Қазақстан тарихы «Өзгеріс пен сабақтастық» концептісінің негізінде құрастырылған қысқа мерзімді жоспарлар жинағы Негізгі мектеп Назарбаев Зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан, 2019 ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет2/123
Дата13.07.2022
өлшемі1,57 Mb.
#37636
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
Байланысты:
аза стан тарихы « згеріс пен саба тасты » концептісіні негізін

концептілер негізінде оқыту. Оқыту келесі түсініктердің негізінде құрылады: өзгеріс 
және сабақтастық (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгеріске 
ұшырады); себеп-салдар (мысалы, белгілі тарихи кезеңде қандай маңызды факторлар 
саяси үдерістерге әсер етті); дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар
наным-сенімдер мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады); ұқсастық пен 
айырмашылық (мысалы, XIII-XV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттердің 
саяси құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар); маңыздылық (мысалы, Қазақ 
хандығының құрылуының тарихи маңызы неде); интерпретация (мысалы, белгілі бір 
тарихи оқиғаны түрлі зерттеушілер қалай сипаттайды). 
Концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың, үдерістердің және 
құбылыстардың мағынасы мен мәнін «түртіп алуға» бағытталған, бұл өз кезегінде пән 
мазмұнын тереңірек түсінуге септігін тигізеді. Тарихи концептілердің көмегімен тарихи 
материалдың аналитикалық талдауы жүргізіледі. Нәтижесінде оқушылар тек пән 
мазмұнын ғана емес, сонымен қатар зерттеу процедуралары мен олармен байланысты 
дағдылар мен біліктердің үйлесімділігін меңгереді (материалды жинақтау және жүйелеу 
әдістері, сұрақтар құрастыра білу және дерекпен жұмыс істеу барысында проблеманы 
анықтай алу дағдылары, деректерді анықтау және сыни тұрғыдан бағалау, зерттеу 
жоспарын құру, материалды тұжырымдау және нәтижелерді тексеру әдістері). 
Оқушыларды белгілі бір тарихи концепт, прогрессия шеңберінде оқушыларды зерттеу 
процедураларымен таныстыру міндетті талап болып табылады (қарапайымнан күрделіге 
қарай).
Берілген әдістемелік жинақта «өзгеріс пен сабақтастық» концептісі бойынша сабақ 
жоспарларының үлгілері ұсынылған.
«Өзгеріс пен сабақтастық» бойынша білім алушылар: сабақтастық пен өзгеріске 
қатысты тарихи мысалдарды уақыт пен кеңістікте талдайды және бағалайды, сабақтастық 
пен өзгеріске қатысты тарихи мысалдарды ұзақ уақыт бойы ауқымды тарихи процестер 


мен тақырыптарға дейін біріктіреді, тарихи оқиғалар мен процестердің белгілі бір уақыт 
межесінде жүйеленуі мен ұйымдасуының негізін (критерийлер) түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет