12
Әлеуметтік лингвистика деген атынан көрініп тұрғандай бұл
ғылыми пән бірнеше ғылымдардың (тіл білімі, әлеуметтану, пси-
хология, тарих, этнография, демография, экономика, саясаттану
т.б.) тоғысқан жерінен пайда болған. Әлеуметтік лингвистиканың
осындай пәнаралық сипатын көптеген ғалымдар мойындайды,
бірақ бұл мойындаушылық оның қай ғылымға көбірек жақын екен-
дігіне жауап бола алмайды. Осыдан бұл ғылымды зерттеумен кім
айналысады деген сұрақ туады. Мұндай сұраққа қазіргі әлеуметтік
лингвиститка – бұл тіл білімінің бір саласы деп нақты жауап бе-
реді. Өйткені, оның қай ғылымға жататындығы, өзіндік мәртебесі
туралы даудың күні өтті. Ол – әлеуметтік лингвистиканың пайда
болу, қалыптасу кезеңіндегі мәселе.
Бүгін, XXI ғасыр басында әлеуметтік лингвистика өзінің ны-
санын, мақсаты мен міндеттерін ғана анықтап қойған жоқ, соны-
мен қатар тіл білімі ғылымына тән нақтылы нәтижелерін де беріп
үлгірді.
Сонымен әлеуметтік лингвистиканың нысаны - қолданыстағы
тіл. Өзі қамтамасыз ететін қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік
жүйесіндегі тілдің немесе тілдердің қызмет ету тетіктері мен
олардың өзара қатынасы әлеуметтік лингвистиканың зерттеу ая-
сын көрсетеді. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әлеуметтік лингви-
стика тілдің ішкі құрылымын зерттемейді, бірақ көптеген тілдік
элеметтердің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы элементтер-
мен шартты байланыстарын қарастырады.
Жалпы тіл қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылымдарға ие
бола отырып, қаншалықты қызмет етсе, тілді әлеуметтік контексте
зерттейтін әлеуметтік лингвистика ғылымы туралы да соншалықты
айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: