Әдістемелік нұсқау: Сабақтың тақырыбына сәйкес оқу мақсаты анықталады және сәйкесінше сабақ
мақсаты сараланып жазылады. Сабақтың мазмұны, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың әдіс-
тәсілдері мен формалары, оқыту құралдары анықталады. Қойылған мақсат жүзеге асырылуы үшін сабақ
барысында орындалатын тапсырмалар мен сұрақтар дайындалады.
Ӛткізу формасы: Сұрақ-жауап, SWOT – талдау, пікірталас. Бағалау критерийлері: 1. Сабақ мақсаттарын оқушылардың жеке қажеттіліктерін және оқу мүмкіндіктерін ескеріп саралап
кӛрсетеді.
2. Белсенді оқытудың мәні мен мазмұнын түсінеді. Ӛз тәжірибесіне енгізе алады.
3. Қалыптастырушы бағалау әдістерін, кері байланыстың түрлерін біледі және оқу үдерісінде
қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданудың маңызын түсінеді.
4. Тиімді оқу ортасына тән ерекшеліктерді біледі, ӛз тәжірибесінде проблемалық сұрақтарды
қолдана алады;
5. Сабақта тапсырмалар мен әдіс-тәсілдерді саралап қолдана алады;
6. Белгіленген тақырыптарға сәйкес ҚМЖ құрастырады.
Практикалық сабақ №7 Практикалық сабақ тақырыбы: Кӛп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға кӛбейту және бӛлу
Мақсаты: Екі таңбалы және үш таңбалы сандарды жазбаша кӛбейту алгоритмін меңгерту,
студенттердің ӛз
бетімен ізденушілік қасиетін, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру
Тапсырмалар: 1. Разрядтан бір, екі және т.с.с. аттап кӛбейту және бӛлу;
2. Нӛлмен аяқталатын сандарға және сандарды кӛбейту және бӛлу;
3. Кӛп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға кӛбейту және бӛлу алгоритмі;
4. Бӛліндіде бір таңбалы, екі таңбалы және т.с.с. сандар шығатын екі таңбалы санға бӛлу және сәйкес
кӛбейту жағдайлары;
5. Бӛліндіде нӛлдер болатын жағдайда екі және үш таңбалы сандарға бӛлу және кӛбейтудің сәйкес
жағдайлары;
6. Кӛптаңбалы сандарға кӛбейткіштердің бірінде, бір немесе бірнеше разрядында нӛлдер болатын
жағдайда кӛбейту;
7. Кӛп таңбалы сандарды екі және үш таңбалы сандарға қалдықпен бӛлу.