25
мамандары (әлеуметтанушылар,
этнографтар, саясаттанушылар,
философтар) қарастырса, екінші жағынан ол жұртшылық тарапы-
нан да кеңінен талқыланып отырады. Біртұтас теориялық базаның
жоқтығы, шынымен де, әртүлілікке әкеледі, бірыңғайлықтың бол-
мауы өзара түсінушілікке де зиянын тигізеді.
Қазігі заман тіл біліміндегі лингвистикалық терминдер сөздік-
тері (Марузо 1960; Ахманова 1966; Лингвистический энциклопе-
дический словарь 1990), сондай-ақ әлеуметтік лингвистикалық эн-
циклоедия (Пачаев 1993) лингвистің зерттеушілік аясын қанағат-
тандыра алмайды, қандай да бір
терминнің мағынасы туралы
сауалға нақты түсінік бермейді. Өйткені қазіргі күні тіл туралы
ғылымның өзі көпқырлы,
көсалалы болып, әрбір сала өзіндік
жеке арнаулы терминологиясына ие болып кетті. Міне, сондықтан
қазіргі әлеуметтік лингвистиканың алдындағы маңызды міндеттің
бірі ұғымдық аппаратты – әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер-
де қолданылатын ұғымдар жиынтығын талдап және жүйелеп алу
болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде әлеуметтік лингвистикалық терминоло-
гияны жасау проблемасы бірнеше мәрте көтерілді (Mackey 1991;
Brann 1989). 2003 жылы П.Траджилдің «Социолингвистический
глоссарий» деген еңбегі шықты. Мұнда П.Траджил негізгі концеп-
терді және әлеуметтік лингвистикада біршама жиі қолданылатын
терминдерді (580 сөз) нақтылап көрсетеді. Автордың наза-
ры әлеуметтік лингвистиканың түрлі
бағыттарына, дәстүрлі
және қазіргі диалектологияға, социолингвистер үшін ерекше
қызығушылық тудырып отырған ағылшын тілінің варианттарына
аударылған. Классикалық әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер-
ге сілтемелер берілген. Миноритарлық тілдерге, пиджин және кре-
оль тілдерге ерекше назар аударылған.
1993 жылы әлеуметтік лингвистика
бойынша энциклопедия-
лық сөздік жасаудың алғашқы ұмтылысы болып табылатын
А.Пачаевтың болгар тілінде «Малка енциклопедия на социо-
лингвисита» атты еңбегі шықты. Кітаптың
теориялық бөлімінде
әлеуметтік лингвистика пәнаралық сипаттағы ғылыми сала ретін-
26
де қарастырылып, оның теориялық және ұғымдық аппараты ашы-
лып көрсетіледі, әлеуметтік лингвистикалық мәлімет жинау мен
талдаудың әдістері қарастырылады, қоғамның тілдік өмірімен бай-
ланысты болатын проблемалар шеңбері айқындалады [13].
Әлеуметтік лингвистика – терминологиялық жүйесінің өзгерім-
паздығымен сипатталатын: кейде үнемі жаңа терминдер мен термин
секілді тіркестер пайда болып, кейде олар ескіріп стилистикалық
бояуы бар сөзге аусып кететін, ылғи маңызды түрдегі өзгерістерге
ұшырап отыратын ғылым. Осылайша
әлеуметтік лингвисти-
ка өзі өзгеріске түсіп, біртіндеп терминологиясының бұқаралық
сипаттығы кеміп, ұғымдық аппараты жетіле түседі. Әлеуметтік
лингвистика
пәнінің өзгерімпаздығы, уақытқа тәуелділігі үнемі
жаңаруды және әлеуметтік лингвистикалық терминдерді қайта ой
елегінен өткізіп отыруды талап етеді.
Біздің еліміз үшін әлеуметтік лингвистикалық терминдер
сөздігін жасау тек теориялық маңыздылыққа ғана ие емес, өзге ел
ғалымдарының бұл міндетті қалай қарастырып жатқанынан да ха-
бардар болуды көрсетеді. Ол қазіргі Қазақстандағы және сондай-
ақ бұрынғы кеңестер одағына қараған елдердегі тілдік құрылыс
үдерісін құрайтын өзекті мәселенің бірі болып табылады.
Жалпы жекелік (даралық, өзіндік)
мәртебеге талпынатын кез
келген ғылым сияқты әлеуметтік лингвистика да өзіне тән бірне-
ше арнаулы ұғымдарға (соған байланысты терминдерге) ие:
тілдік
Достарыңызбен бөлісу: