7
алынған термин), қысқаша – социолингвистика – түрлі ғылым-
дармен (әлеуметтану, этнография,
антропология, психология,
мәдениеттану, педагогика, тарих, саясаттану, дінтану, заң ғылымы
т.б.) және тіл білімінің жекелеген салаларымен (когнитивті лин-
гвистика, гендрлік лингвистика, лингвистикалық статистика,
ареалдық лингвистика, психолингвистика т.б.) тығыз әрі пәнаралық
байланыста дамып келе жатқан жас ғылым саласы.
Оның ғылым ретіндегі негізін Париж структурализмінің,
Женева мектебінің өкілдері (А.Саше, Ш.Бали, А.Мартине,
С.Д.Карцевский, Р.Редаль т.б.), немістің тарихи диалектографи-
стері (Р.Розенкорнц, Т.Фрингс, Р.Горссе т.б.), кеңестік дәуірдегі
әлеуметтік бағытты ұстаушылар (Е.Д.Поливанов, Р.Д.Шор,
В.М.Жирмунский, Б.А.Ларин т.б.) қалады.
Қазақстанда әлеуметтік лингвистика
бұрынғы КСРО-дағы
әлеуметтік бағыттың негізінде дамыды. Еліміздің тәуелсіздігін
алғаннан бергі он жыл ішінде республикадағы тілдік ахуал,
тіл саясаты, оның өзіндік бағыттары зерттелді, әлі де тереңдей
түсуде. Бүгінгі таңда осындай іргелі зерттеулердің көмегімен
еліміздің өзіндік тілдік құрылысы және онымен байланысты
мәселелер ғылыми шешімін табуда. Бұл бағытта Б.Х.Хасанұлы,
Э.Д.Сүлейменова, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, М.К.Исаев,
З.К.Ахметжанова, С.Баяндина, А.Құмарова, С.Асанбаева, А.Аба-
силов т.б. ғалымдардың еңбектерін ерекше атауға болады.
Қазіргі таңда әлеуметтік лингвистика
өзіндік зерттеу әдіс-
тәсілдер мен бірнеше дербес бағыттары бар (диахрондық социо-
лингвистика, синхрондық социолингвистика, теориялық социо-
лингвистика, қолданбалы социолингвистика, макросоциолингви-
стика, микросоциолингвистика т.б.) тіл білімінің дербес бір сала-
сы ретінде дамуда. Демек, білім алушылардың (әсіресе қазақтілді
аудиториялардағы) әлеуметтік лингвистикалық танымы мен
дайындығын арттырудың бір жолы оларға осы жас ғылым саласы
бойынша, оның өзіндік
проблемалары мен зерттеу әдіс-тәсілдері
жайында арнайы курстар мен семинарлар,
лабораториялық
сабақтар керек.
8
«Әлеуметтік лингвистика» атты бұл еңбек білім алушылардың
әлемдік тіл білімінің қазіргі өзекті де перспективалық
бағыттарының бірі – әлеуметтік лингвистика бойынша білімдерін
өз ана тілінде (қазақ тілінде) алуына мүмкіндік береді. Мұнда олар
жас мемлекетіміздің одан әрі нығаюы мен тілдік құрылысының
қалыпты қызмет етуіне, этносаралық, тіларалық қатынастарының
тең әрі тұрақты дамуына ықпал ететін демократиялық бағыттағы
тіл саясатымен, этнолингвистикалық, тілдік жағдаяттарымен та-
нысады. Әлеуметтік лингвистиканың пәндік және теориялық
ұғымдарынан, қазіргі проблемаларынан хабардар болады.
Еңбекте қамтылған мәселелер негізінен
алты тарауға бөлініп
берілген. Бірінші тарауда әлеуметтік лингвистиканың танымдық
аппараты, ғылымдар жүйесінде, тіл білімінде алатын орны, ол
жөніндегі көзқарастар сөз болады. Әлеуметтік лингвистиканың
қарауына жататын мәселелер санамаланып көрсетіледі. Ол про-
блемаларды шешудегі ғылым саласының өзіндік бағыттарына шо-
лулар жасалады, тілді зерттеудегі әлеуметтік лингвистикалық әдіс-
тәсілдер сөз болып, оларды пайдаланудың жолдарына ұсыныстар
беріледі.
Екінші тарау әлеуметтік лингвистиканың өзіндік зерттеу
бағыттары мен әдіс-тәсілдеріне арналған. Онда әлеуметтік
лингвистиканың
синхронды, диахорнды, макро- және микро-
әлеуметтік лингвистика, теориялық әлеуметтік лингвистика мәсе-
лелері, сондай-ақ әлеуметтік лингвистиканың басқа да зерттеу
бағыттары жеке-жеке сөз болады.
Үшінші тарауда әлеуметтік лингвистиканың орталық про-
блемаларының бірі – «Тіл және қоғам» мәселесі қарастырылады.
Тілдің қоғамдағы өмір сүру формаларына жекелей тоқталып,
олардың қысқаша әлеуметтік лингвистикалық сипаттамалары
беріледі.
Тілдің қоғамдағы қызметі, оның типологиясы беріледі.
Тілдің (тілдердің), олардың қосымша жүйелерінің түрлі әлеуметтік
орталарда, өмір салаларында қолданылуы талдауға түседі. Тілдің
дамуы мен қызмет етуіне әсер ететін объективті және субъектив-
9
ті факторлар жекелей қарастырылып, олар республиканың нақты
аймақтар деңгейінде талданып беріледі.
Төртінші тарау этнолингвистикалық, тілдік жағдаят мәселе-
леріне, олардың типтік түрлеріне, тілдердің бір біріне әсер етуі,
диглоссия, билингвизм теориясына арналған. Бұл мәселелерге
байланысты отандық, шетелдік ғалымдардың көзқарастар мен
пікірлері жан-жақты қарастырылады.
Бесінші тарауда «Тіл саясаты» ұғымы, оның тіл дамытудағы
орны мен мәніне талдау жасалады. «Мемлекеттік тіл»
ұғымы
тілдің өзге мәртебелерімен салыстырыла сипатталып көрсетіледі.
Бұл орайда әлемдік тәжірибе мен өз еліміздегі тілдік тәжірибе
назарға алынып, арнайы материал көзі ретінде қарастырылады.
Алтыншы тарауда қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың
проблемалары, зерттелу тарихы қысқаша сипатталады. Қазақ-
стандық зерттеуші-ғалымдардың еңбектері жөнінде мәліметтер
беріледі.
Кітапта сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы тілдердің
құқықтық базасын қалыптастыруға байланысты қабылданған
құжаттар, Әлемдегі және Қазақстан
Республикасындағы тілдер,
олардың сөйлеушілері мен қолданылуы туралы статистикалық ма-
териалдар, әлеуметтік лингвистика бойынша тест сұрақтары үш
қосымшаға топтастырылып беріледі.
Жалпы оқырманға ұсынылып отырған еңбек мүмкіндігінше
қазақстандық әлеуметтік лингвистиканың проблемаларын қам-
тығандығымен және оны ана тілімізде баяндауымен ерекшеленеді.