-
Сен бүлдіресің-ақ дегендей боп, Ермак кемпіріне ежірейе
тағы бір қарады (Б.Майлин).
Тыңдаушыға арналып айтылып, оның назарын бір сәтке
өзіне аударып,
оны жақын сырласы санап, пікірлеседі, ой тас-
тайды:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан. (Абай)
Диалогті сөйлемдерде есімдіктің қаратпа сөзбен тікелей
мағыналық байланысқа түсетін кездері де болады.
-
Қыз, сен де желпілдеме, – деді Бәтимаға. (Ғ.Мұстафин).
Ойды нақтылай түсу үшін есімдік түрін
осындай байланыста
жұмсайды.
Ол есімдігін қолданғанда, ойды жалғастыру, бір сөзді
орынсыз қайталай бермеу мақсатында жұмсайды:
Әсіресе елді
қатты сағынған Абай болатын. Ол соңғы уақытта
Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре
беретін (М.Әуезов).
Сөйлеу әрекетінде жазушының немесе сөйлеушінің
кішіпейілділік
қасиетін танытатын, әдептілікті көрсететін біз
жіктеу есімдігі жиі қолданылады: біз мынадай тұжырымға кел-
дік, біздің түсінігімізде, біздің деректер бойынша тәрізді тілдік
бірліктер көбінесе ғылыми стиль мәтіндерінде ұшырасады.
Сілтеу есімдіктері де функционалды стильдің әр сала-
сында кеңінен қолданылады.
Бұл, сол деген түрлері көне түркі
жазбаларында жиі кездеседі. Нақты
деректі затты нұсқағанда
анау, дерексіз құбылыс пен ойды нұсқағанда
сонау есімдіктерін
қолданамыз. Кейіпкер атын қайталай бермеу мақсатында кей
жазушылар сілтеу есімдігінің
ана, анау түрлерін пайдаланады.
Анау намыстанғандай:
-
Жақпаса қойсын, – деді де, енді қайтып үн шығар-
мады (С.Мұқанов).
Есімдіктердің беретін мағыналық реңктері алуан түрлі.
Неше, қанша сұрау есімдіктері: қанша – мол, көп, неше – әр,
қанша мағыналарын береді.
Бұрымының қыз Құртқа,
Кекілін, жалын тарайды
Күніне неше қарайды («Қобыланды батыр»).
Қандай сөзі таңдануды, сүйсінуді аңғартатын,
адамның
түрлі көңіл-күйлерін беретін, экспрессивтік мағынада жұмсала-
тын есімдік түрі:
Сол екеуінің ертеде достасу тарихы қандай
қызық, қандай әдемі (Ғ. Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: