Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет226/262
Дата03.09.2022
өлшемі6,24 Mb.
#38391
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   262
Байланысты:
Финал-ӘНХ-2021-2022

5. КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кешкі мектептердегі білім беру процесі, ең алдымен, барлық азаматтар үшін 
сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер беруге және қоғамда табысты әлеуметтену 
қабілетін қалыптастыруға бағытталған. Кешкі мектептердің негізгі контингенті 
қиын жағдайға тап болған және күндізгі жалпы білім беретін мектептерде білім 
алуға мүмкіндігі болмаған ересектер мен жасөспірімдер болып табылады. 
Кешкі мектепте және күндізгі жалпы білім беретін мектептер жанындағы 
кешкі бөлімшелерде оқыту:
- күндізгі;
- сырттай;
- күндізгі-сырттай; 
- сырттай жеке түрде оқыту (ҚР «Білім туралы» Заңының 27-бабына сәйкес);
- қашықтан оқыту (игеру мерзімі – 2 жыл: 10-11 сыныптар) (ҚР Білім және 
ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген 
қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
қағидалары) бойынша жүзеге асырылады.
- білім беру мазмұнын жаңартуға сәйкес кешкі мектептерге арналған 
үлгілік оқу жоспарлары әзірленді және бекітілді (2018 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 441 бұйрыққа 51-56-қосымша).
Кешкі мектептердегі білім беру процесі білім беру деңгейіне қарай:
1) негізгі орта білім (меңгеру мерзімі – 3 жыл: 7, 8, 9- сыныптар);
2) жалпы орта білім беру (меңгеру мерзімі – 2 жыл: 10, 11 (12) сыныптар);
3) жеке оқу түрі (меңгеру мерзімі – жеделдетілген, оқу жылында
2-сыныптан);
4) қашықтықтан оқыту нысаны (меңгеру мерзімі – 2 жыл:
10-11-сыныптар) бойынша жүзеге асырылады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының үлгілік оқу жоспары бойынша білім 
алушыларды сыныптан-сыныпқа ауыстыру БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 
жүзеге асырылады.
9 және 11-сыныптарда Үлгілік қағидаларға сәйкес қорытынды аттестаттау 
жүргізіледі. 
Жеке оқыту түріндегі сыныптардағы (топтардағы) оқу процесінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   262




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет