Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет56/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

р
– 1 түріндегі жай сандар, мұндағы р – жай сан. 2001 жылдың 
ноябрь айында бұл жоба аумағында бүгінгі күнге максимал болатын Мерсен 
саны табылды 2
13 466 917
– 1. Бүкіл әлем бойынша ондаған мың компьютерлер 
ӛздерінің есептеу ресурстарының мүмкін бӛліктерін бере отырып бұл есепті 
шешу үшін екі жарым жылдай жұмыс істеді. Electronic Frontier Foundation 
ұйымы 10 миллион цифрдан тұратын Мерсен жай санын тапқандарға 
100 000$ приз ұсынады. Жобаның адресі http:// Mersenne.org/. 
Алғашқыда Globus жобасы, Аргон ұлттық зертханасында басталып, 
қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзіне кең таралған. Жобаның мақсаты, ауқымды 
ақпараттық-есептеу ортасын ұйымдастыру үшін құралдар жасау. Жоба 
аумағында бағдарламалық құралдар мен жүйелердің тұтас қатары 
құрастырылды. Оларға, жүктеме таратылуының әртүрлі жергілікті 
жүйелерінің 
біркелкі 
интерфейсі, 
аутентификация 
жүйесі, 
Nexus 
коммуникациялық кітапханасы, бақылау және мониторинг құралдары және 
т.б. жатады. Құрастырылған құралдар Globus Toolkit пакеті түрінде негізгі 
мәтінімен еркін таратылады. Қазіргі уақытта Globus кӛптеген басқа үлкен 
жобаларда негізге алынған: National Texnology Grid, Information Power Grid 
және European Date Grid. Қосымша ақпаратты http://www.globus.org/ 
сайтынан табуға болады. 
Соңғы жылдардағы желілік технологиядағы прогресс ӛте зор. 
Жүздеген, мыңдаған километрге таралған компьютерлер арасындағы 
гигабиттік байланыспен ешкімді таңқалдыра алмайсыз. Түрлі есептеу 
жүйелерін бірегей желі аумағында біріктіріп, арнайы есептеу ортасын 
құрастыруға болады. Қандай да бір компьютерлер қосылуы немесе 


102 
ажыратылуы мүмкін, бірақ пайдаланушы кӛзқарасымен бұл виртуалды орта 
бірыңғай метакомпьютер болып табылады. Бұндай ортада жұмыс істей 
отырып, пайдаланушы есепті шығару үшін тек қана тапсырма береді, ал 
қалғандарын метакомпьютер ӛзі істейді: қолжетімді есептеу ресурстарын 
іздейді, олардың жұмыс істеу қабілетін қадағалайды, деректерді жібереді, 
қажет болса деректерді компьютер форматына ӛзгертеді, т.б. Пайдаланушы 
есепті шешуде қандай компьютердің ресурстары пайдаланылып жатқанын 
білмеуі де мүмкін. Ал оны жиі біліп тұрудың қажеті бар ма? Егер қандай да 
бір есепті шешу үшін есептеу қуаты талап етілсе, сіз метакомпьютерге 
қосыласыз, тапсырма бересіз және нәтижесін аласыз.
Мұнда электр желісімен толық дерлік ұқсастық бар десе болады. 
Телевизорды розеткаға қоса отырып, сіз электр энергиясын қандай станция 
ӛндіріп жатқанын ойланбайсыз да. Сізге ресурс керек, сіз оны пайдаланасыз. 
Электр желісіне ұқсастығына қарай, ағылшынтілді әдебиетте таратылған 
есептеуіш орта Grid немесе «есептеуіш желі» атына ие болды. Бұдан ары, 
Grid және метакомпьютер сӛздерін синоним ретінде пайдаланатын боламыз. 
Электр желісімен ұқсастығын жалғастыра отырып, метакомпьютерге 
оның атын ғана емес, пайдаланушымен арасындағы ара-қатынастың сол 
сияқты қарапайым тәсілін де ауыстырса дұрыс болар еді. Бірақ осы жерде 
метакомпьютерді құрастырудың және ұйымдастырудың күрделілігімен 
анықталатын 
негізгі 
мәселелер 
пайда 
бола 
бастайды. 
Дәстүрлі 
компьютерлерден айырмасы метакомпьютердің ӛзіне ғана тән ерекшеліктері 
бар: 

Метакомпьютер дәстүрлі компьютерлермен теңестіруге де 
болмайтын ӛте үлкен ресурстарға ие. Бұл оның барлық 
параметрлеріне де қатысты десе болады: жады кӛлемі, қолжетімді 
процессорлар саны, активті қолданбалар саны және т.б. 

Табиғатынан метакомпьютер таратылған болып есептеледі. 
Метакомпьютердің компоненттері бір-бірінен жүздеген, мыңдаған 
километр қашықтықта орналасуы мүмкін, бұл ӛз кезегінде сӛзсіз 
үлкен латенттілікке алып келеді және олардың ара-қатынасының 
қаншалықты шұғыл болуына әсерін тигізеді. 

Метакомпьютер ӛзінің конфигурациясын ӛзгерте алады. Қандай да 
бір компьютерлер оған қосылып жатса, кейбірі одан ажыратылып 
қол жетімділігін жоғалтып жатады. Бірақ пайдаланушы үшін 
метакомпьютермен жұмыс айқын болу керек.

Метакомпьютер біртекті емес. Тапсырманы тарату барысында оның 
құрамына кіретін операциялық жүйелердің ерекшеліктерін ескеру 
керек. Әртүрлі жүйелер, деректерді берудің (кӛрсетудің) әртүрлі 
форматтары және командалар жүйелерін қолдайды. Әртүрлі 
жүйелер түрлі уақытта әртүрлі жүктелуі мүмкін, есептеу 
жүйелерімен байланыс, ӛткізу қабілеті әртүрлі каналдар арқылы 
жүреді. Метакомпьютер құрамына, үйдегі дербес компьютерден 


103 
бастап, Тор500 тізіміне кіретін ӛте қуатты суперкомпьютерлерге 
дейін, яғни әртүрлі архитектуралы есептеу жүйелері кіруі мүмкін. 

Метакомпьютер түрлі ұйымдардың ресурстарын біріктіреді. Нақты 
ресурстарды пайдалану және оларға қолжетемдік саясаты олардың 
қандай ұйымға тиесілі екеніне байланысты қатты ӛзгеруі мүмкін. 
Метакомпьютер ешкімге де тиесілі емес, сондықтан оны 
администрациялау саясаты жалпы түрде ғана анықталуы мүмкін. 
Сонымен қатар, метакомпьютердің ӛте кӛп құрамдас бӛліктерінің 
жұмысын үйлестіру үшін, оның барлық қызметтері мен сервистерін 
міндетті түрде стандарттау ұйғарылған.
Метакомпьютерлер туралы айта отырып, оның тек аппаратты бӛлігі 
туралы ғана емес, инфраструктурасы туралы да айтылатынын ескереміз. 
Кешенді түрде келесі сұрақтар қарастырылуы керек: бағдарламалау 
құралдары және модельдері, тапсырманың таратылуы және диспетчерленуі, 
метакомпьютерге қолжетімділікті ұйымдастыру технологиясы, пайдаланушы 
интерфейсі, қауіпсіздік, сенімділік, администрациялау саясаты, деректерді 
таратылған жағдайда сақтау технологиялары және қатынас құралдары, 
метакомпьютердің әртүрлі ішкі жүйелерінің жағдайының мониторингі және 
кӛптеген басқа да сұрақтар. Енді кӛзге елестетіп кӛрелік, ұзақ уақыт бойы он 
мыңдаған 
пайдаланушылардың 
тапсырмаларын 
орындау 
үшін, 
метакомпьютерді құрайтын бірнеше миллиондаған әртүрлі электронды 
құрылғыларды үйлесімді жұмыс істеуге қалай мәжбүр етуге болады? Ӛте 
күрделі есеп, масштабты шешімі мұндаға дейін мүмкін болмады. 
Қазіргі уақытта метакомпьютер құрудың әртүрлі стратегияларына 
белсенді түрде талдаулар жүргізілуде. Осы жұмыстар туралы және олардың 
ағымдағы жағдайы туралы қажетті ақпараттарды http://www.globus.org, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет