Даралық-психологиялық қиындықтар аймағы
Қарым-қатынас серіктерінің жеке-психологиялық ерекшеліктері
(мҧғалімнің де (оқытушының), оқушылардың да (студенттердің))
кӛбінесе коммуникативтік қиындықтардың себебі болады. Оның
тҥсіндірілуі, біріншіден, осы қиындықтар кем дегенде ҥш кҥштердің
ӛзара байланысы мен ӛзара әрекеттерінің нәтижесі: мҧғалімнің
(оқытушының),
оқушының
(студенттің)
даралық-психологиялық
ерекшеліктері және олардың бір-бірін қабылдауы. Е.А. Климов атап
кӛрсеткендей,
адамдардың
жеке-психологиялық
ерекшеліктерін
бейнелейтін іс-әрекеттің даралық стильдерінің сәйкес келуі олардың
337
қиналмай қарым-қатынас жасауларының негізгі шарттарының бірі.
Екіншіден, педагогикалық қарым-қатынастағы бҧл қиындықты педагог
тарапынан ӛзінің қарым-қатынасқа жағымсыз әсер етуші даралық-
психологиялық ерекшеліктерін саналы тҥрде тежеудің, реттеудің
жоқтығымен тҥсіндіруге болады, мысалға ашушаңдық, артық
эмоционалдық, сындарлық, скептицизм және т.б. сияқты ерекшеліктер.
Бҧл жағдай, мҧғалімнің ӛзін жеке позициясының кӛрінісі болуымен
шиеленіседі, оған сәйкес ол ӛзінің жеке, эмоционалдық тҧрғысынан
«табиғи» болуы тиіс. Қарым-қатынасқа неғҧрлым кӛп әсер ететін (және
де қарым-қатынастың осы ерекшеліктерінің мҥлдем болмауы немесе
сәйкес болмауы жағдайында қиындықтар тудырушы) серіктердің жеке-
психологиялық ерекшеліктерінің ішінде белгіленетіндер: коммуника-
тивтілік (сӛйлескіш), контакттілік, эмоционалдық, ҧстамдылық,
импульсивтілік (реактивтілік), экстра-, интроверттілік, бақылау локусы
(экстер-интерналдық), реакциялардың ішкі- және сыртқы кінә
тағушылығы, когнитивті стиль ерекшеліктері, әлеуметтік перцепцияның
жеткіліксіздігі және т.б.
Қарым-қатынасқа әсер етуші жеке-психологиялық факторлардың
ішінде неғҧрлым зерттелінген экстраверсия – интроверсия болып
табылады. Бҧл, біріншіден, қарым-қатынастың осы сипаттамаларымен
тікелей және айқын шартталғандығымен тҥсіндіріледі. Екіншіден,
Айзенк сҧрақтамасы бойынша оларды анықтау әдістемелерінің
ықшамдылығы мен жаттықтырылғандығының арқасында олар жан-
жақты зерттелген. Ҥшіншіден, осы факторлар К. Юнг беделінің
арқасында қызығушылық тудырады, ӛйткені К. Юнг интроверт оның
басқаларға емес, ӛз-ӛзіне, ӛзінің ішкі дҥниесіне бағытталғанынан жақсы
педагог бола алмайды деген. К. Юнгтің пікірі зерттеушілердің назарын
аудартып және осы проблеманы зерттеу қажеттілігін тудырмай
қоймады. Осылайша, педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің
арасында және жаңа бастап келе жатқан мҧғалімдердің арасында
керісінше интроверттердің кӛп екені кӛрсетілді (Л.А. Хараева). Бірақ
бҧл олардың педагогикалық іс-әрекеті сәтсіз болады немесе олар ӛзгеруі
керек деген сӛз емес. Бірнеше жыл табысты жҧмыс істеуші
мҧғалімдердің кӛпшілігі – амбиверттер, бҧл іс-әрекеттің ӛзінің даралық
ерекшеліктерінің ӛзгеруіне әсер ететінін растайды. Сонымен бірге,
зерттеулер кӛрсетуінше қарым-қатынастың позитивті сипаты–
экстраверттілік те – қарым-қатынас десинхронизациясына
әкелуі
мҥмкін (Е.В. Цуканова).
Сӛйлеушіде де, тыңдаушыда да қарым-қатынастың белгілі бір
қиындықтарын тудыратын даралық-психологиялық факторларға іс-
338
әрекеттің когнитивті стилі жатады. Бҧл танымдық, ең алдымен
талдамалық-синтетикалық (С.Л. Рубинштейн) іс-әрекет ерекшеліктері-
нің, семантикалық есті ҧйымдастырудың, тезаурус қҧрылымының,
әрекет пен шешім қабылдау қҧралдары мен тәсілдерін таңдау
стратегияларының ерекшеліктерінің тҧтас бір жҥйесі. Когнитивті стиль,
кез-келген басқа да даралық стиль сияқты, танымдық іс-әрекеттің
ӛзгермелі жағдайларында, соның ішінде коммуникативтік жағдайларда
кӛрінетін
тҧрақты
ерекшелігі.
Когнитивті
стильдің
негізгі
сипаттамаларының бірі когнитивтік қҧрылымдардың, дҥние суреті мен
бейнесінің сараланып жіктелінуінің дәрежесі екені атап кӛрсетіледі
(Г.А. Берулава). Екі жақты (полярлы) когнитивті стильдер бӛлінеді –
жоғары және тӛмен дифференциациялы. Кӛптеген зерттеулер, тӛмен
психологиялық дифференциациялы субъекттер даралыққа қарағанда
тҧлға аралық және топтық іс-әрекетті қалайтынын, олардың қарым-
қатынаста табыстырақ болатынына куәландырады (Н.П. Иванов).
Сонымен қатар, когнитивтік қҧрылымы жоғары дифференциациялы
адамдардың басқа адамды жақсы тҥсінетіні кӛрсетілген.
Эмоционалдық реттеудің тӛменгі деңгейі (немесе оның қарым-
қатынаста мҥлдем болмауы) елеулі қиындықтар тудырады, ол қарым-
қатынас серіктерінің бір-біріне, мәтінге, бҥкіл коммуникативтік
жағдайға қадағаланбайтын реакцияларынан кӛрінеді. Стрессор ретінде
іс-әрекет, серігі немесе сӛйлеушінің ӛзі болуы мҥмкін (Н.В. Витт).
Осыған байланысты қарым-қатынастың жалпы сарындылығы, мәтіннің
интонациялық, лексико-грамматикалық сипаттамасы, вербалды емес
қҧралдар ӛзгереді. Олай болса, интеллектуалдық, аффективтік
(эмоционалдық), еріктік, мінез-қҧлықтық, тҧлғалық кӛрінулерді
қамтитын
жеке-психологиялық
ерекшеліктер
қарым-қатынасты
жеңілдетуі де қиындатуы да мҥмкін деуге болады. Педагогикалық
қарым-қатынаста қиындықтар туғызатындардың барлығы адамның осы
іс-әрекетке лайық болуының кәсіби қажетті шарты ретінде саналы
тҥсінудің және коррекцияның пәні болуы тиіс.
Қарым-қатынас серіктерінің даралық-психологиялық ерекшелік-
терінің осы процеске ықпалын белгілей отырып, зерттеушілер
акцентуацияланбаған адамдарды назарға алады. Мінез, тҧлға акцентуа-
циясы (К. Леонгард, А.Е. Личко) – жекеленген қырлардың, тҧлғалық,
сипаттамалық кӛріністердің (интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік,
мінез-қҧлықтық) шектен тыс кӛрінуі. Қазіргі кезде мінез (тҧлға)
акцентуациясының
13
типі
бӛлінген,
олардың
әрқайсысы
коммуникативтік кӛріністердің жалпы мінез-қҧлықтық ӛзгешелігіне ие:
-
циклоидты – кӛңіл-кҥй фазаларының алмасуымен;
339
-
гепертимді – ҥнемі кӛңіл кҥйдің жоғары болуы;
-
лабилдік – кӛңіл-кҥйдің кҥрт ӛзгеруі;
-
астеникалық, оған тән ашушаңдық, шаршағыштық, депрессияға
бейімділік;
-
сензитивті – оған ӛзін толымсыз сезінудің асқынуы, жоғары
әсерленгіштік тән;
-
психоастеникалық – жоғары мазасыздық, ӛзін-ӛзі талдауға,
кҥдіктенуге, пайымдауға бейімділік;
-
шизоидты кейіп, оған тҧйықтық, интроверсия, байланысқа
тҥспеушілік, эмпатияның болмауы тән;
-
эпилоидты
кейіп,
ол
қақтығысшылдықпен,
ойлаудың
тҧтқырлығымен, артық педанттылықпен, жабырқаңқы кӛңіл-кҥймен
сипатталады;
-
параноялдық (параноидты) кейіп, ӛкпешілдікпен, ҥстем болуға
ҧмтылумен, басқалардың пікірін қабылдамаумен, теріс әсерлердің
тҧрақтылығымен, жоғары қақтығыстықпен ерекшеленді;
-
истероидті кейіп, ӛзіне назар аудартуға ҧмтылумен, қиялдау-
мен, қуланумен, жалғандықпен сипатталады;
-
дистимдік – депрессияға, тӛмен, қабағы ашылмайтын кӛңіл-
кҥйге бейім;
-
тҧрақсыз – кӛңіл кҥйі оңай ауысатын, ықпалға тҥсіп кетуге
бейім;
-
конформды кейіп сыншылдықтың жеткіліксіздігімен, басқалар-
дың пікіріне тәуелділікпен сипатталады.
Акцентуацияның таза тҥрлері ӛте сирек кездеседі, кӛбінесе аралас
тҥрлер мен акцентуациясы айқын кӛрінбейтін тҥрлер кездеседі. Алайда,
акцентуацияланғандық кез-келген жағдайда қарым-қатынас сипатынан
кӛрінетіні анық. Осыған байланысты ол коммуникативтік жағдайға
сәйкес болмауы мҥмкін (тҥсінбеу, ашулану, қорлау, қарым-қатынасты
тоқтату). Педагог адам ретінде, ең алдымен, ӛзінің жеке-психологиялық
ерекшеліктерін, оқушылардың ерекшеліктерін білуі керек және қарым-
қатынастағы қиындықтардың алдын-алу ҥшін оларды есепке алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |