33
қатынас
ортасының «әлеуметтік топ», «әлеуметтік ұжым»,
«әлеуметтік бірлестік» сияқты бірліктерден ерекшелігі ол қоғам
шегінде емес, халық шеңберінде қалыптасады. Бұл терминнің мәні
сондай-ақ
«этникалық бірлестік» ұғымымен де сәкес келмейді:
өйткені қарым-қатынас ортасы этникалық ортамен сәйкес келуі
міндетті емес.
1.4.6. Тіл тұтынушының қарым-қатынастық құзыреттілігі
Тілдік құзіреттілік – тілді грамматикалық
және сөздік жағы-
нан білу мен меңгеру деп ұғынылатын тіл меңгерудің таза
лингвистикалық деңгейі. Н.Хомскийдің адамның тілдік қабілеті
мен сөйлеу әрекетін түсіндіруге ұсынған термині.
Мұнда ол
тіл меңгерудің таза тілдік жағын ғана есепке алды да, ондағы
әлеуметтік, жағдаяттық және басқа факторларды ескермейді.
Сөйлеушінің таза лингвистикалық дағдысына Ю.Д.Апресян мы-
наларды жатқызады: берілетін ойды әртүрлі
тәсілмен айта алу;
айтылғаннан ойды ұғына алу; тілдік тұрғыдан дұрыс айтылған мен
бұрыс айтылғанды айыра алу. Мысалы, тілдік құзіреттілік саласы-
на омонимдерді тани алу, өзгертіп қайта айта алу қабілеттілігі т.б.
жатады.
Адамдар сөйлеу үдерісінде тыңдаушыға түсінікті болуы үшін
тілдің сөздік құрамы мен грамматикасын пайдаланады. Алай-
да қандай да бір тілде тілдесу сәтті болуы үшін тек сөздік құрам
мен грамматиканы біліп қана қою жеткіліксіз. Оның үстіне тіл
тұтынушы дәстүрлі лингвистика ережелерімен бірге «жағдаятты
грамматиканы», яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы
қатынас сипатын, қатынас мақсаты мен басқа факторларың
байланысын
ескере отырып, сөз саптай алуы керек. Бұл тіл
жұмсаушының қарым-қатынастық құзыреттілігін танытады. Мы-
салы, түскі ас үстінде тамақтанып отырған өзге үстелдегі көршіңіз
егер сізге: «Маған анау тұрған ас тұзын беріп жіберер ме екен-
сіз», - деп тіл қатса (бұл сөйлем айтылу мақсатына қарай сұраулы,
ал мағынасы өтінуді білдіреді), сіздің жауабыңыз ас тұзын алып
34
беру әрекеті болар еді. Егер сіз бұл өтінішті сұрақ ретінде түсініп,
оған: «Ия» немесе «Жоқ» деп ешқандай
әрекетсіз көршіңізден
тағы да тікелей өтінуін күтсеңіз, онда қарым-қатынас процесі
бұзылады. Сіз айтушының күткеніндей әрекет жасай алмай, тіл
меңгерудің шартын бұздыңыз. Сол себептен де осындай мәселені
зерттеген социолингвист-ғалым Р.Якобсон
сөйлеушіге қарағанда
тыңдаушының тілдік құзыретінің жоғары болатынына ерекше
көңіл бөледі. Ол: «Интересной лингвистической задачей – деп
жазады – является точное сравнение более высокой, как правило,
языковой компетенции индивида в роли слушающего с более низ-
кой языковой компетенции того же индивида в роли говорящего»
[17].
Бұл сәйкестенбеушілік екі интелектуалдық категорияның –
Достарыңызбен бөлісу: