М.Қанабекова


 Морфологиялық стилистика. Морфологиялық



Pdf көрінісі
бет50/131
Дата06.09.2022
өлшемі2,23 Mb.
#38512
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
Байланысты:
httpsemirsaba.orgpars docsrefs430133013.pdf

 
4.1. Морфологиялық стилистика. Морфологиялық 
тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы 
Морфологиялық тұлға-бірліктер – сөздің құрылысын ай-
қындайтын, сөзге жалғанатын қосымшалар ретінде танылады. 
Қосымшалар сөзден сөз тудыру үшін, сөз мағынасын түрлендіру 
үшін, сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалады. 
Белгілі бір функционалды стильдің түрінде жиі қолда-
нылуға бейім морфологиялық тұлғалар болады. Морфологиялық 
тұлғалардың жиі қолданылу сипатына қарай, қазақ әдеби тілінің 
кітаби-жазба стильдерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады. 
Морфологиялық құрамы тұрғысынан ресми-кеңсе стилі мен 
ғылыми стиль бір-біріне жақын, ортақ келсе, публицистикалық 
стиль мен көркем әдебиет стилі өзара бір-бірімен орайлас ке-
леді. Ресми және ғылыми әдебиет стиліне ортақ мынадай мор-
фологиялық тұлғаларды көрсетуге болады: 


-лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнағы. Мұндай сөздер-
дің көпшілігі терминдік мәнге ие болып, нормаға айналған, 
қалыптасқан атаулар болып кетті: егемендік, тәуелсіздік, 
анықтамалық, нұсқаулық, азаматтық, әкімшілік, әлеуметтік, 
бірлестік, біліктілік, ұлттық, қоғамдық, дүниетанымдық, өкі-
леттік, тұрақсыздық, ақпараттық, жеңілдік, кәсіптік, уағда-
ластық, құзыреттілік, т.б. 
Кейде осы қосымшаның еш талғаусыз, кез келген сөздерге 
жалғанып, стильдік қателерге ұшырап жатады: Білектілік бірді 
жығады, білімділік мыңды жығады. Дұрысы: Білекті бірді жы-
ғады, білімді мыңды жығады.
Оның сөзінен білімдарлық аңғарылады. Дұрысы: білімді-
лік. 
«Біз мұнда жаңалықта ғана келдік». Дұрысы: жаңа ғана 
келдік. 
-шылық, -шілік. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер кө-
біне кәсіптің, шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт 
күй-қалыптың атауы болып отырады: қысымшылық, тәуекел-
шілік, диханшылық, оқытушылық, шығармашылық, түсінушілік, 
жауапкершілік, демеушілік, қол сұғушылық, т. б. 
-лылық, -лілік, -дылық, -ділік, -тылық, -тілік. 
Зат пен құбылыстың ерекше белгісінің атауын жасайтын 
бұл қосымшалар көбіне ғылыми әдебиет тілінде, кеңсе стилінде 
кездеседі: қуаттылық, зейінділік, екпінділік, мекенділік т. б.
-қыш, -кіш, -ғыш, -гіш: жылытқыш, сепкіш, мұздатқыш, 
желдеткіш, тілдескіш,т.б.
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе – әр түрлі құжат атауларын, жік-
телген зат атауларын жасайтын өнімді тәсіл: бағдарлама, әдіс-
теме, түйіндеме, анықтама, жолдама, сілтеме, хабарлама, ес-
кертпе, баспа,баяндама, бұрыштама, кепілдеме, негіздеме, кө-
шірме, т. б. 
-ым, -ім, -м жұрнақтары арқылы негізінен атау тұлғалы 
сөздер жасалады: аударым, басылым, оқылым, таралым, бағам, 
қатысым, тыңдалым, жеткізілім, ұстаным,т.б. 
-и тұлғалы атаулар: ресми, саяси, кітаби, әдеби, сыни, 
замануи,т.б. 


Ғылыми, кеңсе стильдері шұбалаңқы болмай, жатық 
болуда қысқарған сөздер (мекеме аттары) жиі қолданылады: 
ҚазҰМУ, ономком, ұжымшар. 
Публицистикалық және көркем әдебиет стильдеріне тән 
морфологиялық тұлғаларды саралап көрсету қиынға түседі, 
барлық түрлері де қолданыла береді, әсіресе экспрессивті-эмо-
ционалды мән туғызатын грамматикалық тұлғалар жиі ұшы-
расады. 
Әдеби нормаға жатпайтын тұлға-бірліктер
көбінесе
автор 
ұстанымына қарай публицистикалық, көркем әдебиет тілінде 
стильдік уәжділікпен қолданысқа енеді. 
Кейбір морфологиялық тұлғалар контекст ішінде мәнмә-
тінмен байланысты белгілі бір тілдік қолданыста пайда болып, 
сөйлеу стиліне сіңісіп кетеді:
-сымақ – есімдер құрамында қолданылып, кемсіту, жақ-
тырмау, кекету мәндерін туғызады: ақынсымақ, шешенсымақ, 
мырзасымақ.
Етістіктер құрамында келіп, бейнелі мән туғызатын қо-
сымшалар да бар: 
-ди, -ти: бұлти, қылти, батти 
-би, -ми, -пи: ілми, жылми, сымпи, үрпи, қылми, т.б. 
-ырай, -ірей: бүкірей, бажырай, ақырай, одырай, ті-
кірей т.б. 
-ши, -жи: ақши, мықши, кегжи. 
-си: ақси, тырси, сықси, борси, т.б. 
-қи, -ки: өңки, дөңки, сықи, жөнки, т.б. 
-ыс, -іс: тырыс, бүріс, қырыс, т. б. 
Еркелету, сыйлау, жақын көру, жақсы көру мәнін туғы-
затын морфологиялық тұлғалар: -қа, -ке, -жан, -тай, -ш. 
Кейде тілде қалыптасқан, орнығып тұрақталған морфоло-
гиялық тұлғаларды бейберекет орынсыз қолданып, ешбір мақсат 
көздемей жұмсау фактілері жиі кездеседі: Бұл істі асығыссыз 
жүзеге асыру керек – дұрысы: асықпай. Уәкіл оған түсініс беріп 
жатыр – дұрысы: түсінік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет