95
саны 140 дейін кӛбейтілді. Әр түйінде 256 Мбайт жедел жады, 3 Гбайт қаты
диск және Fast Ethernet желілік адаптер орнатылды. Avalon жобасының
жалпы құны 313 мың долларды құрады. LINPACK тестінде кӛрсеткен
ӛнімділігі – 47,7 Гфлопс, Тор500 тізімінің 12-ші редакциясында оған 114
орынды иеленуге мүмкіндік берді. Осы, яғни 1998 жылы жоғары ӛнімді
есептеулер облысы бойынша ӛткен Supercоmputing‘98 конференциясында
Avalon-ды құрастырушылар «Avalon» деген тақырыпта доклад ұсынды және
ол «ең үздік баға/ӛнімділік ара-қатынасы» номинациясы бойынша бірінші
премияны иеленді.
2000 ж. Корнельский университетінде биомедициналық зерттеулер
жүргізу үшін Velocity+ кластері орнатылды. Ол әрқайсысы тӛрт Intel Pentium
III процессорынан тұратын 64 тораптан құралды. Тораптар Windows 2000
операциялық жүйесі басқаруымен жұмыс
істейді және cLAN желісімен
біріктірілген.
Lots of Boxes on Shelfes жобасы АҚШ-ң ұлтық денсаулық
институтында 1997 жылы іске асырылды. Онда коммуникациялық орта
ретінде Gigabit Ethernet технологиясы қолданылады. Алғашында бұл кластер
екі Pentium Pro/200 МГц процессорлы, 47 тораптан, 128
Мбайт жедел
жадысынан және әр торапта 1,2 Гбайт дискіден тұрды. 1998 жылы жобаның
келесі этапы – LoBoS2 іске асырылды. Онда тораптар кластерге біріктірілуі
сақталған дәстүрлі столға қойылатын компьютерлерге ӛзгертілді. Қазір
LoBoS2 әрбірі екі Pentium II/450 МГц процессордан, 256 Мбайт жедел және 9
Гбайт дискілік жадыдан құралған 100 есептеу торабынан тұрады. Кластерге,
жалпы кӛлемі 1,2 Тбайт RAID-массивімен 4 басқарушы компьютер қосымша
қосылған.
2000 жылы құрастырылған KLAT2 (Kentucky Linux Athlon Testbed 2)
кластері әрбірінде AMD Athlon/700 МГц процессоры, және 128 Мбайт жедел
жадысы бар 64 дискісіз тораптардан тұрады. Бағдарламалық қамтама,
компиляторлар және математикалық кітапханалары (SCALAPACK6 BLACS
және ATLAS) AMD процессорларының 3D-Now! технологиясын тиімді
пайдалану үшін түзетіліп істеп бітірілген. Бұл жұмыс жүйенің ӛнімділігін
айтарлықтай арттыруға мұмкіндік берді. Әрбір торапта тӛрт желілік адаптер
Fast
Ethernet орнатылған, ал тораптар тоғыз 32-порттық коммутаторлар
кӛмегімен жалғастырылған. Сонымен қатар, кезкелген екі торап үшін
коммутаторлардың бірі арқылы әрқашанда тікелей жалғасу бар, бірақ мүнда
барлық тораптарды бірыңғай (дара) коммутатор арқылы жалғастырудың
қажеттілігі жоқ. AMD архитектурасына және FNN топологиясына
бағдарламалық қамтаманы тиімділеу
арқасында LINPACK тестінде
баға/ӛнімділік қатынасының рекордты кӛрсеткішін алуға қол жеткізілді – 650
доллар/1 гфлопс.
Кластерді бӛлімдерге бӛлу идеясы Аргондық Ұлттық зертханада
дайындалған Chiba City жобасында жүзеге асырылды. Мұнда басты бӛлім
256 есептеу тораптарын қамтиды, олардың әрбірінде екі Pentium III/500 МГц
процессор, 512 Мбайт жедел және кӛлемі 9 Гбайт жергілікті жады
96
орнатылған. Жүйеге есептеу бӛлімінен басқа: шолу бӛлімі (Мatrox Millenium
G400 графикалық карталарымен 32 IBM Intellistation, 512 Мбайт жедел жады
және 300 Гбайт диск), деректерді сақтау бӛлімі (Xeon/500 процесорларымен
және 300 Гбайт дискімен 8 сервер IBM Netfinity 7000) және басқарушы бӛлім
(12 компьютер IBM Netfinity 500). Олардың бәрі параллель қолданбаларға
қолдау кӛрсету үшін пайдаланылатын Myrinet желісімен біріктірілген.
Басқарушы және қызметтік мақсаттар үшін Gigabit Ethernet және Fast Ethernet
желілері пайдаланылады. Барлық бӛлімдер 32 компьютерден тұратын
«қалаларға» (towns) бӛлінеді. Олардың әрқайсысының ӛзінің «мэрі» бар, ол
ӛзінің «қаласына» жергілікті қызмет атқарады
және қызметтік желіге
жүктемені азайтып, жергілікті ресурстарға жылдам қатынасты қамтамасыз
етеді.
Россияның бас қаласы Москваның мекемеаралық суперкомпьютерлік
орталығында орнатылған МВС-1000М суперкомпьютерін де кластер
қатарына жатқызуға болады. Компьютер әрқайсысы 64 екіпроцессорлық
модульдерді қамтитын алты базалық блоктардан тұрады (33 сурет).
Әрбір
модульдің құрамына екі процессор Alpha 21264/667 МГц (екінші деңгейлі
кэш-жады 4 Мбайт), модуль процессорларымен бӛлінген 2 Гбайт жедел
жады, қатқыл диск кіреді. Жүйедегі процессорлардың жалпы саны – 768, ал
МВС-1000М суперкомпьютерінің шектік ӛнімділігі 1 Тфлопс-тан асады.
МВС-1000М суперкомпьютерінің барлық модульдері екі тәуелсіз
желілермен байланысқан. Пайдаланушылар бағдарламаларында Myrinet 2000
желісі есептеу барысында деректермен алмасу үшін пайдаланылады. MPI
пайдаланғанда желі каналдарының ӛткізу қабілеті 110-170 Мбайт/сек
мәндеріне жетеді. Операциялық жүйе сервистік
функцияларды орындау үшін
Fast Ethernet желісін пайдаланады.
33 сурет. МВС-1000М суперкомпьютерінің құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: