225
Меңгерудің тӛртінші кезеңі – практикада қолдану –
тек оқу
нәтижесі ғана емес, сондай-ақ білімдерді игеру, оларды бекіту, берік
ережелерді қалыптастыру тәсілі болады. С.Л. Рубинштейннің
меңгерудің осы кезеңінде
білімдерді игеру оқуға емес, басқа
практикалық мақсаттарға бағытталған деген пікірі орынды.
Бҧл
«білімдер мен іскерліктер ӛзге сапаға ие болатын ӛмірлік контекст».
Берілген меңгерудің кең тҥрдегі схемасы,
оқу материалымен
алғашқы кездесуден бастап оны практикада тҥрлі жағдайларда
қолдануға дейін меңгерудің жалпы стратегиясы болып табылады. Ол
психологиялық-дидактикалық тҧрғыда неғҧрлым жетілдірілген П.Я.
Гальперинның, Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасуын
сатылап басқарудың нақты схемасымен салыстырылуы мҥмкін. Н.Ф.
Талызина кӛрсеткендей [208, 71-72 б.], қарастырылып отырған теория
меңгеру процесінде принципиалды жаңа
әрекеттердің бес кезеңін
бӛледі. Бірінші, танысу кезеңінде оқушылар әрекет мақсаты жайлы
қажетті тҥсіндірмелерді алады. Оларға әрекетті орындауда неге
бағдарлану керектігін, оны қалай орындау керектігін кӛрсетеді. Екінші
кезеңде – материалдық (немес материалданған) әрекетте
2
оқушылар оны
орындайды, бірақ әзірге сыртқы, материалдық, кең тҥрдегі
қалыбы
бойынша. Бҧл кезең оқушыларға әрекет мазмҧнын (барлық операциялар
қҧрамы, орындау ережесі) меңгеруге, ал ҥйретушіге – әр әрекетке енетін
операциялардың орындалуына объективті бақылау жҥргізуге мҥмкіндік
береді. Мҧндай жағдайда, зерттеулердің кӛрсетуінше
оқушылардың
барлығы берілген әрекеттерді игеріп алады.
Әрекет мазмҧны меңгерілгеннен кейін, оны ҥшінші кезең –
сыртқы сӛйлеу кезеңіне ауыстыру қажет, мҧнда әрекеттің барлық
элементтері сыртқы сӛйлеу тҥрінде берілген (ауызша немесе жазбаша).
Әрекет ары қарай жалпылаудан, қысқартудан ӛтеді, бірақ әлі
автоматтандырылмаған. Тӛртінші кезең – «іштей сыртқы сӛйлеу»
кезеңі: әрекет іштей айту формасында орындалады. Ол
ары қарайғы
жалпылау мен жинақтау параметрлері бойынша ӛзгерістерден ӛтеді.
Біржолата әрекет болу бесінші – ақыл-ой кезеңінде жҥзеге асады.
Әрекет ішкі сӛйлеу формасында орындалады, максималды тҥрде
қысқарады, автоматтандырылады [208, 71-72 б.].
2
Екінші және кейінгі кезеңдердің атауы әрекет қалыптарының атауымен сәйкес келеді. Алайда,
әрекет қалыбы тҥсінігін және оның қалыптасу кезеңдерінің мазмҧны тҥрліше: әрекет қалыптарының
алмасуы оның тек бір параметр бойынша ӛзгеруін сипаттайды, кезеңдер болса тӛрт параметр бойынша да
ӛзгеруді есепке ала отырып бӛлектенеді (Н.Ф. Талызина).