И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет23/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   210
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

барлық мәдениетті «тартады» соның нәтижесінде шығармашылық 
ұдайы ӛндіру үшін мазмұн және затқа ие болады және ӛзі 
мәдениеттің ерекше формасы мен бейнесіне айналады. «Дем» 
шығарғанда мәдениет социумға мәдени форма мен әрекет жасауға 
қабілеттілік беріп, ұдайы ӛндіріліп отырады» [197, 86 б.].
Мәдениет тҥрі (типі) ҧғымы мен мәдениет тҥрі деген анықтаманың 
ӛзі оқыту мен білім берудің сипатымен байланысты болғандықтан 
табысты болып табылады (мысалы, архаикалық, қазіргі заманғы 
мәдениет). М. Мид осы негіздеме бойынша мәдениеттің ҥш тҥрін 
ажыратады: постфигуративті, кофигуративті және префигуративті [141]. 
Постфигуративті мәдениетте (қарапайым қоғамдар, кішкентай діни 
қоғамдастықтар, анклавтар және т.б.) балалар ең алдымен, ӛздерінің 
алдындағылардан ҥйренеді. Осындай мәдениеті бар қауымдастықтарда 
билік М. Мид бойынша, ӛткенге негізделеді. Постфигуративті 
мәдениеттер дегеніміз ҥлкендердің ӛздері ешқандай ӛзгерістер елестете 
алмайды, сол себепті олар ӛз ҧрпағына ӛздері ӛткен «ӛмір 
сабақтастығының» тек жылжымас сезімін береді, бҧл – «олардың 
балалары ҥшін болашақ схемасы». Осындай мәдениетті сақтау ҥшін оны 
жҥзеге асырушы қарттар қажет. Мәдениеттің осындай тҥрі М. Мидке 
сәйкес, ӛркениеттің басына дейінгі мыңдаған жылдар бойы адамдар 
қауымдастығын сипаттайды [141, 322-323 б.]. 
Мәдениеттің осы тҥрінің кӛріністері қазір де шығайларда, 
анклавтарда, секталарда, дәстҥрлерде, ҧлттық болмыстарда орын алады.
Постфигуративті мәдениет балаларды оқытуда сәйкес әдістерді 
қолдануды ҧйғарады, яғни осыған дейін болғанға негізделу. М. Мид 
қомақты этнографиялық материалда балалар, жасӛспірімдер ӛз 
кҥштерімен немесе ҥлкендердің бағыттауымен жеке даму жолын 
шектеуден шығу жолдарын табады. Осындай жағдайдан шығу жолының 


44 
жоқтығы конфликт, невроздарға әкеліп соғады. Сол уақытта «осы 
мәдениетке тән тҧрақты болып кӛрінетін және ӛзгермейтін сабақтастық 
сезімі осы мәдениеттің моделінің негізіне салынды» [141, 335 б.].
Постфигуративті мәдениеттің негізгі ерекшеліктері М. Мид 
бойынша, «кҥмәндану мен ӛзіндік сана сезімнің болмауы», ол оның 
қазіргі уақытқа дейін жойылмай, ӛмір сҥргіштігінің кӛрінісі. 
Мәдениеттің осы тҥрінің табы білім беруде де, оның мазмҧнында, 
әдістері мен ҧйымдастырылуында ӛз кӛрінісін тапты.
Мәдениеттің кофигуративтік тҥрі бойынша, балалар да, ҥлкендер 
де ӛздерінің қҧрдастарынан ҥйренеді дегенді ҧйғарады. «Бұл 
мәдениетте берілген қоғамға жататын адамдардың мінез-құлығының
басымды моделі олардың замандастарының мінез-құлығы болып 
табылады» [141, 342 б.]. Алайда, мәдениеттің осы тҥрі норма, мінез-
қҧлықта ҥлкендерге еліктеу мағынасында постфигуративті мәдениетті 
де қамтиды. Кофигуративтік мәдениет таза кҥйінде ӛзін ҥлкендерсіз 
қалған қауымдастықта кӛрсете алады. «Бҧл аталар мен апалар жоқ 
қоғам» постфигуративтік мәдениеттің дағдарысын сипаттайды. «Бҧл 
дағдарыс әртҥрлі жолдармен пайда бола алады: тҧрғындардың 
барлығын жойып жіберетін апаттың салдары ретінде, әсіресе берілген 
қоғамды басқаруда ең маңызды рӛл ойнайтын ҥлкендердің жойылуы; 
ҥлкендерге беймәлім техниканың жаңа тҥрлерін дамыту нәтижесінде; 
…жаңа діни нанымға ауысқанда, онда жаңа дінинанымды ҧстанған 
ҥлкендер ӛз балаларын ӛздері балалық және жастық шағында ӛзіндік 
сана сезіммен ҧғынбаған жаңа идеалдар рухында тәрбиелеуге 
тырысады, немесе жастарға жаңа ӛмір салтын енгізуші ретінде ӛзін 
кӛрсеткен қандай да бір революцияны саналы тҥрде жҥзеге асыру» [141, 
343 б.].
Автордың постфигуративтік мәдениет дағдарысының соңғы екі 
жолы және оның кофигуративтіге ауысуы кӛпжағдайда ХХ ғ. аяғындағы 
қоғамның білім беруде кездесетін қиыншылықтарымен тҥсіндіріледі. 
Мысалы, АҚШ, Канада, Австралия, Израильдегі иммигранттардың 
ӛмірінің талдауының мысалында М. Мид жаңа ӛмір жағдайы тәрбие 
берудің жаңа әдістерін талап ететінін кӛрсетеді. Бҧл жағдайларда 
қҧрдастардың бірлесуі, қҧрдасымен сәйкестендіру, яғни жасӛспірім 
ҥшін маңызды оның әке-шешесі, ҥлкендер емес, оның қҧрдастыры 
болады.
М. Мид бойынша, нуклеарлық отбасы (ата-ана - балалар) 
кофигуративтік мәдениет жағдайына неғҧрлым бейімді, мҧнда білім 
беру сипатын ата-ана емес, мҧғалімдер және қҧрдастар анықтайды. М. 
Мид бҧл – американдық модель (білім жаңа мәдениет ӛкілдері мен жаңа 


45 
ғасыр адамдарын тәрбиелейді) және осы ҧрпақтар арасындағы 
ажырасуды тҥсіндіріетін абсолютті модель, ол «мҥлдем жаңа, глобалды 
және жалпыға ортақ». Алайда, Еуропада, Ресейдегі білім беру берілген 
ҥлгінің абсолютті еместігін, білім беру – бҧл ажырату формасы емес, екі 
тҥрлі мәдениетті сақтау және біріктіру және ол білім беруді жаңаша 
ҧйымдастыруда кӛрінеді, атап айтқанда ҧрпақтар арасынадғы 
ынтымақтастық педагогикасын қалыптастыруда кӛрінеді.
Префигуративтік мәдениет, мҧнда да «ҥлкендер ӛз балаларынан 
ҥйренеді», бҧл біз тҧратын уақытты кӛрсетеді, дейді М. Мид. Бҧл елесте 
алынатын мәдениет, бҧл болатын әлем. Білім беру балаларды ӛткендегі 
қҧндылықтарды сақтап және сабақтастыра отырып, осы жаңаға 
дайындауы қажет, себебі ҧрпақтар байланысы - ӛркениеттің тарихы. 
Мәдениеттің қоғамның қоғамдық-саяси қҧрылысымен байланысын атай 
келе, А.Г. Асмолов «пайдалылық мәдениеті» және «адамгершілік 
(абыройлық) мәдениеті» ҧғымын кіргізді. Пайдалылыққа бағдарланған 
пайдалылық мәдениеті немесе адамгершілік мәдениетінің «жалғыз 
мақсаты… - онда ешқандай ӛзгерістерсіз ӛзін-ӛзі ҧдайы ӛндіру: балалық 
шаққа берілген уақыт алынып тасталынады, қарттық шақтың 
қҧндылығы жоқ, ал білім беруге әлеуметтік жетімнің рӛлі ҧйғарылады, 
оның қажеттілігі оны жаттықтыруға кеткен, пайдалы қызметтік 
міндеттерді орындауға кеткен уақыт ҥшін ғана қажет» [19, 589 б.]. М. 
Мид бойынша, пайдалылық мәдениеті мен постфигуративтік 
мәдениеттің ӛзін ӛзгеріссіз сақтау тҧрғысынан біршама ҧқсастығы бар, 
алайда, олар оның пайдалылыққа бағдарлануында осы мәдениетті 
тасымалдаушылар ретіндегі ҥлкендерге қарым-қатынасы тҧрғысынан 
ӛте кӛп айырмашылығы бар.
Адамгершілікке бағдарланған мәдениеттің жаңа типі ҥлкен 
қызығушылық туғызады. «Мұндай мәдениетте тұлғадан қандай да 
болмасын бір істі орындауда бірдеме алу, алмауға байланыссыз 
жетекші құндылық адам тұлғасының құндылығы болып табылады. 
Адамгершілік мәдениетінде балалар, қарттар мен дамуында 
ауытқулары бар адамдар киелі адамдар» [19, 589 б.]. Адамгершілік 
мәдениеті білім берудің жаңа парадигмасын талап ететіні сӛзсіз - 
адамның ӛз абыройлылығы, бостандық сезімін, кәсіптік және жалпы 
білім берушілік (жалпы мәдениеттілік) қҧзырлылығын тәрбиелеуге 
бағытталған білім беру. Бҧл бҥкіл білім беру жҥйесінің мазмҧны мен 
ҧйымдастырушылық формасының тҥпкілікті ӛзгертуін талап етеді.
Жалпы ӛркениеттік мәдениеттің ішкі байланыстар проблемасы, 
атап айтқанда, оның дәстҥрлері, нормалары, таптаурындары 
(стереотиптері) және әлеуметтік қҧрылымдардың әртҥрлі тҥрлерінде 


46 
адамдардың ӛзара әрекеттесуін қоғамдық ҧйымдастыру мысалы, білім 
беруде психологиялық тҧрғыдан «ҥлкендер әлемі» және «балалық 
әлемі» қатынасының проблемасы ретінде қарастырылады (А.Б. Орлов). 
К. Роджерстің гуманистік психологиясы тҧрғысынан Я. Корчактың 
«қандай болғысы келсе, сондай болу – бала қҧқы» тезисін дамыту ҥшін 
А.Б. Орлов «қазір балаларды бҧрын ҥлкендердің істегені бойынша 
оқытып, тәрбиелеуге болмайды» деп тҥбегейлі қорытынды жасайды. 
[153, 102 б]. Ҥлкендер мен балалардың ӛзара әрекеттесуі мен ӛзара 
қатынасының мҥлдем басқаша негізі қажет. Білім берудің дәстҥрлі 
салынған принциптерін тҧжырымдай келе (білім беру мен тәрбие 
берудің бірлігі ретінде), А.Б. Орлов оған білім берудің гуманистикалық 
бағдарланған парадигмасына негізделген жаңа принциптерін қарама-
қарсы қойды.
Тӛменде қысқаша, салыстырмалы тҥрде қазіргі заманғы білім 
негізделетін және А.Б. Орлов бойынша, жаңа білім беру 
парадигмасының негізіне жататын принциптер келтіріледі. Білім беру 
парадигмасының 
гуманистикалық, 
«балалық 
әлеміне 
орталықтандырылған» принциптері білім берудің әзірше онша шынайы 
емес, біраз идеалдандырылған моделін ҧсынады (әсіресе, бҧл 
«бостандық», немесе «қоғамда ӛмір сҥріп, одан бос болу мҥмкін емес» 
принципіне қатысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет