Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет103/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili

Сыртқы жарияланымдар
Кез келген функция автоматты түрде программаның барлық модульдерінде 
көрінеді. Егер функцияның əрекет ету аймағын өзі сипатталған файлмен шек-
теу қажет болса,
 static
модификаторы қолданылады.


105
Айнымалыны немесе тұрақтыны бірнеше модульде қолданып, қолжетерлік 
ету үшін келесі əрекеттерді орындау қажет:
□ оны тек бір модульде ғана ауқымды (глобалды) объект ретінде анықтау;
□ басқа 
модульдерде 
оны 
extern
модификаторының көмегімен сыртқы 
объект ретінде жариялау.
Осы мақсатқа жетудің басқа жолы – бұл жарияланымды тақырыптық 
файлға орналастырып, оны қажетті модульдерге қосу
1
.
Бір айнымалының барлық сипаттамалары бір-бірімен үйлесімді болуы 
керек.
Екі ауқымды (глобалды) айнымалыны
оnе.срр
жəне 
two.cpp
файлда-
рында
my_header.h
тақырыптық файлының көмегімен сипаттау мысалы:
// my_header.h – сыртқы жарияланымдар
extern int a;
extern double b;
...
// -----------------------------------
// one.срр
#include "my_header.h"
int a;
...
// -----------------------------------
// two.cpp
#include "my_header.h"
double b;
...
Екі айнымалыны да 
one.срр
жəне 
two.срр
файлдарында қолдануға 
болады.
Егер айнымалы 
static 
ретінде сипатталса, оның əрекет ету аймағы өзі 
анықталған файлмен шектеледі.
Типті сипаттау кезінде бір анықтама ережесін ұстанған жөн, яғни 
программада қолданылатын тип дəл бір рет анықталуы керек. Көбінесе бұл 
тақырыптық файлда орындалады, содан кейін файл осы типті қолданатын 
модульдерге қосылады. Бұл ереженің сақталмауы оңайлықпен табыла 
қоймайтын қателіктердің пайда болуына алып келеді, себебі компиля-
торлар бір типтің əртүрлі файлдардағы анықталуын бір-бірінен ажырата 
алмайды.
1
Жариялау кезінде, анықтаумен салыстырғанда, айнымалы құрылмайтынын еске алайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет