Аман абасилов әлеуметтік лингвистика



Pdf көрінісі
бет16/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105
1.4.3 Тілдік қабілет
Тілдік қабілет – адамның тілді ішкі когнитивтік құрылымы 
ретінде, белгілі бір ережелер бойынша әрекет ететін психофизи-
калық қызметтік тетік ретінде, иерархиялық қағидат бойынша 
ұйымдасқан және қарым-қатынасты қамтамасыз ететін қызметтік 
жүйе ретінде білуі. Тілдік қабілет белгіленген сипатқа ие және 
субъект ретінде танылмауы мүмкін. 
Тілдік қабілет ұғымы төмендегіше түсініледі: 
а) адамның homo loouens ретіндегі даму деңгейіне сай 
жинақталған «табиғи қалыптасқан» генетикалық тұрғыдан бері-
летін туабітті қабілеттілігі (Н.Хомский, Е.Леннеберг), «фило-
генетикалық мұрасы; 
ә) қарым-қатынастың әртүрлі жағдайларындағы интенциялар-
ды тарату және тұлғаның әлеуметтену барысында қалыптасатын 
әлеуметтік 
қабілеттілігі 
(Л.С.Выготский, 
А.Н.Леонтьев, 
А.Р.Лурия), адамның онтогенетикалық когнитивтік даму нәтижесі 
(А.А.Леонтьев, А.М.Шахнарович, Е.Ф.Тарасов, Л.В.Сахарный 
т.б.). 
Тілдік қабілет мағынаға бірігетін барлық тілдік жүйені қамтиды. 
Тілдік қабілет баланың когнитивтік озық дамуының негізінде 
қалыптасады. Тілдік қабілет когнитивті жүйе ретінде тілдік қабілет 
базасында дамитын өзге когнитивті жүйелерден (математикалық 
ойлау, музыкалық қабілет) ерекшеленеді.
1.4.4. Тілдік норма
Тілдік норма дегеніміз – белгілі бір қоғамның бір кезеңдегі 
көпшілік қабылдаған сөйлеу, жазу дағдылары. Басқаша айтқанда, 
норма – бұл тілдік құралдарды таңдау мен пайдаланудың жиынтық 
ережесі. «Норма» ұғымы «әдеби тіл» ұғымымен тікелей байланы-
сты. Сондықтан да әдеби тілді көбіне нормаланған тіл деп атайды.
Норма – әдеби тілдің бүтіндігі мен жалпыға түсініктілігінің 
кепілі. Ол ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін анықтайды. Ол бір 


30
тілдік құралдарды заңды ретінде ұсынса, екінші біреулерін тілдік 
дәстүрге жат ретінде танытады.
Норма тарихи өзгерімпаз, алайда олар өте жай өзгереді. 
Дамыған әдеби тілдерде норма көптеген онжылдық бойында 
тұрақты күйінде қалады.
Әдеби норма маңызды әлеуметтік және мәдени қызметтерді 
атқарады. Адамзат іс-әрекетінің барлық маңызды салаларын 
нормаланған тіл қамтамасыз етеді: онсыз ғылымның, білім беру 
мен алудың, мәдениеттің, техниканың, заң шығару ісінің, іс 
қағаздарын жүргізудің т.б. дамуы мен жүзеге асуы мүмкін болмас 
еді. 
Норма сүзгі сияқты: ол әдеби пайдалануға халық тіліндегі 
барлық анық, нақты, асыл да дәмділерін өткізе отырып, барлық 
кездейсоқ, тұшымсыз, мәнсіздерін ұстап қалып отырады.
Соған байланысты норма динамикалы болады: ол тіл-
дік құралдарды жаман және жақсы деп қатаң түрде бөлмейді. 
Сондай-ақ мынаны барлық жағдайда қолдануға болады неме-
се мүлде болмайды деп те көрсетпейді. Өйткені сөйлеудің бір 
жағдайында (айталық, тұрмыстық диалогта) ол дұрыс, мәнді 
болса, екінші жағдайда (мысалы, ғылыми стилде) ол ыңғайсыз, 
қолайсыз көрінуі мүмкін. Міне, бұл әлеуметтік лингвистикада 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет