151
Негізгі орта білім деңгейі аяқталғаннан кейін білім алушылар «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша В1 тілдік деңгейіне, «Неміс тілі» және «Француз тілі»
оқу пәндері бойынша А2+ тілдік деңгейіне жетуі тиіс.
5-9-сыныптарына арналған «Шетел тілі» пәнін оқыту:
- білім алушыларда пәндік білім мен дағдыларды саналы меңгеруді қамтамасыз
етуге;
- әртүрлі тапсырмалар арқылы тілдің А2-В1 деңгейін меңгеруге;
- оқу бағдарламалары оқу процесінің оқу пәнінің әдістемелік әлеуетін кеңейтуге,
білім
алушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыруға
бағытталған.
Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Шетел тілі» оқу пәнінің мазмұны
мемлекеттік тіл мен Отанын қастерлей және сүйе отырып, көптілді, көп
мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға; әртүрлі түпнұсқалық мәтіндердің мазмұны
арқылы сөздік қорын байытып, коммуникативтік
құзыреттілікті жетілдіруге;
түрлі тілдік коммуникативтік құзыреттілікті меңгеруге шығармашылық көзқарас
пен зерттеу жұмысы дағдыларын дамытуға бағытталған.
10-11 сыныптарда «Шетел тілі» пәнін оқыту білім алушылардың
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша В2 тілдік деңгейіне, «Неміс тілі», «Француз
тілі» оқу пәндері бойынша В1 тілдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған.
В1 және В2 сияқты жоғары деңгейде шетел тілін оқыту кезінде
оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, шетел тіліндегі ақпарат көздерімен өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге; білім алушыларды өз бетінше білім
алуға дайындауға, сондай-ақ шет тіліндегі қарым-қатынастың жеке тәжірибесін
алуға; мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке тұлғалық
қасиеттерді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Білім мазмұны бойынша білім алушылардың даярлық деңгейіне
қойылатын талаптарға сәйкес «Шетел тілі»
оқу пәні бойынша білім
алушылардың даярлық деңгейі оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы
айқындалады.
Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік
технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар,
пікірталастар,
конференциялар, байқаулар, драматургиялар және т.б.) жан-
жақты пайдалануды көздейді. Сондай-ақ, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және сабақтан тыс қызметтің кең мүмкіндіктерін белсенді
пайдаланған жөн, бұл шетел тілін үйренуге
ынталандыруды арттыру, білім
алушылардың танымдық қызметін жандандыру, олардың тілдік өзара іс-қимыл
белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай
жасауға ықпал ететін болады.
Достарыңызбен бөлісу: