімде стратегиялық
мақсаттар өндірісті
жандандыруға бағытталады. Ол үшін экономиканы көтеру
барысында бос өндірістік қуаттарды, негізгі капиталды жаңарту
және халықтың тұрмысын көтеру әдістерін
тиімді пайдалануды
жоспарлайды.
Екінші кезеңде экономика құрылымында және халықтың тұрмыс
деңгейінде сапалы өзгерістер болуына бағытталған іс-шаралар
жүзеге асырылады; үшіншіде – экономиканы жедел орнықты және
орнықты, әлеуметтік аяны дамыту, экологиялық ахуалды жақсарту
мақсаты қойылған.
«Қазақстан–2030» стратегиясы қабылданды. Бұл стратегияда
елдің ұзақ мерзімді дамуының жеті басымдықтарын анықтаған.
Стратегияның ғылыми негізделгені және оның өмірдегі өзектілігі,
қажеттілігі бірінші онжылдықта іс жүзінде дәлелденді. Осыған
орай Елбасы Назарбаев Н. Ә. былай деп түйіндеді: «Он
жылда
стратегияның негізінде біз өз дамуымызда сапалы секіріс жасай
алдық. Көптеген елдер бірнеше онжылдыққа арнаған жұмыс көлемін
атқардық. Бүгінде біз толық негізде «Қазақстан–2030» стратегиясы
өзінің өмірге қабілеттілігі мен тиімділігін толық қуаттай алды деп
мәлімдей аламыз».
Стратегияда белгіленген ұзақ мерзімді басымдылықтар және
олардың он жыл ішінде жүзеге асыру нәтижелері мынадай болды:
Бірінші
басымдылық, ұлттық қауіпсіздік.
Осы басымдылықты
іске асыру барысында Қарулы Күштердің реформасы мемлекет
қауіпсіздігінің инфрақұрылымын қайта құру, Ұлттық мемлекет
қауіпсіздігінің стратегиясын әзірлеу шаралары іске асырылды.
Екінші басымдылық, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның
топтасуы тәуелсіздік жылдары ұлтаралық келісімді сақтау мен
нығайтудың өз үлгісі жасалды, іске асырылды, ол «Қазақстан
жолы» деп аталды; Қазақстан Халықаралық Ассемблеясы құрылды.
Президенттік республика жолы таңдалды.
Үшінші басымдылық, ашық нарықтық экономика қағидаттарына
112
негізделген тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде еді.
Мұның орындалу барысы: өткен онжылдықта елдегі ЖІӨ (жалпы
ішкі өнім) 22 млрд. АҚШ долларынан 100 млрд.
долларға дейін,
бес есе дерлік ұлғайды. Жан басына келетін ЖІӨ осы кезеңде 3,7
есеге өсті. Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік
инвестициялардың көлемі 70 млрд. АҚШ долларынан астамға
жетті. Бұл Орталық Азияға тартылған барлық инвестициялардың
80 пайызы. Сыртқы сауда айналымы он жылда 6 еседен астамға
ұлғайды.
Төртінші
басымдылық,
барлық
қазақстандықтардың
денсаулығын, білім мен әл-ауқатты іске асыру болды. Халықты
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің қамтуы айтарлықтай кеңейді.
Соңғы он жылда Қазақстандықтардың
көбісінің тұрмысы елеулі
түрде өзгерді, олардың ақшалай табыстары 6,5 есе өсіп, орташа
айлық жалақы 5 есе дерлік ұлғайды.
Бесінші басымдылық, энергетикалық ресурстарды дамытуды іске
асыру болды. Өткен жылдары мұнай-газ өнеркәсібі экономиканың
басқа салаларын соңынан ілестірген локомотиві-тін Сондықтан
энергетикалық ресурстарды дамыту
ұзақ мерзімді басымдылыққа
ие болды.
Алтыншы басымдылық. Инфрақұрылымды дамыту – бұл салада
көп істер атқарылды. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет
қаражатынан 280 млрд. теңгеден астам қаржы игерілді. Осының
есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта
жөнделді, 13 мың шақырымнаң астам автожол күрделі және ағымды
жөндеуден өткізілді.
Жетінші басымдылық, кәсіби үкіметті қалыптастыру.
Қазақстанда терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті.
Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік
құрылды. «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»; Заңдар,
Мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс кодексі қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: