Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/190
Дата08.09.2022
өлшемі1,52 Mb.
#38651
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190
Байланысты:
5В020800-Археология и этнология

Пікір жазғандар: 
Нұржанов А.А. – тарих ғылымының кандитаты, жетекші ғылыми 
қызметкер А.Х.Марғұлан атындағы Археология институты 
Кәрібаев Б.Б. - тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінің Археология, этнология және музеология 
кафедрасының профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Шетел археологиясы ежелгі дәуір қоғамын зерттеуде үлкен 
жетістіктерге жетті. Сол себепті де қазіргі таңда мұндағы түрлі ғылыми 
мектептердің 
қалыптасуы, әр 
түрлі теориялық және 
әдістемелік 
концепциялардың дамуы, шетелдік археологтардың ізденістері ерекше назар 
аударуды қажет етеді. Себебі кезінде тарихты материалистік тұрғыда 
түсіндіруге тырысқан маркстік теория шетелдік зерттеушілердің ғылыми 
танымы мен пайымдауларын дәл әрі нақты көрсете алмаған еді. Соған 
байланысты бүгінгі күн талабы шетелдегі әріптестердің археологиялық 
деректерге деген көзқарасына, олардың археологиялық пайымдауларына 
жаңаша қарауды қажет етуде. Бұл әсіресе археолог-тарихшылардың жаңа 
буынын тәрбиелеуде өте маңызды қадам болып табылады. Шетел 
археологиясын жеке пән ретінде оқыту студенттердің білімін шыңдап қана 
қоймай, олардың материалдарды мейлінше терең меңгеріп, талдап, білімдерін 
одан ары жетілдіруге мол мүмкіндіктер туғызады. «Шетел археологиясы» 
курсы міндеттеріне келер болсақ, ол болашақ мамандарды дайындауда ең 
алдымен мынадай негізгі мәселелер өз шешімін табуын көздейді: 
Курсты меңгеру мақсатында «Теориялық археология», «Археология 
тарихы», «Археологияның негізі» атты пәндермен ұштастырамыз. Шетел 
археологиясын меңгеру барысында студент: 
Білуі тиіс:
Курсты меңгеруі барысында шетелдік көне және қазіргі заманғы кәсіби 
терминдер мен әдебиеттерді білуі керек. 
Меңгеруі:


45 
Қазба нәтижесінде алынған заттарға талдау жасауды; тұрғын үйлер, 
құрылыстар, жерлеу орындары конструкциясын анықтауды; маңызы зор 
ақпараттарды интернет және әдебиеттерден орыс және шет тілдерінде іздей 
білуді меңгеруі тиіс. Қазба нәтижесінде алынған материалдардың жерлеу 
орындары мен тұрғын үйлердің жасын құрылысы туралы ақпараттарды орыс 
және шет тілдерінде жазылған әдебиеттерден іздеу.
- студенттерді өз беттерінше жұмыс жасатуға дағдыландыру. 
- археологияның өзекті мәселелері туралы жазылған заманауи 
еңбектерді таңдай білу. 
Дағдылануы
Студентке нақты тарихи деректерді дереккөздермен, археологиялық 
әдіс-тәсілдерді игеру барысында келесі мәселелерге тоқталамыз: 
-мәдени қабаттардың игерілуі, анализ,мақсатқа жету барысында дұрыс 
таңдау жасай білу; 
-ауызша және жазбаша тілді логикалық нақты және дәлелді түрде құруа 
білуі; 
-түрлі деректермен және түрлі типтегі ақпараттармен жұмыс істей білуі
-басқа тілде жазылған арнайы әдебиеттермен жұмыс жасай білуі; 
-түрлі ақпараттарды кәсіби және әлеуметтік тұрғыда жазылған 
дереккөздермен ұштастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет