Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


жүйесі ↔ тілдің ішкі жүйесі



Pdf көрінісі
бет9/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
жүйесі ↔ тілдің ішкі жүйесі [6,154.]. 
Ал тілдің қоғамға әсер ету мәселесін Г.В.Степанов жеке 
қарастырып, былай деп тұжырымдайды: «Изучение воздействия 
языка на социум относятся к особой отрасли знании» [6, 154.]. 
Анықтай айтқанда Г.В. Степановтың пікірінше бұл семиотиканың 
бір бөлігі болып табылады.
Тіл білімі бойынша еңбектердің, түрлі зерттеулердің авто-
ры Р.А.Будагов тіл біліміндегі қазіргі бағыттарды талдай келе, 
әлеуметтік лингвистиканы барынша кең мазмұнда қарауға 
шақырады. «Соңғы уақытқа дейін»,- деп жазады ол «Адам және 
оның тілі» атты еңбегінде - әлеуметтік лингвистика тілдік қарым-
қатынас, тілдік саралану мәселелерімен айналысты. Әлеуметтік 
лингвистиканың аясын кеңейту уақыты туды. Адамдардың бел-
сенді көзқарасы лингвистер алдына тіл мен оның сөйлеушілері 
арасында болатын күнделікті өзара терең байланыс проблема-
сын қойып отыр» [7,107.].
Әлеуметтік лингвистиканың кең көлемдік зерттеу аясы тура-
лы Ю.Д.Дешериев, Л.Б.Никольский, А.Д.Швейцер т.б. ғалымдар 
көптеген пікірлер білдіреді, дегенмен олар оның зерттеу нысана-
сына әртүрлі проблемаларды айтады. Айталық, Ю.Д.Дешериев 
әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысанасына тілдердің қызмет 
етуі мен дамуындағы әлеуметтік бірлік заңдылықтарын атай келіп, 


18
былай деп жазады: «....основным предметом социальной лингви-
стики является исследование социолизованных отношений, соот-
несенных с социольными явлениями в жизни общества, обуслов-
ленных функционированием, развитием и взаимодействием языков 
(преимущественно функциональной, социольной, профессиональ-
ной дифференциации языка). ...проявляющихся в языке в целом, а 
также на всех уровнях его внутренной структуры» [8,126.]. 
Л.Б.Никольский алдымен тілдік жағдаят проблемасына назар 
аударып, оған тілдер мен диалектілер қарым-қатынасы, сөйлеудің 
диалектіүстілік формаларының қалыптасуы, тілдің нормалану 
және ұлттық әдеби тілдің қалыптасуы туралы мәселелерді қамтып 
көрсетеді [9,32-63.].
А.Д.Швейцер болса, Ю.Д.Дешериевтің анықтамасын негізге 
ала отырып, біріншіден, тіл мен қоғам арасындағы байланысқа 
екі жақты сипаттама беруді баса айтса, екіншіден, әлеуметтік 
лингвистикалық зерттеулер қарауына сөйлеу қарым-қатынасын-
дағы тіл қолданушылыққа әлеуметтік факторлардың әсер етуін, 
сондай-ақ осы факторлардың тіл құрылымында бейнеленуіне тал-
дау жасау қажеттігін көрсетеді. Тілге әсер ететін факторлардың 
ішінде тек объективті факторларды ғана емес, субъективті 
факторлардың да тіл тұтынушылардың әлеуметтік дағдысы мен 
әлеуметтік құндылықтарына әсер ететіндігін талдап береді [10,69.]. 
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу аясы, пәндік мазмұны ту-
ралы мұнан да кеңірек талдамаларды шетелдік тілшілер зертте-
улерінен, мысалы, Д.Хаймс, У.Брайт, Дж.Фишман, У.Лобов, 
Дж.Гамперц, С.Эрвин-Грипп, Э.Хауген, сондай-ақ Р.Т.Белл, 
Р.Берлинг, Д.Прайд, П.Трайджилл т.б. берген анықтамалардан 
көруге болады.
Сонымен қорыта келгенде, әлеуметтік лингвистика немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет