Мысалы, бір кесінді алайық. Кесіндінің ұзындығы қанша сантиметр? Кесіндіні неше тең бӛлікке
бӛлуге болады? Әрбір бӛліктің ұзындығы қанша сантиметр? Ұзындығы 1 см болатын 5 бӛліктен тұратын
кесіндіні сыз. Қосудың кӛмегімен оның ұзындығын қалай табуға болады? Ал кӛбейту ше? Оқушылар
шаманы үлесі бойынша табуға берілген есепті шешуге дайындалады: «Сымның бестен бір бӛлігінің
ұзындығы 20 см. Сымның ұзындығын тап?» Оқушылар «бестен бір бӛлікті» қалай түсінеді, оны қалай
алады? Бүтін сымда қанша бестен бір бӛлік бар? Кесіндінің барлық ұзындығын қалай табуға болады?
4-сыныпа оқушылар санның үлесін табуға есептер шығарады, үлесі бойынша санды табу кері есептер
құрастырады. Ал одан соң километрдің, метрдің т.б. мыңнан, миллионнан бір бӛліктерін табады. Ӛлшеу
жүйесі мен ондық санау жүйесінің арасындағы байланыс туралы түсіндірме беріледі. «милли-, санти-, дици-,
кило-» сӛздерінің мағынасын ашады. «дици-» оныншы бӛлік, «санти-» мыңнан бір бӛлік. Ал «кило-» 1 000
есе артық.Үлестер туралы дұрыс түсінік қалыптастыру үшін геометриялық фигуралардың, кесінділердің
үлгісі, жолақшалар, ленталар т.б. заттарды алуға болады. Мысалы: кесіндінің жартысын алу үшін, оны екіге
бӛліп, бір бӛлігін алу керек, ал оның тӛрттен бір бӛлігін алу үшін не істеу керек?- тӛртке бӛліп, І бӛлігін алу
керек. Жолақты әуелі екі бүкте, оның бір бӛлігін кӛрсет, енді тағы екі бүкте, сонда барлығы неше бӛлік. (4)
оның бір бӛлігін кӛрсет. Екі дӛңгелек ал. Оның біреуін бірдей екі бӛлікке бӛл, мынау бір дӛңгелек немесе
тұтас дӛңгелек, ал мынау оның жартысы, немесе І бӛлігі. Бүтін дӛңгелекте осындай неше дӛңгелек бар. (2) 2
немесе неше жартыдан тұрады? (2) кӛрсетіңдер. Шаршының екіден бір үлесін қалай шығарып алуға болады?
Оқушылар бүктеу арқылы кӛрсетеді.
Үлестерді екі санның кӛмегімен жазады. Мысалы: 1/2; 1/4; (екіден бір, тӛрттен бір деп оқылады). 2,4
сандары фигураның немесе заттың 2,4 бӛлікке бӛлінгендігін, ал 1 саны сондай бір бӛлігі алынғандығын
кӛрсетеді.
Алманың тӛрттен бір бӛлігін кӛрсет. Ол үшін тӛртке бір бӛліп бір бӛлігін кӛрсет. Ол үшін тӛртке
бӛліп бір үлесін жазамыз, оны былайша жазады: 1/4 . кесіндінің 1/8 бӛлігін кӛрсет. Кесіндіні 8-ге бӛліп, бір
үлесін аламыз. Тұтас кесіндіде осындай 8 үлес бар. Алынған білім мен дағдыны бекіту үшін түрлі
жаттығулар ұсынуға болады.
I. Суретте жолақшаның қандай үлестері кӛрсетілген? Атаңдар және жазыңдар.
II. Кез-келген тік тӛртбұрыш, шаршы, кесінді алып, оны бӛліктерге бӛліп, үлестерін кӛрсет және жаз.
III. Суреттегі жолақтарды пайдаланып, үлестерді салыстыр. Кӛз мӛлшерімен салыстырсақ, ең үлкені
1/2 үлес екені, ал бірдей 5 кесінді алып, оның 1/2; 2/3; 1/5; 1/7; 1/9; үлестерін бүктеу арқылы салыстырып
алған білімдерін бекітуге және қайталауға болады. Бӛлшек туралы түсінік осы үлес туралы түсініктердің
табиғи жалғасы болып табылады. Бӛлшек туралы ұғым қалыптасу үшін:
1) Кез-келген бірнеше бӛліктерге бӛледі.
2) Сол бӛліктердің (нақты санның) бірнешеуін бӛледі.Мысалы: кесіндіні үшке бӛл, оның бӛлігін ата
және жаз. 1/3 үлес (үштен бір). Енді екі бӛлігін кӛрсет. Ол қалай аталады? 2/3; 5/6. Бұл бӛлшек, ол да үлес
сияқты жазылады және оқылады, мұндағы, 3,6 қанша бӛлікке бӛлгенді, ал 2,5-қанша бӛлікті алғанды
кӛрсетеді. Бұл тақырыпты оқып үйренгенде балалар:
1) Бӛлімі оннан кіші үлестерді жасап, жаза білу керек. Тұрмыстағы 1/3; 1/4; 1/2; атауларын білу керек;
2) Бӛлімі оннан кіші жай бӛлшектерді оқи, жаза біліп бӛлшектің алымы мен бӛліміндегі сандар нені
кӛрсететінін жақсы білу керек;
3) Алымы бірге тең бӛлшектерді ғана салыстыра білу керек;
Достарыңызбен бөлісу: