И. А. Зимняя педагогикалық психология


Қарым-қатынас сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет179/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Қарым-қатынас сипаттамасы 
 
Қарым-қатынастың жалпы сипаттамаларын, ары қарай осы 
позиция тҧрғысынан ҥйренушілер мен ҥйретушілердің (мҧғалім мен 
оқушылардың, оқытушы мен студенттердің) қарым-қатынасын 
сипаттайтындай етіп қарастырайық. 
Тілдік қарым-қатынас процесінің формалды жағы А.А. Холодович 
суреттеген тілдік мінез-қҧлық типологиясының негізінде сипатталынуы 
мҥмкін. Ол тілдік акттің сәйкестендірілуінің бес бинарлық белгілерін 
ҧсынды: білдіру қҧралы, коммуникативтілік, бағдарланғандық, 
квантификативтілік, контакттілік [226]. Мысалға, «білдіру қҧралы» 
белгісі бойынша қарым-қатынас дыбыстық немесе жазбаша болуы 
мҥмкін. «коммуникативтілік» белгісімен автор серіктің болу немесе 
болмауын белгілейді және де бар болған жағдайда – не тікелей (мысалы, 
диалог), не жанама коммуникативтілікті белгілейді – делдар арқылы, 
ҥшінші адам арқылы (мысалы аудару). «Бағдарланғандық» не 
ауыспалықты (біреу сӛйлейді, басқасы (басқалары) тыңдайды), не 
ӛзаралық (екі әңгімелесуші кезек-кезек сӛйлейді және тыңдайды). 
«Квантификативтілік» тыңдаушылар санын (біреу – кӛп) және 
қабылдаушы жақ сипатын анықтайды. А.А. Брудный терминологиясы 
бойынша осыған байланысты қарым-қатынастың екі тҥрін ажыратады: 
аксиалды және ретиалды (желілік). «Контактілік» белгісімен кӛз 
алдында әңгімелесушінің болуын не жоғын белгілейді. Аталған 
белгілердің ҥйлесімі бойынша теоретикалық тҥрде тілдік қарым-
қатынастың 32 тҥрі болуы мҥмкін. Осы тҧжырымдама терминінде 


315 
педагогикалық қарым-қатынас кӛпшілігінде дыбыстық, тікелей, 
контактілі, ауыспалы (ол ӛзара болуы керек), бҧқаралық және аксиалды-
ретиалды ретінде сипатталауы мҥмкін.
Қарым-қатынасты, қалай дегенмен де, бір-бірімен психологиялық 
қатынаста байланысқан адамдар арасындағы мақсатты, тура немесе 
қайсы бір қҧралдармен жанамаланған контакт орнату және қолдау 
процесі ретінде анықтай отырып, А.А. Леонтьев оның келесі 
сипаттамаларын бӛледі: контактілік, бағдарланғандық, бағыттылық
арнайы семиотикалық пен процестің психологиялық динамикасы. 
Соңғы редакцияда олар А.А. Леонтьев бойынша аранайы семиотикалық 
және 
жанамалылық 
дәрежесі, 
қарым-қатынас 
бағдары 
мен 
психологиялық динамикасы ретінде анықталған [109, 65-78 б.]. Бҧл 
жерде бҧрынырақ аталған сипаттамалардың кейбіреуін ол жаңа 
мазмҧнға толтырады. Мысалға, бағыттылықтың екі жақты табиғаты 
белгіленеді: адамдардың ӛзара әрекеттесу ерекшеліктерін ӛзгертуге 
және олардың ӛздерінің ӛзгеруіне бағыттылық.
Бағдарды анықтау кезінде ақпарат алмасу бағыты ғана емес, 
сондай-ақ бағдарланудың ӛзінің бағыттылығының әлеуметтік немесе 
тҧлғалық табиғаты да белгіленеді. Осы негізде А.А. Леонтьев, Б.Х. 
Бгажноков қарым-қатынастың екі типін бӛліп кӛрсетеді – тҧлғаға 
бағдарланған 
және 
және 
әлеуметтік 
бағдарланған. 
Олар 
коммуникативтік, функционалдық, әлеуметтік-психологиялық және 
тілдік қҧрылыммен ажыратылады. Әлеуметтік бағдарланған қарым-
қатынастағы айтулар кӛптеген адамдарға арналады және әркімге де 
тҥсінікті болуы керек. Сондықтан да оларға толыққандылық
дамығандық, ашықтық, дәлдік және жоғары мәдениет талаптары 
қойылады. Қарым-қатынастың арнайы семиотикалық мазмҧны барлық 
қҧралдардың – вербалды және вербалды еместердің бірігуінің – тілдік 
әсер ету тиімділігін жоғарлату ҥшін маңыздылығын айрықша кӛрсетеді. 
Контакттілік айтылып тҧрған хабардың уақыт пен кеңістік бойынша 
жақындығы мен оның қабылдану дәрежесі бойынша қарастырылады. 
Қарым-қатынастың маңызды сипаттамасы оның психологиялық 
динамикасы болып табылады, ол сӛздік әсер ету ерекшеліктерімен 
анықталады.
Сӛздік ақпараттың адам психикасына әсер ету дәрежесі мен 
сипаты қандай болуына байланысты келесілерді бӛледі: хабарлау
сенімін жеткізу және сендіру [163]. Осы сипаттамалар бойынша А.А. 
Леонтьевтің ізінше лекцияны «онда қолданатын құралдар сипаты 
және әлеуметтік жанамалануы бойынша тұлғааралық қарым-


316 
қатынасқа таяу (әңгіме) түрлі психологиялық динамикалы» әлеуметтік 
бағдарланған қарым-қатынас ретінде анықтауға болады [108, 12 б.]. 
Аталғандарға қарым-қатынастың тағы екі сипаттамасын қосуға 
болады: тҧлғалылық, ӛкілділік кӛрнекіліктік және кӛпақпараттылық. 
Біріншісімен сӛйлеушінің (мҧғалімнің немесе оқушының) мәтіндегі 
субъекттік кӛрінісі белгіленеді, екіншісімен – тілдік қарым-қатынастың 
кӛп жоспарлығы белгіленеді, мҧнда бір мезгілде оның барлық 
сипаттамалары жҥзеге асырылады (мазмҧндық, мәнерлік, әсер 
етушілік), тҥрлі деңгейлері бейнеленеді (пәндік, мағыналық және т.б.).
Кӛрнекіліктің әлеуметтік табиғаты былайша анықталады: адамдар 
арасында пәнсіз қарым-қатынас болмайды, ол әрқашанда мазмҧнды, 
тарихи нақты болып келеді және де «... тек қоғамдық іс-әрекет пен 
қатынастардың белгілі бір түрінде – ӛндірістік-техникалық, 
экономикалық, саяси, адамгершіліктік және т.б. қандай да бір нақты 
себеп бойынша бола алады» [38, 16 б.]. Іс-әрекеттің осы тҥрлеріне 
қарым-қатынас әсер етеді және одан кӛрінеді. Кӛрнекілік кез-келген 
қарым-қатынасқа араласушылардың, мысалы, мҧғалімнің (оқытушы-
ның) 
және 
оқушылардың 
(студенттердің) 
даралық-тҧлғалық 
ерекшеліктерін, олардың мәдениет деңгейін, жасын, жынысын және 
қызығушылықтарын, қажеттіліктерін, талғамдарын, бейімділігін және 
т.б. бейнелейтінін ҧйғарады. Тілдік қарым-қатынасты, оның негізгі 
формаларын, қарым-қатынас ӛнімін талдау ерекше мәнге ие, ол осы 
қарым-қатынасты жҥзеге асырушы адамдар қатынасатын әлеуметтік-
қоғамдық қатынастарды да, олардың тҧлғалық ерекшеліктерін де ашуға 
мҥмкіндік береді.
Қарым-қатынастың кӛп ақпаратттылық сипаттамасының да 
маңыздылығы кем емес. Ол вербалды қарым-қатынас жасау процесінде 
берілетін тілдік хабарлама кҥрделі коммуникатитвтік-пәндік мазмҧнға 
ие, ол ӛзіндік мазмҧндық, мәнерлік және тҥрткі болушы тҧрғыдағы
айтулардың бірлігі болып табылады. Әрине, олардың әрқайсысы азды 
кӛпті мӛлшерде айқын кӛрінуі мҥмкін, бірақ олардың ішкі бірлігі 
вербалды 
(тілдік) 
қарым-қатынастың 
адамдардың 
қоғамдық-
коммуникативтік іс-әрекетіндегі кӛп ақпараттылығын анықтайды. 
Осылайша, тілдік (вербалды) қарым-қатынас кем дегенде жеті 
сипаттамамен суреттеледі: контакттілік, бағдарлылық, бағыттылық, 
семиотикалық 
мамандандыру, 
динамика, 
кӛрнекіліктік, 
кӛп 
ақпараттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет