И. А. Зимняя педагогикалық психология


Мотивациялық бағдар және іс-әрекет табыстылығы



Pdf көрінісі
бет118/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Мотивациялық бағдар және іс-әрекет табыстылығы 
 
Қызығушылықтың әр тҥрлері, мысалы нәтижелі, танымдық, 
процессуалды, оқу-танымдық және т.б. мотивациялық бағдарланумен 
байланыстырылуы мҥмкін (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Б.И. 
Додоновтың зерттеулерін жалғастыра отырып, бҧл авторлар жоғарғы 
оқу орнында шет тілді меңгерудегі мотивацияны зертеу материалы 
бойынша тӛрт мотивациялық бағдарды айқындады (процеске, нәтижеге, 
оқытушының бағалауына және келеңсіздіктерді туғызбау), олар оқу 
мотивациясының басқа компонентерімен қатар оқу іс-әрекетінің 
бағытын, мазмҧнын және нәтижесін анықтайды. Олардың пікірінше, 
мотивациялық бағдарлар арасындағы байланыстардың ерекшелігі 
олардың екі маңызды сипаттамаларын бӛлуге мҥмкіндік береді: 
біріншіден, процесс пен нәтижеге деген бағдарлар арасындағы 
байланыстың тҧрақтылығы (нығыздық критерийлері бойынша), бҧл бір 
жағынан, және келесі жағынан, «оқытушының бағалуы» мен 
«келеңсіздіктерді туғызбау» деген бағдарлар арасындағы, яғни олардың 
оқыту шарттарынан салыстырмалы тҥрде тәуелсіздігін; екіншіден, 
байланыстардың (ҥстемдік және «салмақ» критерийі бойынша) оқыту 
шартына (мысалы, жоғары оқу оқу орнының тҥрі – тілдік, тілдік емес), 
сағаттар торшасына, оқу бағдарламаларының ерекшелігіне, соның 
ішінде, оның мақсаттық ҧстанымдарына байланысты вариабелдігі.
Осы 
авторлар тарапынан мотивациялық бағдар мен студенттердің ҥлгерімі 
арасындағы жағымды байланыс орнатылған. Ҥлгеріммен неғҧрлым 
байланысты болған процесс пен нәтижеге бағдар болып шықты, аз 
мӛлшерде тығыз болған – оқытушының бағалауына бағдарлану. 
Келеңсіздіктерді туғызбаудың ҥлгеріммен байланысы әлсіз.
Оқу іс-әрекеті ең алдымен, танымдық қажеттілік әрекеттің 
жалпыланған тәсілінің ӛндіруі болып табылатын іс-әрекет затымен 
«кездескенде» және онда «заттану» барысында анықталынады, яғни 
оған ішкі тҥрткі себеп болады, және де сонымен бірге ол саналуан тҥрлі 
сыртқы тҥрткілермен анықталынады, мысалы ӛзін-ӛзі бекіту, 
абыройлық, парыз, қажеттілік, жетістік және т.б. тҥрткілері. 
Студенттердің оқу іс-әрекетін зерттеу материалы негізінде кӛрсетілген 
ереже, социогендік қажеттіліктердің ішінде тиімділікке неғҧрлым кӛп 
әсер ететін жетістікке деген қажеттілік, оның астарында адамның ӛз іс-
әрекеті нәтижелерін жақсартуға ҧмтылуы тҥсініледі. Оқуға қанағаттану 
осы қажеттіліктің қанағаттандырылу дәрежесіне тәуелді. Бҧл қажеттілік 
студенттерді оқуға кӛбірек ден қоюға мәжбҥр етеді және сонымен бірге, 
олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Қарым-қатынас пен 


216 
ҥстемдікке деген қажеттілік оқытуға маңызды, бірақ біржақты әсер 
етпейді. Интеллектуалдық жоспардағы тҥрткілер саналы тҥсінілген, 
ҧғынылған, шынайы. Адам оларды білімге қҧштарлық, оны ӛз бойына 
сіңіру қажеттілігі (мҧқтаждық), ой-ӛрісті кеңейтуге, білімдерді 
тереңдетуге, жҥйелеуге ҧмтылу ретінде сезінеді. Бҧл арнайы адамзаттық 
танымдық іс-әрекетпен, оның интеллектуалдық қажеттілгімен, Л.И. 
Божович сипаттаған жағымды эмоционалдық рең және білімге 
тойымсыздығымен теңестірілетін тҥрткілер тобы. Осындай тҥрткілерді 
жӛн кӛре отырып, шаршаумен, уақытпен санаспай, басқа тҥрткілерге 
және басқа алаңдатушы факторларға қарсылық кӛрсете отырып, оқушы 
оқу материалымен, дәлірек, оқу міндетін орындаумен тапжылмай және 
әуестене жҧмыс істейді. Осы жерде Ю.М. Орлов маңызды қорытынды 
алған: «академиялық табысқа неғұрлым кӛп әсер ететін табысқа деген 
жоғары қажеттілікпен үйлескен танымдық қажеттілік болып 
табылады». 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет