118
№ 4(133)/2020
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ.
Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы
ISSN: 2616-7255, eISSN: 2663-2489
туды. Зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу
әдіснамасының жалпыға ортақ нұсқасының
қалыптаспағандығы белгілі болды.
Қазақ таңбатануындағы осындай өзекті
мәселелердің бірі –
оғыз таңбаларының
зерттелуі. Негізінен Сырдарияның орта және
төменгі ағысын, сондай-ақ оған жапсарлас
жатқан Қазақстанның батыс далаларын мекен
етіп, IX–X ғғ. мемлекет құрған оғыз тайпалары
өздерінің көші-қон және жаугершілік
әрекеттерінің арқасында қазақ, қырғыз, татар,
башқұрт, түркімен, өзбек, қарақалпақ, ноғай,
әзірбайжан халықтарының және Анадолы
түріктерінің этникалық қалыптасуына өз
үлесін қосты [2, 7 б.].
Оғыздардың бастапқы
орналасқан жері Орта Азияның оңтүстік-
шығыс аймақтары болса керек, ал ерте
оғыз тобының құралған жері Батыс Жетісу
деп саналады [3, 312 б.]. Қазіргі уақытта
оғыз
таңбалы ескерткіштер Жетісудан,
Сыр бойынан және Батыс Қазақстаннан
табылып отыр. Олардың ең ертесі Жетісу
аймағының ескерткіштеріне тән [4, 61 б.].
Оғыз таңбаларының тарихи, археологиялық,
этнологиялық,
мәдениеттанушылық,
өнертанушылық
қырынан
жан-жақты
қарастырған еңбектердің негізгі бөлігі түрік
ғалымдарының еншісінде [5, 431 б.].
Достарыңызбен бөлісу: