«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДББҰ
«БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ОРТАЛЫҒЫ» ФИЛИАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
«Өзгеріс пен сабақтастық»
концептісінің негізінде құрастырылған
қысқа мерзімді жоспарлар жинағы
Негізгі мектеп
Назарбаев Зияткерлік мектептері
Нұр-Сұлтан, 2019
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 63.3(5Каз)я72
Қ18
Қ18 Қазақстан тарихы. «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде
құрастырылған
қысқа
мерзімді
жоспарлар
жинағы.
Негізгі
мектеп
/
А.А.Кулымбетова, Л.А. Бердигалиева, Э.Д. Абдикенова және т.б. – Нұр-Сұлтан:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Білім беру бағдарламалары орталығы»
филиалы, 2019 – 124 б.
ISBN 978-601-328-709-6
ӘОЖ 373.167.1
КБЖ 63.3(5Каз)я72
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
ISBN 978-601-328-709-6
«Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, 2019
Кіріспе
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының басты
мақсаттарының бірі – оқушылардың бойында тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру
мен дамыту болып табылады. Бұл орайда мұғалімдер сабақта оқушыларды «тарихи
тұрғыдан ойлау» дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік беретін түрлі әдіс-тәсілдерді
(белсенді және проблемалық оқыту әдістері, жоба әдісі, концептуалды оқыту) қолдану
қажет. «Тарихи тұрғыдан ойлау» өткен заманның кез-келген құбылысын сол заманның
контекстінде, бұрын болған және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру,
анықтау, бағалау, талдау қабілетін білдіреді. Бұл қабілетке ие болу арқылы оқушы өткен
тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді ұстанымды қалыптастыра
алады. Тарихи ойлау дағдылары әрбір сабақта олардың біртіндеп кеңеюі мен
прогрессиясы негізінде дамытылуы тиіс.
Тарихты оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптарды бірі – бұл сабақта зерттеу іс-
әрекетін ұйымдастыру. Зерттеу іс-әрекеті деп мұғалім мен оқушының белгілі бір тарихи
мәселенің шешімін іздеу бойынша бірлескен шығармашылық үдерісі түсініледі, оның
нәтижесі зерттеушілік ойлау дағдыларын және тұтас дүниетанымды қалыптастыру болып
табылады. Оқытудағы зерттеу әдісі оқушыларды дайын ақпаратты енжар пайдаланушы
емес, шығармашыл үдерістің қатысушылары етеді. Зерттеуге негізделген оқыту –
оқушылар ғалым-зерттеуші рөліне енетін болатындай жағдаяттарды құрумен
сипатталады. Бұл жағдайларда оқушылар бақылау және белгілі бір құбылысқа қатысты
сұрақтар қою, өз теорияларын деректер талдауына негіздеу және қарсы қою үшін не
көретініне түсіндірме іздеу бойынша нақты қадамдарды орындайды. Оқудағы зерттеу
әдісі оқушыларға құбылыстар мен фактілер арасындағы байланыстарды, тұтас тарихи
үдеріс бейнесін көруге мүмкіндік береді.
Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастырудың бірден-бір тиімді жолы –
Достарыңызбен бөлісу: |