48
алғашқы қадамдары. Геркуланумдағы (1711), Помпейдегі (1748) қазба
жұмыстары. «Археология атасы» Винкельман (1717-1768). Грекия, Кіші Азия,
Сирия, Палестина жерлеріндегі алғашқы археологиялық экспедициялар.
Алғашқы ғылыми қауымдастықтардың құрылуы. Британ музейі (1753-1756).
Кельттер академиясы (1804). Дат ұлттық ежелгі дүние музейі (1807).
Дания
солтүстігіндегі ежелгі дүниені зерттейтін корольдік қоғамы (1825).
Нюрнбергтегі ұлттық музейі, Майнцтағы Рим – Герман орталық музейі (1852),
Сен-Жермен-ан-Ле ұлттық музейі (1862), т. б. Археологиялық мәліметтерге
түсініктеме берудің алғашқы қадамдары. Үш ғасыр жүйесі. Томсен, Ворсо,
Нильсон секілді ғалымдардың кезеңдестіруі. Морганның мәдени-тарихи
кезеңдестіруі.
Палеолиттің ашылуы. Археология
дамуына геология ғылымының
қосқан үлесі. Павиленд, Льеж, Кент үңгірлеріндегі ертедегі хайуанаттар
қалдықтарымен қатар адам сүйектері мен тас құралдарының ашылуы.
Жоғарғы палеолит. Палеонтолог Э. Лартенің археологиялық ізденістері.
Лартенің
Ле-Мустье, Ла-Мадлен үңгірлеріндегі қазба жұмыстары және оның
алғашқы палеолит өнері сақталған ескерткіштерді табуы.
Неолит, қола мен темір дәуірлерін зерттеудің басталуы. Д. Леббоктың
«Тарихқа дейінгі уақыт» атты еңбегіндегі «палеолит», «неолит», «ерте
неолит» терминдері. Свай қоныстары. Террамаралар. Кранногалар. Гальштат,
Ла-Тен ескерткіштері. Кельттер. Латен мәдениеті.
Гал қалаларының қазбалары: Бибракте және Алезия. Скифтер. Ресейдегі
скиф обаларының археологиялық қазбалары. А. П. Мельгунов, П. И.
Сумарковтың Қырымда ежелгі-грек қалаларын зерттеуі. И. А. Стемпковский
және Боспор мемлекетінің территориясындағы археологиялық зерттеулер.
Этрускілер. Этрускілердің молалары мен қоныстары. Қабырғадағы этрускілік
көркем сурет. Ескерткіштері: Чиусти, Вейни, Орвието және басқалар.
Үңгірлік өнердің ашылуы. Савтуола үңгірлерінің қазындысы. Альтамир
(Испания) және алғашқы қауымдық өнердің табылуы.
Археологтар
арасындағы пікірталас. Арлэ, Пьетт, Мортилье және басқалардың Альтамир
полихромдық суреттерінің шынтуайттығы туралы көзқарастары. Сүйектен
жасалған әйел бейнелі Брассемпуи статуэткасы. Ла-Мут, Тейяк, Камбарель,
Фон-де-Гом, Тюк д`Одубер, «Үш ағайындар» және басқа да үңгірлердегі
қабырға суреттері.
ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі антикалық археология. Пергам, Дельфа,
Афина, Олимпия, Самофракиядағы қазбалар. Г. Шлиманның Микенада,
Итакада, Орхомде және Тиринфте қазба жүргізіп ежелгі Трояны іздеуі. Эгей
өркениеті. Крит-Микен мәдениетінің зерттелуі.
Достарыңызбен бөлісу: