(Ғ.Мүсірепов). Бұл мысалдардағы
маңдайын күнге, табанын
құмға жалату, қабырғадан қан кешу, т.б.
тұрақты әсірелеуге
жататын фразеологиялық тіркестер – кейіпкердің ашуға толы
болмысын суреттеуде тиімді жұмсалған.
–
Әттең, артына ғана мінгестіріп жібермес пе ем, қызы
құрғырды, алып қана, жеті қабат жердің астына түсіп қана,
қарасы өшкірдің қарасы өшіп қана кететін біреу табыла қалса!
Көрсетпе қараңды, естіртпе дауысыңды! (Ғ.Мүсірепов). Осын-
дағы
қарасы өшкір, көрсетпе қараңды синонимдес фразеоло-
гиялық бірліктерінің ойдың әсерлілігін күшейтуге айрықша
қызмет атқарып тұрғандығы байқалады.
Антонимдік сипаттағы фразеологиялық бірліктер де
қарама-қарсылық мәнде әр алуан қатынасқа түсіп, ерекше сти-
листикалық қызмет атқарады. Мәселен,
жерден алып, жерге
салу – аспанға көтеру; басын салбырату – бас көтеру тәрізді
фразеологизмдердің мәтін ішіндегі қолданысы айрықша тар-
тымды көрінеді:
-
Байғұс баланы әбден жерден алып, жерге салдың ғой!
Осы мінезіңді-ай, қашан қоярмысың?; Оның атақ-айдынын өзі
қатты мадақтап, аспанға көтеріп жүр? (М.Әуезов).
-
Басың сонша неге салбырап кеткен? Көтер еңсеңді! Бұл
түріңді енді көрмейін (Сөйлеу тілінен).
Қоғамдағы мұндай ке-
леңсіз құбылысқа халық наразы болып, олардың ішіндегі бел-
сенділер бас көтере бастады (Газеттен).
Көркем әдебиетте, поэзияда фразеологизмдерге ерекше
стильдік өң беру үшін ұйқас, ырғақ талаптарына лайық олардың
орны ауысып та, арасына басқа сөздер еніп те, тұлғасы өзгер-
тіліп те жұмсала береді.
Алыстағы айға талпыну:
Жас жүрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс (Абай).
Намысын жырту:
Бар жазам – күштілермен жарысқаным,
Жыртқаным – сорлы жұрттың намыстарын (С.Сейфуллин).
Екі көзі төрт болу:
Төрт қылып екі көзді сағындырып,
Жүр екен біздің қалқа қандай жерде? (Абай)
Мақал:
Тұтылып шелек жалап тамам нашар,
Әлділер құтылысты айран ішкен (С.Торайғыров) – екі
қарама-қарсы ұғымды ажыратып түсіндіруде мақалды әсерлі
етіп қиыстырған, нашар мен әлділердің арасындағы тап қайшы-
лығын ашып көрсетуде шебер қиюластырған.
Тұрақты тіркестер аз сөзбен көп мағынаны бейнелі өткір
түрде береді, тілдің стильдік сапасын арттырады.
Тірлік-ынтымаққа байланысты:
Көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ.
Көп түкірсе көл.
Алауыздыққа байланысты:
Алты бақан алауыз – деп келеді.
Ештеңе айтпады дегенді –
жұмған аузын ашқан жоқ, бір
адамға артық сөз сөйлетпеу – аузына құм құю.
Біреудің сөзіне риза болмау – іріген ауыздан шіріген сөз
шығады.
Бірдемені қатты құмартты – аузының суы құрыды.
Ауыр жағдай дегенді – қабырғадан қан кешті.
Безеріп қалған адам туралы – кесіп алсаң қан шықпас.
Толық адалдықтың жоқ екендігін – бір ұрты май, бір
ұрты қан.
Бұл мысалдар тұрақты сөз тіркестерінің жеке сөйлем
мүшелеріне талданбай, тек белгілі бір айтайын деген
ойды әсер-
леп, тиянақтап, дәлелдеп айту үшін ғана жұмсалатындығын
байқатады.
Көркем әдебиетте авторлар фразеологизмдерді өңдеп,
өзгертіп, стильдік мақсатқа орай қолданады.
Мұндайда ойға
образдылық пен мәнерлегіштік сипат беру үшін жұмсайды.
Фразеологизмдерді
қолданудың
мынадай
стильдік
ерекшеліктері болады:
а) Тұрақты сөз тіркестері өзгертілмей, сол қалпында қол-
данылып, қосымша стилистикалық мәнерде жұмсалады:
Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден (Абай).
ә) Тұрақты сөз тіркестерінің бір компоненті өзгертіліп,
жаңа мазмұнда қолданылады:
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар (Абай).
(Жаңа дүниені, өмірді аңсау)
Тез тұрыңдар, жолдастар,
Ашылды көңіл тот басқан (С.Мұқанов).
Көңіл тоты – әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейне-
лейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыс та көңіл кірі сөз тіркесінің үл-
гісімен жасалған.
б) Тұрақты сөз тіркесінің бір компоненті өзгертіліп,
стильдік мағынада жұмсалады:
Кірлеген жүрек өз ішін,
Тұра алмас әсте жуынбай (Абай).
Көңіл кірі жүрекпен ауыстырылған.
Достарыңызбен бөлісу: