37
файлдар архивін пайдалануды ұйымдастырып жүр. Ол материалдар
мәтіндік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған
программалардан т.б. тұрады. Бұл мәліметтер
ұзақ уақыт сақталады және
олардың көлемі де үлкен болады.
Интернетке кіру рұқсат етуді регистрациядан өткізу уақытында ISP
қолданушыға пошталық жәшікке дискінің белгілі-бір көлемін, пошталық
жәшіктің адресін (E-mail Account Address), қолданушының атын (E-mail
Account Login Name) және поштаға заңсыз кірудің рұқсатынан арылу үшін
парольді (E-mail Account Password) бөліп береді.
Электрондық пошта
адресі: қолданушының_аты@домен_аты форматында болады, мысалы,
auesis@aipet.kz.
«@» таңбасының сол жағындағы бөлік – бұл сервердегі
пошталық жәшіктің аты (Account Namе), мұнан бұл адрестің иесі хаттардың
алады (берілген мысалда Auesis). Ережедегідей,
қолданушының аты
пошталық жәшіктің атымен сәйкес келеді. «@» таңбасының оң жағындағы
бөлік
домен деп аталады және осы пошталық жәшіктің орналасқан жеріне
көрсетеді. Электрондық поштаның адресін пайдаланушы жеткізудің ақырғы
бекеті, яғни поштаны көріп жатқан компьютер болып саналмайтынын
ескере кету жөн. Әр қолданушы бірнеше адрестерді әртүрлі пошталық
серверлерде регистрациядан өткізе алады. Бүгінгі
таңда электрондық
поштаның қызметін ақысыз көрсететін жүздеген серверлер бар, сондықтан
да кез келген Интернет қолданушы әлемнің әр бөліктерінде пошталық
жәшіктерін емін-еркін регистрациялауы мүмкін. Сондықтан электрондық
пошта адресін сіздің үйіңіздегі компьютердің адресі айқындамайды, ал Сіз
пошта алатын сервердің адресі беріледі.
Белгілі бір қолданушыда екі адрес регистрацияланған деп ойлайық:
sasha@ny-server.com және sasha@almaty-server.ru.
Ол әр жәшігінен өзінің компьютеріне хаттар алады,
бірақ біреуін ол
Нью-Йорктегі серверден, ал екіншісін – Алматыдағы серверден көшіреді.
Осыған байланысты электрондық поштаның көрсеткіштік адресациясы
жеткізу маршрутын адрес анықтайтыны туралы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: