281
қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу
болып табылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім
қалыптастыру;
оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы
мен әртүрлі
көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни
тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі
таңдағы пікірталастық
мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи
материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
әртүрлі деректерді
қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу
қабілетін дамыту;
коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде
анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды
пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу
жоспары бойынша оқу жүктемесі:
қоғамдық-гуманитарлық бағытта:
10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
жаратылыстану -математикалық бағытта:
10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;
11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: