Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет90/466
Дата20.07.2022
өлшемі3,66 Mb.
#37798
түріПрограмма
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   466
Байланысты:
pavlovskaia-jogargy-dengeili


немесе 

тақырыптық файлын іске қосу керек. 
Енгізу/шығару кезінде мəліметтер байттар ағымы ретінде қарастырылады. 
Физикалық тұрғыдан алғанда ағым файл немесе құрылғы (мысалы, файлдың 
дербес жағдайы ретінде қарастырылатын пернетақта немесе дисплей) болып 
табылады. 
Ағымды ашу
Ағыммен жұмыс істеу оны ашудан басталады. Мəлімет оқу жəне/немесе 
жазу үшін ағымды екілік немесе мəтіндік режимде (тəртіпте) ашуға болады. 
Ағымды ашу функциясының форматы төмендегідей болады:
FILE* fopen(const char* fi lename, const char* mode);
Ағымды ашу сəтті орындалған жағдайда, функция ағыммен жұмыс 
істеуге қажетті барлық ақпаратты қамтитын 
FILE
типті алдын ала анықталған 
құрылымға нұсқауышты, ал кері жағдайда 
NULL
мəнін қайтарады. Бірінші па-
раметр – С-тіркес түріндегі ашылатын файлдың аты, екіншісі – файлды ашу 
режимі. Ашу режимдері былай белгіленеді:
"r"
– файл оқу үшін ашылады;
"w"
– мəлімет жазуға арналған бос файл ашылады (мұндай файл бар болса
ол жойылады); 
"а" 
– файл соңына ақпарат қосу үшін ашылады;
"r+" 
– файл оқу жəне жазу үшін ашылады (мұндай файл бар болуы тиіс);
"w+" 
– мəлімет оқуға жəне жазуға арналған бос файл ашылады (мұндай 
файл бар болса, ол жойылады); 
"а+" 
файлды оқып, соңына ақпарат қосу үшін ашамыз.
Файл ашу режимінің жазылуында 
t
(мəтіндік режим) немесе 
b
(екілік ре-
жим) символдары болуы мүмкін, олар жаңа жолға көшу символдарын өңдеуге 
байланысты ажыратылады. Келісім бойынша файл мəтіндік режимде ашыла-
ды, бұл режимде «каретканы қайтару» жəне «жолды ауыстыру» (0x13 0x10) 
символдарының комбинациялары мəлімет енгізу кезінде келесі жолға көшуді 
жүзеге асыратын жалғыз символға түрлендіріледі (мəлімет шығару кезінде 
кері түрлендіру орындалады). Екілік режимде бұл түрлендірулер жүзеге 
асырылмайды.
Мысал:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   466




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет