Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман
адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және моңғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін
көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге
қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде моңғолоидтік нышандар
көбірек байқалады. ХІ ғасырдан бастап Қазақстан аумағында қыпшақ тайпалары үстемдік
құрып, олардың мекені араб деректерінде Дешті-Қыпшақ деп атала бастады. Олар бір тілде
сөйлейтін бір халық болып қалыптаса бастады.
1460-шы жылдары Керей мен Жәнібектің қазақ ру-тайпаларын біріктіріп, Қазақ
хандығын құрды. Осы кезден бастап, олар «қазақтар» ретінде белгілі болды. Қазақ халқы
географиялық және экономикалық-шаруашылық сипатының ерекшеліктеріне қарай үш
жүзге бөлінді:
Ұлы жүз рулары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуды;
Орта жүз рулары Орталық және Солтүстік Қазақстанды;
Кіші жүз рулары Батыс Қазақстанды қоныстанды.
Ш.Уәлихановтың пікірі бойынша, жүздер – ру-тайпалардың көшіп жүрген жерлерінде
өз құқықтарын қорғау үшін құрылған одақтар болған.
Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М.
Қойгелдиев, т. б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 232 бет
Достарыңызбен бөлісу: