***
Оқу мотивациясы, мотивациялардың ерекше тҥрі бола отырып,
кҥрделі қҧрылымымен сипатталады, оның формаларының бірі ішкі
(ҥрдіс пен нәтижеге бағдарланған) және сыртқы (сый, келеңсіздіктерді
туғызбау) мотивациялар қҧрылымы болып табылады. Оқу
мотивациясының оның тҧрақтылығы, интеллектуалдық даму деңгейі
және оқу іс-әрекетінің сипатымен байланысы сияқты сипаттамалары аса
маңызды.
Ӛ з і н - ӛ з і т е к с е р у г е а р н а л ғ а н с ҧ р а қ т а р
1. Мотивациялық
бағдарлардың
(ҥрдіске,
нәтижеге,
сыйға,
келеңсіздіктерді туғызбауға
) қайсысы мотивацияның ҥлкен тҧрақтылығын
анықтайды?
2. Қандай тҥрткілерді ішкі және сыртқы деп атайды?
3. А. Маслоудың мотивациялық ҥшбҧрышының қандай қажеттіліктері
оқу іс-әрекетінің табыстылығымен байланысты болуы мҥмкін?
Ә д е б и е т
Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации
учения. М., 1990.
Маркова А.К., Орлов А.Б., Фридман Л.М. Мотивация учения и ее
воспитание у школьников. М., 1983.
Нюттен Ж. Мотивация // Экспериментальная психология / Ред.-сост.
П. Фресс, Ж. Пиаже / Пер. с франц. М., 1986. Гл. XV.
Орлов Ю.М., Творогова Н.Д., Шкуркин В.И. Стимулирование
побуждения к учению. М., 1988.
221
3 тарау. Меңгеру – ҥйренуші
іс-әрекетінің орталық буыны
§ 1. Меңгерудің жалпы сипаттамасы
Меңгеруді анықтаудағы келістер
Меңгеру оқытудың (оқу, оқу іс-әрекеті) барлық теорияларының,
тіпті ол жеке процесс ретінде ажыратылғанына немесе оқумен
теңестірілгеніне қарамастан, негізгі тҥсінігі болып табылады. Меңгеру
ӛз тарапынан кҥрделі, кӛп мәнді тҥсінік бола отырып, тҥрлі позициялар,
тҥрлі бағыттар кӛзқарасы тарапынан тҥсіндірілуі мҥмкін.
Біріншіден, меңгеру – «ӛзіне телу» арқылы адамның даралық
тәжірибені тауып алуы, А.Н. Леонтьев терминдерінде әлеуметтік-
мәдени қоғамдық-тарихи тәжірибені білімдердің, мағыналардың,
әрекеттің (сондай-ақ іскерліктер мен дағдылардың) жалпыланған
тәсілдерінің, адамгершілік нормалардың, мінез-қҧлықтың этикалық
ережелерінің жиынтығы ретінде қалыптастыру жолдары, механизмі.
Осындай меңгеру адамның бҥкіл ӛмір сҥру барысында бақылауы,
жалпылауы, шешім қабылдауы және ӛз әрекеттері нәтижесінде жҥзеге
асады. Бҧл жерде ӛз әрекеттері қалай жҥргені – ӛздігінен бе, әлде білім
беру жҥйелерінің арнайы жағдайларында ма, ол маңызды емес.
Екіншіден, меңгеру – адамның кҥрделі интеллектуалдық іс-
әрекеті, оған материалды қабылдауды, мағыналық ӛңдеуді, сақтау мен
қайта ӛңдеуді қамтамасыз ететін барлық таным процестері (сенсорлық-
перцептивтік, мнемологиялық) жатады.
Ҥшіншіден, меңгеру – бҧл оқудың, оқу іс-әрекетінің нәтижесі. Оқу
материалының меңгерілуінің беріктігі, жҥйелігі, сапалығы туралы
айтқан кезде зерттеушілер кӛбінесе дәл нәтижелік жақты есепке алады.
Оқу іс-әрекетіне қатысты С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру, оның
мазмҧны, «оқыту процесінің орталық бӛлігі» ретінде болады. Онымен
қоса, В.В. Давыдов бойынша, «ғылыми білімдерді және оған сәйкес
іскерліктерді меңгеру іс-әрекеттің негізгі мақсаты және басты нәтижесі
ретінде болады» [43, 76 б.].
Ең жалпы тҥрде меңгеру алынған білімдерді қабылдау, мағыналық
ӛңдеу, сақтау және оларды практикалық және теоретикалық міндеттерді
орындаудың жаңа жағдайларында пайдалану, яғни осы білімдерді,
олардың негізінде жаңа міндеттерді орындай алу іскерлігі формасында
пайдалану ретінде анықталады. С.Л. Рубинштейн анықтамасы бойынша,
«білімдерді берік меңгеру процесі – оқыту процесінің орталық бӛлігі.
222
Бұл психологиялық ӛте күрделі процесс. Оның еске және есте сақтау
беріктігіне ешқандай қатысы жоқ. Оған материалды қабылдау, оның
мәнділігі, оны есте сақтау және игеру қосылады, яғни мұнда оны кез-
келген жағдайда еркін пайдалануға, түрліше қолдануға мүмкіндік
беретін игеру болып табылады» [194, 2 т., 84 б.].
Меңгерудің осы анықтамасына Дж. Брунердің тҥсіндірмесі
жақынырақ. Ол игеруді бір ҥш мезгілде жҥретін процестер ретінде
қарастырады: жаңа ақпаратты алу; қайта қҧрастыру; ақпаратты міндетті
орындауға бейімдеу және тексеру, бақылау [34, 370-371б.]. Дж. Брунер
елеулі мӛлшерде меңгеру мен оқу іс-әрекетін теңестірсе де, осы
процестің кҥрделігі мен фазалығын атап кӛрсеткені айқын.
Достарыңызбен бөлісу: |