18
Қарым-қатынастың оқу-кәсіби саласы: кәсіби бағдарлы шетел
(ағылшын) тілінде «Археология және этнология» мамандығына кіріспе.
Саланың қазіргі жағдайы туралы мәтіндермен жұмыс
Мамандықтың пәні және мазмұны. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
Маманның кәсіби қызметінің құрылымы мен сипаты және оның оқытылып
жатқан елдегі әлеуметтікмәдени ерекшеліктері туралы жалпы түсінік.
Берілген мамандық ғылыми сала ретінде. Алынған ақпараттың мазмұнын
«Ғылым және ғалымдар» тақырыбы бойынша беру. «Археология» және
«Этнология» тақырыбы бойынша хабарламалармен сөз сөйлеу. Қазіргі
таңдағы ғылыми технологияларды кәсіби қызмете қолдану туралы пайымдау.
Саланың қазіргі жағдайы туралы мәтінмен жұмыс жасау.
Студенттік ғылыми-практикалық конференция:
археология және
этнология бойынша баяндамалар, берілген тақырыпқа байланысты
хабарламалар. Кәсіби саладағы әр түрлі мәселелер бойынша мамандыққа
қатысты мақалаларды рефераттау және аннотациялау: «білім беру» түсінігі.
Білім берудің адам өміріндегі орны. Білімді маман
даярлаудағы шетел тілін
(ағылшын)
білудің
маңыздылығы.
Коммуникация
түсінігі.
Кәсіби
коммуникация – ерекше сала. Кәсіби коммуникацияның адам өміріндегі
маңызы мен орны. Кәсіби коммуникацияның тілі. Кәсіби коммуникацияның
стилдері. Кәсіби коммуникацияның ресми және бейресми түрлері, тілді
қолдану. Кәсіби коммуникациядағы шетел тілінің (ағылшын) орны. Кәсіби
пәндерді оқытудағы шетел тілінің (ағылшын) орны.
«Археология және этнология» мамандығының метатілін көрсету:
қазақ (орыс) және ағылшынша сәйкестік. Термин жасамының
интернационалдық қоры. Термин жасамы туралы шетел тіліндегі түсінік.
Шетел (ағылшын) тіліндегі кәсіби бағдарлы терминология
Метатіл туралы түсінік. Метатіл құрылымы. Кәсіби саланың арнайы
бағыттарының метатіл корпусы. Археология және этнологияның негізгі
түсініктерінің мазмұны. Кәсіби терминологияның ерекшеліктері.
Археология
мен этнологиядағы анықтама-терминологиялық жүйе мәселесі. Ескірген
терминдер. Кәсіби терминологияның оқытылып отырған тіл елі бойынша
аймақтық
ерекшеліктері.
Халықтардың
рухани
және
материалдық
мәдениеттеріне байланысты терминдер. Ұлт, мемлекет,
тілге байланысты
терминология. Отбасы, отбасылық жағдай, некеге тұру, отбасы құрамы,
туыстық қатынас.
Этнологиялық терминдер (отбасы түрлері,
отбасылық этикет,
дәстүрлер). Археологиялық зерттеулермен байланысты терминдер (қазба
жұмыстары, барлау, шурф, материалдарды фиксациялау, кезеңдеу,
хронология, мерзімдеу және т.б.).
Археология және этнология ғылымдарына байланысты терминология,
оның ерекшелігі. Археологиялық терминология:
тас құралдар, жебе ұштары,
қорған, жиек, жерлеу, қыш, нуклеоус, қалашық, садақ қаптамасы.
Этнологиялық терминология: этнос, этногенез, этникалық тұтастық. Зерттеліп
19
отырған саладағы жалпы және арнайы әдістер. Басқа тілден енген кірме
терминдер (латын, грек, ағылшын), интернационалдық қор (ағылшын
тілінің
негізінде терминдердің құралуы). Терминологиялық сөздіктер (археология
және этнология бойынша бір және екі тілді кәсіби сөздіктер. Шет тіліндегі
лексикографиялық деректермен жұмыс (дәстүрлі және on-line). Ағылшын,
қазақ/орыс тілдеріндегі кәсіби сөздіктердің сөзтізбелерін салыстыру.
Ақпаратты іздеу (шеттілдік мағлұматтар базасы, интернет ресурстары).
Достарыңызбен бөлісу: