түсіндіреді. Функционалды стиль тілдің әр түрлі қызметімен
(функциясымен) тікелей байланысты болатындығын атап көр-
сетеді, яғни стиль тілдің қандай мақсатта, кімге арналып жұмса-
латындығына қатысты құбылыс болғандықтан, оның қызметтік
сипатын ескерудің мәні зор. Ол қызметтің түрлерін
зерттеу-
шілер былайша көрсетеді: А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша,
1) қарым-қатынас жасау қызметі (коммуникативтік), 2) ойлау
құралы ретіндегі қызметі, 3) адамзаттың әлеуметтік тарихи
тәжірибесін меңгеру құралы ретіндегі қызметі, 4) ұлттық мәдени
саладағы қызметі, 5) таным құралы қызметі деп бөледі;
В.А.Аврорин тіл: 1) қатынас құралы (коммуникативтік), 2) ойды
білдіру (экспрессивтік), 3) ойды қалыптастыру (конструктивтік),
4) тәжірибе мен білім жинау (аккумулятивтік)
қызметтерін
атқарады деп есептейді. Ал В.В.Виноградов тілдің қызмет ету
сипатын қарым-қатынас қызметі, хабарлау қызметі, әсер ету
қызметі деп үшке бөледі. Зерттеушілердің қай-қайсысы да тілдің
әлеуметтік қызметіне функционалды стильдердің қатысты
екендігін жоққа шығармайды. Демек, функционалды стильдер-
дің пайда болып қалыптасуына
тілдің әлеуметтік қызмет өрісі,
яғни экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпалын тигі-
зеді. Қазақ тіл білімінде
функционалды стиль терминінің мән-
маңызын айқындап, өзіндік ерекшеліктерін талдап-таразылауда
көрнекті ғалымдар М.Балақаев, М.Томанов, Б.Манасбаев,
С.Исаев, Р.Сыздық, М.Серғалиевтардың ой-пікірлерінің маңыз-
дылығы зор. Академик Р.Сыздық «функционалды стиль» терми-
ніне қазақша атау ұсынып, өзіндік пайымдауларын тілдік дерек-
тер негізінде орынды дәлелдейді, яғни «мақсаттық» не «қыз-
меттік стиль» деп атағанды жөн көреді
14
.
Ғалым қалың оқыр-
манға түсінікті, жатық болуын көздеп, ана тіліміздің ішкі мүм-
кіншіліктерін пайдаланып жасалынған балама атаулардың ғы-
лым саласы үшін аса қажеттілігін баса айтады.
Сөйтіп, функционалды стилистика қоғамның түрлі сала-
сында жұмсалатын тілдік құралдардың қызмет ету ерекшелік-
терін қарастырады. Тілдің әлеуметтік-қоғамдық қызметі қоғам-
дық санамен тығыз байланысты. Ал қоғамдық сананың түрле-
14
Сыздық Р. Сөз құдіреті. А., 2005.- 158 б.
ріне: ғылым, дін, өнер, саясат, құқықтық қатынастар, бұқаралық
ақпарат құралдары, әдебиет т. б. жатады. Қоғамдық сана деге-
німіз – объективті дүниені танып білудің формалары. Сөйлеуші
қоғамдық сананың қай саласында
тілдік амал-тәсілдердің қай
түрін қолдану керектігін біледі. Яғни қарым-қатынастың құқық-
тық саласы, ғылыми және эстетикалық саласы, бұқаралық ақпа-
рат саласы, тұрмыстық салаларына қарай функционалдық-
стильдік белгісі бар амал-тәсілдерді таңдап қолданады. Тілдік
құралдардың стильдік-функционалдық белгісіне, реңктеріне
қарап, адресат (қабылдаушы) сөздің қай стиль түріне жататы-
нын ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: