105
- экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті жекешелен-
діру;
- жекешелендіру
проблемалары дербес тақырып болғандықтан,
мұнда тек негізгі бағыттары қарастырылады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бірінші
кезекті меншікті орталықсыздандыруды ұйғарады.
Өтпелі
кезеңде экономиканы мемлекет иелігінен алу және меншікті
жекешелендірудің негізгі нысандары (форма):
•
кәсіпорындарды, ұйымдарды және халық шаруашылық
объектілерін акционерлендіру;
•
мемлекеттік меншікті жалға
және коллективтік меншікке
беру;
•
мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар базасында
жергілікті және халықтық кәсіпорындарды құру;
•
мемлекеттік меншікті заңды және жеке тұлғаларға сату.
Экономиканың өндірістік емес сферасында мемлекет иелігіне
алудың өзгешелігі бар. Мұнда бұл
процесс керекті әлеуметтік-
экономикалық алғышарттар құрылған кезде, тауар өндірушілердің
еркін кәсіпкерлігінің жеткілікті жоғары деңгейге жеткен кезде жүзеге
асырылуы тиіс. Қызмет көрсету саласындағы жекешелендірудің
мүмкін болатын зардаптарын болдырмайтын іскерлік әкімшілік-
құқықтық және экономикалық механизмдер жасалуы қажет.
Бірінші, тікелей мемлекеттік бақылау және реттеу сақталған
(қорғаныс кешені,
мәдениет, денсаулық сақтау., медициналық
өнеркәсіп, ғылым және ғылыми қызмет көрсету) салалардың және
жекелеген өндірістердің тізімі анықталады.
Экономиканы демонополизациялау, кәсіпкерліктің және
бәсекелестіктің дамуы өтпелі кезеңнің
ірі бағыттарының бірі
болады.
Нарықтық экономикаға өту, өзінің объективті шарты ретінде,
өндіріс сферасындағы монополизмді жеңу,
бөлу және тауар
айналымындағы республика аймақтарының тұйықтылығы мен
оқшаулығы қарастырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің монополияға қарсы саясаты
келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізілді:
•
қалыптасқан әкімшілік-тарту жүйесінің және оның барлық
буындарының толық бөлшектелуі;
•
республиканың ауыл шаруашылығында параллельді
106
өндірістік құрылымдардың
қалыптасуына жағдай жасау, соның
ішінде бар өндірісті уақтандыру және диверсификациялау;
•
кәсіпкерлік пен бәсекелестікке ұйымдық-экономикалық
жағдайлар жасау, тауар өндірушілерді
құқықтық кепілмен
қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің еркіндігін қамтамасыз ету;
•
нарық инфрақұрылымының қалыптасуын тездету;
•
шағын және орта кәсіпорындардың дамуы.
Басқару ортасында серіктес таңдау және бәсекелестіктің дамуы
үшін жеткілікті өндірушілер мен тұтынушылары бар көлденең
нарықтық құрылымдардың дамуын қолдау қажет.
Нарықтық қатынастарға өтудің бұл бағыты бойынша нарықтық
жағдайларда тиімді қызмет ете алатын қаржы-несие жүйесінің
дербестігін қамтамсыз ету шаралары қарастырылады. Экономиканы
мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары – қаржы-несие тұтқалары.
Республиканың бюджет жүйесінің қалыптасуының негізгі
қағидалары – өңдеу, бекіту және жүзеге асыру процесіндегі төменгі
бюджеттердің жоғарыда тұрған бюджеттерден толық тәуелсіздігі.
Республикалық бюджет қаражатынан
жалпы мемлекеттік
шығындар, оның ішінде, түбегейлі зерттеулер шығындары, ғылыми-
техникалық және арнайы бағдарламалар қаржыландырылады.
Салық, несие саясаттары өз бетінше жүргізіледі, органдар жүйесі
және банк бөлімшілерінің құрылымы өзгертіледі. Банк ісінде несие
беру объектілерін, баға белгілеу және несие мерзімдерін өздігінше
таңдауға мүмкіндік беретін арнайы банктерді акционерлеу және
коммерцияландыру процестері болып жатады.
Нарықтық экономика жағдайында динамикалық пайыздық саясат
енгізіледі. Қатаң орталықтындырылған жоспарлы экономикаға тән
(несие және кассалық жоспарлау арқылы), ақша айналымын басқару
әдістерінен бас тартады.
Достарыңызбен бөлісу: