Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет199/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

«АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ
 
«Адам және қоғам» білім саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі 
тарихы», «Құқық негіздері», «Өзін-өзі тану» пәндерін қамтиды. 
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі тарих пәні өткен тарихты ұғыну және 
қазіргі әлемде өз орнын, азаматтық ұстанымы және оқиғалар мен құбылыстарға 
деген қарым-қатынасын анықтап, олардың мәні мен бағытын түсіну арқылы 
тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. 
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты
алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, құқықтық 
сана, құқықтық сауаттылық пен мәдениениетінің қалыптасуы. Азаматтардың 
құқықтық санасы қалыптасу үшін құқықтық білімді игеру қажет. Сондықтан 
жалпы білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың, 
қазіргі қоғамдағы құқықтық және саяси қатынастардың субъектісі ретінде, өз 
құқықтары мен міндеттемелерін жүзеге асыру үшін қажетті білім мен 
дағдыларды игеруге бағытталған. 
 
«Қазақстан тарихы» оқу пәні
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің 
мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға 
бағытталған.
10-11-сыныпта 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи 
кезеңдердегі Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін 
білім алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді. 
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, 
құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және 
бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет көрсетуге дағдыландыру 
болып табылады. 
Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты 
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәні 
бойынша оқу жүктемесі 90-кестеде көрсетілген.


279 
90-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі
Сынып 
Оқу пәнінің атауы 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары 
(жаңартылған мазмұн) 
Үлгілік оқу жоспары 
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 
10-сынып (ҚГБ)
Қазақстан тарихы 

68 

68 
11-сынып (ҚГБ) 
Қазақстан тарихы 

68 

68 
10-сынып (ЖМБ) Қазақстан тарихы 

68 

34 
11-сынып (ЖМБ) Қазақстан тарихы 

68 

34 
90-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстану-
математика бағытында оқытылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен төмендетілген.
2021/2022 оқу жылында 10-11-сыныпта «Қазақстан тарихы» оқу пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспары бойынша оқу процесі «Жалпы 
білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау 
курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту 
туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 7 наурыздағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет