Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы



Pdf көрінісі
бет15/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Қонақтық ОЖ квазиэмуляциялау технологиясы, қонақтық ОЖ 
нұсқауларының барлығы бірдей хосттық операциялық жүйе құралдары 
арқылы эмуляциялауды талап етпейтіндігіне негізделген. «Қонақтық» 
қосымшалардың дұрыс жұмыс істеуіне қажетті нұсқаулардың кӛпшілігі, 
хосттық ОЖ тікелей нақты адрестелген болуы мүмкін. 
Виртуаландыру болмаған жағдайда әрбір қосымшаға бӛлек 
физикалық машиналар арналған болар еді. Оның нәтижесінде әрбір 
машинада пайдаланылмайтын ресурстар пайда болады. Зерттеу нәтижелеріне 
жүгінсек, жобаланған қуаттың 35% - на дейін пайдаланылмайды екен. 
Виртуалдандырудың кӛмегімен бір машинаның ӛзіне бірнеше ОЖ және 
сәйкес қосымшаларын іске қосуға, сонымен бірге бағдарламалардың қажетті 
деңгейде оқшаулануын сақтап қалуға болады . 
Басты 
талаптардың 
бірі 
виртуалды 
машина 
орнатылған 
компьютердің бірнеше ОЖ–лерге қызмет кӛрсетуге қуаты жеткілікті болуы 
керек. Виртуалды машинаны күнделікті жұмыста пайдалану үшін
компьютердің конфигурациясы да қуатты болу керек, яғни әр операциялық 
жүйе үшін әр түрлі компьютер сатып алғаннан гӛрі бірнеше ОЖ–ге бір ғана 
қуатты компьютерді алса жеткілікті.
Кӛптеген жҥйелік админстраторлар операциялық жүйені орнатар 
алдында және желі серверін жаңартуда виртуалды машинаны пайдаланады. 
ВМ қолданбалы бағдарламада жұмыс жасап отырған пайдаланушыға желілік 
бағдарламалық жабдықты да ұсына алады.
 
 
 
 


22 
2-ШІ ТАРАУ.  КОМПЬЮТЕР ӚНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ 
 
§1.2.1 Компьютердің аппараттық құрылымын жетілдіру 
Ӛткен ғасырдың соңғы жылдарынан бастап микроэлектроника ӛте 
үлкен қарқынмен даму үстінде. Оған, дербес компьютерлердің ӛнімділігінің 
әрбір бір-екі жылда бірнеше еселеп ұлғайып келе жатқаны куә. Осы ретте, 
бүгінгі күнгі жаңа компьютерлердің ӛнімділігінің ӛте шапшаң ӛсуі осы 
себептерге ғана байланысты ма деген сұрақ туындайды. Тарихи фактілерге 
назар аударып, қарапайым салыстырулар жүргізіп кӛрелік.
1949 жылы пайдалануға берілген алғашқы компьютерлердің бірі – 
EDSAC (тактілік уақыты 2 микросекунд), шамамен секундына 100 
арифметикалық операция орындай алған болса, 2001 жылғы HP Superdome 
суперкомпьютерінің (тактілік уақыты 1,3 нс, процессоры РА-8700, 770 мгц), 
ӛнімділігі шамамен секундына 190 миллиард арифметикалық операцияны 
құраған. 
Бұдан не кӛріп тұрмыз? Соңғы жарты ғасырда, компьютердің ӛнімділігі 
шамамен екі миллиард есе артқан. Ал тактілік уақытының 2 мкс-тан 1,3 нс-ке 
дейін кемуіне байланысты ӛскен жылдамдықтан ұтысы бар болғаны шамамен 
1500 есе ғана. Бұл цифрді микроэлектрониканың ӛркендеуімен 
байланыстырамыз. Енді қалған ӛсім қайдан алынды? Бұның жауабы айқын – 
компьютер архитектурасында жаңа инновациялық шешімдерді пайдалану, 
және бірнеше әрекеттерді бір мезгілде орындай алу идеясына негізделген 
мәліметтерді параллель ӛңдеу принципін қолдану. 
Алайда, компьютер архитектурасындағы кездесетін параллельділік 
формаларының кӛптігіне қарамастан мәліметтерді параллель ӛңдеудің 
негізінен екі түрін ғана бӛліп кӛрсетуге болады: параллелділік және 
конвейерлік. Осыларға қысқаша тоқталып ӛтелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет