19
ВМ технологиясы - бір компьютерде бір уақыт мезетінде бірнеше ОЖ
орнатуға мүмкіндік береді. Яғни компьютерді ӛшіріп қоспай–ақ онда
орнатылған бірнеше ОЖ–лер арасында виртуалды түрде бірінен біріне
ауысуға
және жұмыс істеуге болады.
Виртуалды машиналарды пайдалану арқылы пайдаланушылар
кӛптеген артықшылықтарға ие болады.
Атап айтқанда, жұмыстың
қауіпсіздігіне, шығынның азаюына, уақыттың үнемделуіне т.с.с. қол
жеткізуге болады. Сондықтан болар виртуалды
машинаны құрастырудың
қажеттілігі туындап, оларды қайта жасаудың екінші кезеңі жүріп жатыр десе
болады.
Intel х86 платформасында виртуалды машина технологиясын
жасаушы компания VMware. Оны Стэндфорд университеті базасында
профессор Мендель Розенблюм және оның әйелі Диана Грин 1998 жылы
құрастырған болатын. Компания IA - 32 виртуалдандыру жүйесі үшін Virtual
Platform
технологиясын құрастырды, ал 1999 жылы Linux операциялық
жүйесі үшін ең алғашқы VMware Workstation виртуалды машинасын
жарыққа шығарды.
Виртуалды машина – бұл арнайы
бағдарламалық құралдардың
кӛмегімен жасалған қандай да бір виртуалды есептеу ортасының
(«виртуалды компьютердің») нақты кӛшірмесі. Қазіргі кезде виртуалды
машина жасауға және оны басқаруға Microsoft
компаниясының Virtual PC
2004, VMware компаниясының VMwareWorkstation, Parallels компаниясының
Parallels Workstation құралдары қолданылуда.
Достарыңызбен бөлісу: