Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


-кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстарының саны Сынып



Pdf көрінісі
бет194/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

85-кестеЗертханалық жұмыстар мен модельдеу жұмыстарының саны
Сынып 
Зертханалық жұмыстар саны 
Модельдеу жұмыстарының саны 
Жаңартылған 
мазмұндағы
ҮОЖ 
Төмендетілг
ен ҮОЖ 
Жаңартылған 
мазмұндағы ҮОЖ 
Төмендетілген 
оқу жүктемесіне 
ҮОЖ 
10 ЖМБ 




10 ҚГБ 




11 ЖМБ 




11ҚГБ 






273 
Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі теориядан гөрі тәжірибеге қарай 
бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана 
қоймай, алған білімдерін болашақ өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. 
Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе 
жасауға баулу. 
Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық 
тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған 
қоршаған ортаны дербес зерттейді. 
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 86-кестеде 
көрсетілген.
86-кесте. 10-11-сыныптардағы «Биология» пәні бойынша жиынтық 
бағалаулар саны 
Сыныптар 
Бөлімдер бойынша жиынтық бағалау саны 
ЖМБ 10 сынып 




ҚГБ 10 сынып 




ЖМБ 11 сынып 




ҚГБ 11 сынып 




Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің 
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Биология» 
пәнінен оқу жүктемесі 1 сағат. Сондықтан тоқсандық жиынтық бағалау 
жүргізілмейді, қорытындылау бағасы жартыжылдыққа қойылады. 
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін қосымша сабақ 
ретінде өтуге арналған алдын ала болжам бойынша күрделі деген 
тақырыптардың тізімі: 
11-сыныпта қарастыратын 10-сынып тақырыптары: 
 Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу; 
 Репликация механизмі. ДНҚ. Мезелсон мен Сталь тәжірибесі. Чаргафф 
ережесі; 
 Беттік 
аудан 
мөлшерінің 
көлемге 
қатынасының 
диффузия 
жылдамдығына әсері. Эритроцит жасушасы беттік аудан мөлшерінің, көлемге 
қатынасының маңызы. Зертханалық жұмыс «Жасушаның беттік аудан 
мөлшерінің көлемге қатынасын анықтау»; 
 Митохондрияның құрылымы мен қызметтері; 
 Механорецепторлардың 
түрлері. 
Пачини 
денешігі 
мысалында 
рецепторлардың тітіркендіргіштің өзгерісіне жауап беру реакциясы; 
 Полимеразды 
тізбекті 
реакцияны 
қолдану. 
Медициналық 
диагностикалауда, 
әкелікті 
негіздеуде, 
тұлғаларды 
дербестендіру 
медицинасында, гендерді клондауда, Дезоксирибонуклеин қышқылын 
секвенирлеуде мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы. 
«Химия» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық 
бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Химия» пәнінен жаңартылған 


274 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы № 105 бұйрығымен бекітілген. 
Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған 
«Химия» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «27» шілдедегі
№ 352 бұйрығымен бекітілген. 
«Химия» пәнін оқытудың мақсаты - білім алушыларға зат және олардың 
айналымы, заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін 
түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, білім 
алушыларға химиялық үдерістердің мағынасын, негізгі заңдар мен 
заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, 
ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беру. 
Негізгі міндеттері: 
1) заттар және олардың бір-бірімен әрекеттесу заңдылығы туралы білім 
жүйесін қалыптастыру ( фактілер, түсініктер, заңдар және теориялар); 
2) зияткерлік және экспериментальдық және зерттеушілік біліктер мен 
дағдылар түрінде іс-әрекеттердің танымал әдістерін жүзеге асыру 
тәжірибелерін қалыптастыру; 
3) жаңа проблемаларды шешуде жаңа бір жағдайда бұрын меңгерілген 
білім және білікті өз бетімен жаңғыртуды талап ететін шығармашылық, ізденіс 
іс-әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, танымал іс-әрекеттер негізінде жаңа 
әдісін қалыптастыру; 
4) қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік проблемасын шешуге әсер ететін, 
«Химия» пәнінің жиынтық үлесі болып табылатын өзекті және пәндік 
құзыреттіліктің қалыптасуында көрінетін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын 
көрсететін адам әрекетінің объектіге немесе қаражатқа құнды және сындарлы 
қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұны 5 бөлімнен тұрады: 
заттардың бөлшектері; 
химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары; 
химиялық реакциялардың энергетикасы; 
химия және қоршаған орта
химия және өмір. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарда «Химия» 
оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу 
бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасында
қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, тек қана оқу 
мақсаттарының, зертханалық жұмыстар мен көрсетілімдердің санында
айырмашылықтар бар (87-кесте).


275 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет