4 ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ
4.1 Этнолингвистикалық жағдаят
Белгілі бір этникалық қауымдастықтағы тіл проблемаларын ше-
шуді саналы түрде жоспарлау мен реттеу алдымен сол жердің өзіне
тән қалыптасқан этнолингвистикалық жағдаятын анықтап алуды
қажет етеді. Этнолингвистикалық жағдаят деп белгілі бір әкімшілік
аумақтағы этностар құрамы мен олардың тілдерінің сол аумақ
шегінде таралуының жай-күйін айтады. «Этнолингвистикалық
жағдаят» ұғымы тілдік жағдаятпен өзара тығыз байланысты.
Сондықтан олардың бірлігіне көңіл бөліп, шығатын барлық
нәтижелерді қоса қарастырудың мәні зор. Бұл жайында Л.Б. Ни-
кольский былай дейді: «...Если термин этнолингвистическая си-
туация обозначает пространственное распределение языков, от-
ношение между ними «по горизонтали», то термин «языковая си-
туация» обозначает их распределение по социальным слоям и со-
циальным рольям т.е. отражает «вертикальные», иерархические
отношения между классами и социальными и профессиональными
группами в обществе » [37, 31.].
Қазақстан – қазақ ұлтынан басқа көптеген этнос өкілдерінен
тұратын мемлекет. Бұл күндері оның өзіне тән қалыптасқан
әлеуметтік коммуникативтік жүйесін 128 тіл құрайды. «Егер тіл
атаулыны сөйлеушілерінің санына қарай бір сапқа тізер болсақ,
- дейді белгілі ғалым Б.Хасанұлы – көш басында қазақ тілі де,
соңында екі адам ғана сөйлейтін эн тілі орналасқан болар еді» [28,
159.].
Жоғарыда баяндап өткеніміздей, Қазақстандағы осы халық тіл-
дерін сөйлеушілерінің саны мен атқарып келе жатқан қоғамдық
қызметінің көлеміне қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
1) қоғамдық қызметінің ауқымы кең тілдер, оған мемлекеттік
тіл – қазақ тілі мен орыс тілі жатады.
2) қоғамдық қызметінің ауқымы тар тілдер, бұл топқа қоғамдық
қызметі біршама дамыған, дегенмен тар ауқымды қамтитын кейбір
100
қала, аудандарда шоғыр орналасқан украин, неміс, татар, поляк,
чечен, ингуш т.б тілдер енеді. Бұл тілдердің қай қайсысы да оқу
тілі, оқу пәні ретінде және ұлттық мәдениетте қолданылады.
3) қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер, бұл – сөйлеушілері
санаулы болып келетін, жазуы жоқ, отбасы ішінде, өз ұлысы
өкілдері арасында, ауыз әдебиетінде ғана, соның өзінде шектеулі
қолданылатын тілдер. Мәселен, оларға әр жерде бір кездесетін,
саналы ғана адам сөйлейтін рутул, цахур, долган, манси, эвен, ка-
райм, эн т.б. сияқты тілдер жатады.
Тіл – өте күрделі де нәзік мәселе. Қазіргі уақытта республика
көлемінде мемлекеттік тіл саясатын дамытуға зор көңіл бөлініп
отырғаны белгілі. Президентіміз өзінің жыл сайынғы Қазақстан
халқына арналған Жолдауларында мемлекеттік тіл саясатына,
оның ішінде мемлекеттік тілге қатысты өзекті мәселелерді барын-
ша көтеріп келеді. Бұған Елбасының: «Ең бір қиын кезеңдерде
ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ тілі бүгінгі азат
өмірімізде де ұлтты тұтастырудың тетігі болуға тиіс», – деген
сөзі, сондай-ақ ұлтты ұлт ретінде ұйыстырушы оның тілі екендігі
жөнінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты афоризмге
айналған сөздері дәлел бола алады.
Ана тіліміздің қадірін арттыруға байланысты Елбасымыздың
осындай көтерген бастамасы – баршамыздан үлкен жауапкер-
шілікті қажет етеді. Елімізде мемлекеттік тіл саясаты өркениетті,
зайырлы елдердің дәстүрі мен тәуелсіз Қазақстанның мүддесіне
сай байыппен, сындарлы қалыпта жүргізіліп келеді. Бұл бағытта
айтарлықтай ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Қазақ тілінің қызмет ету аясын ұлғайту және өзге тілдерді ана
тілі ретінде сақтай отырып дамыту, тіл саясатын тұрақтандыру
мақсатындағы тілдік реформа жүргізу 1987 жылдан басталды.
1989 жылы қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық
қарым-қатынас тілі деп бекіткен Қазақ ССР-нің Тіл туралы заңы
қабылданды. Оның келесі жылында, 1990 жылы Қазақ ССР-ін-
де қазақ тілін және өзге тілдерді дамытудың 2000 жылға дейінгі
мемлекеттік бағдарламасы жарық көрді. Қазақ, орыс тілдерінің
101
мәртебелері Тіл туралы заңда анықталды және ол 1993 жылы
Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілді. 1995 жылы
Конституциясының жаңа жобасы қабылданып, онда қазақ тілінің
өзіндік мәртебесі және орыс тілінің қолданылу аясы анықталды.
Ал 1996 жылы тіл саясатының тұжырымдамасы жарық көріп,
соның негізінде 1997 жылы 11 шілдеде Тіл туралы заңның жаңа
жобасы қабылданды. Міне, содан бергі уақытта Тіл туралы заңның
жүзеге асуын, тілдерді дамытудың нақты жоспарларын қамтитын
мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, олар өз жемісін беріп ке-
леді. Елімізде тілдерді дамытуға арналған 2011–-2020 жылдарға
арналған бағдарламада мемлекеттік тіл мен өзге тілдерді дамыту
үш кезеңге бөлінген жоспары бойынша жүзеге аспақ. Бұл әлемдік
тіл дамыту тәжірибесіне негізделіп отыр.
Қазақстан қоғамындағы тіл дамытудың басты бағыты – лин-
гвистикалық егемендік жағдайында тілдерді үйлесімді теңдікте да-
мыту жолын ұстану. Бұл – тіл дамытудың демократиялық бағыты.
Сондықтан оның проблемаларын шешуде өздерін демократияшыл-
мыз деп санайтын елдердің өздері де араласа қоймайды. Халықтар
достығы мен ынтымағының әлемдік символына айналған біздің
еліміздегі тілдік саясат бұл мәселені «бір социум – көп идиом
(тіл)» формуласына сәйкес шешуде.
Көпэтносты қоғамдағы осындай күрделі тілдік проблемалар-
ды шешуде әр алуан әлеуметтік лингвистикалық түсініктер мен
ұғымдарды (мемлекеттік тіл, ресми тіл, ұлттық тіл, ана тілі, біртіл-
ділік, қостілділік, үштілділік, төрттілділік, қоғам, социум, тілдік
ұжым, тілдік тұлға, әлемнің тілдік бейнесі т.б.) ажырата отырып,
олардың әрқайсына өз құзіреттілігіне қарай көңіл бөлу қажет.
Елдің немесе оның аумақтарындағы тілдік үдерістер жағдайына
әлеуметтік лингвистикалық мониторинг жасау үшін ондағы тілдер-
ге жекелей тоқталып, сипаттама жасау қажет. Қалыптасып отырған
тілдік жағдаятқа әлеуметтік лингвистикалық баға беру керек.
Әлемнің кез келген мемлекетінің халқы мейлі бір ұлттан тұрсын,
мейлі көп ұлттан құралған болсын, бәрібір тіл проблемаларынсыз
болмайды. Ол проблемаларды шешу ісі сол мемлекеттегі тілдер
102
дамуын саналы түрде қолға алу мен оған ғылыми сипаттама беру-
ден бастау алады. Бұл алдымен сол жердің өзіне тән қалыптасқан
этнолингвистикалық және тілдік жағдаяттарын анықтап алу-
ды қажет етеді. Этнолингвистикалық жағдаят деп белгілі бір
әкімшілік аумақтағы этностар құрамы мен олардың тілдерінің сол
аумақ шегінде таралуының жай-күйін айтады. Ал тілдік жағдаят
дегеніміз - бұл белгілі бір этникалық бірлестіктегі немесе көптілді
әкімшілік-аумақтағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тілдік
құрылымдардың (жекелеген тілдер мен олардың өмір сүру фор-
малары) қызмет ету жағынан бөлініп таралу үдерістері мен оған
әсер етушілік күші бар түрлі әлеуметтік факторлардың жиынтығы.
Басқаша айтқанда, тілдік жағдаят деп көпэтносты қоғамдағы
тілдердің нақтылы қызмет етуін айтамыз.
Бүгінгі таңда қоғамдағы тілдік жағдаятты зерттеу маңызды
проблемалардың бірі болып отыр. Тілдік жағдаяттың пайда болуы
мен қалыптасуы түрлі жағдайлармен, айталық, тілдік және тілдік
емес (әлеуметтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи,
географиялық және басқа да) факторлардың әсер етуімен байла-
нысты болады. Тілдік жағдаятты қоғамдағы тілдердің нақтылы
қолданылу бейнесі ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік
жүйедегі өзгерістердің, құндылық бағдарлардағы алмасулардың
және адамдардың өзін-өзі ұстауындағы ұстанымдардың барлығы
елдің тілдік жағдаятында көрініс табады.
Бүгінгі Қазақстандағы қалыптасқан тілдік жағдаяттың өзіндік
жекелік белгілері бар. Қазақстанда тәуелсіздікті қамтамасыз етудің
символы, атрибуты және тетігі болып табылатын мемлекеттік тілді
дамытудың өзіндік үлгісі қалыптасқан.
Мемлекеттік тіл – бұл адамның азаматтық және саяси құқығын
толық жүзеге асыруының, елдің қоғамдық-саяси өміріне толық
араласа алуының, жеке бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуметтік
ұтқырлығының кепілі.
Ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісі
біздің еліміздің басты белгісі болуы кездейсоқ емес. Бұл үлгі
Қазақстанның егеменді ел ретінде дамуының барлық кезеңдерінде
103
мақсатты бағытталған және өлшеніп-пішілген мемлекеттік сая-
саты болып қалыптасты. Мемлекет барлық этнос өкілдері үшін
тиімді тілдік кеңістік жасауға барынша назар аударады.
Тілдік үдерістерді қоғамда болып жатқан өзгерулерді бейне-
лейтін әлеуметтік үдерістерге жатқызған дұрыс, өйткені оларды
нормативті актілердің көмегімен бір мезетте тез өзгертуге бол-
майды. Тіл – өзінің ішкі даму заңдылықтарымен дамитын және
қалыптасқан тілдік дәстүрге қатысты болып келетін жүйе. Барлық
әлеуметтік өзгерістер мен төңкерістер тілдің сыртқы қызметтік
және ішкі құрылымдық дамуына тікелей әсер етеді.
Мемлекеттің қалыптасу жылдарында қазақ тілі халықпен бір-
ге оның басына түскен барлық өзгерістерді өз бойынан өткізді.
Төңкеріске дейін қазақтар саны жағынан Ресей империясындағы
халықтар арасында алтыншы орынды алды. Ал алғашқы кеңестік
энциклопедияда қазақтар КСРО-дағы ең ірі түркітілдес ұлт ретін-
де анықталады.
1920 жылғы КСРО халықтық комиссариатынан алынған
мәліметтер бойынша, 1916 жылы қазақтардың саны 5,2 млн. адам-
ды құраған [38]. Алайда ХХ ғасырдың 30-жылдары халық саны
кеми түседі. 1926 жылы төңкеріс кезінде және азаматтық соғыстан
кейін қазақтардың саны 6 млн. 200 мың адам болған. Ұжымдастыру
мен ашаршылық салдарынан 1932–1933 жылдары 2 млн. қазақ
қырғынға ұшыраса (этностың үштен бірі), шамамен 1 млн. адам
республикадан тыс жерлерге қоныс аударған.
Тың игерудің алғашқы жылдарында республиканың барлық
тұрғындары арасында қазақтардың саны 29 % дейін құлдырады.
Осыдан қазақтар өз отанында этникалық азшылықта қалды. Осы
жағдайлардан кейін қазақ тілі өз орнын, мәртебесін жоғалтқанның
үстіне жоғалтып, оқып-үйренуі қажетсіз тілге айналды. Сөйтіп
Қазақстанның түпкілікті тұрғындары өз ана тілінде сөйлеуге
қысылатындай дәрежеге жетті.
Көптеген жылдар бойы білім беру жүйесі дәстүрлі және кеңестік
шектеулі қысымда келді. 60-жылдары орыс тілі жоғарғы оқу орын-
дары мен ғылымның негізгі тіліне айналды, оқуы қазақ тілінде-
104
гі мектептер жоспарлы түрде жаппай қысқартылды. «Тоқырау»
дәуірінде кітап өнімдерінің 95% және телебағдарламалардың 70%
орыс тілінде шығарылды, сондай-ақ орыс тілі ісқағаздарын жүргізу
тіліне айналды. Алайда қиын қыстау заманға қарамастан аға ұрпақ
ана тілін сақтап қалды және оны өз ұрпағына бере білді. Осымен
қабат бұл қиын кезеңдерде орыстілді ортада өсіп-тәриеленген
ұрпақ та қалыптасты.
Осылайша тарихи тұрғыда біржақты қостілділік қалыптасты.
Қазақстанның көпшілік тұрғындары екі тілде сөйлейтін болды:
қазақ тілі және орыс тілі. Билингвизм – бәсекелестік артықшылық,
ол бізге берілген өткен тарихтың сыбағасы, ал бүгінгі күні ол жап-
пай белең алып келе жатқан көптілділік құбылысымен ауыстыру-
да.
Мемлекеттік тілді және өзге бірнеше тілді меңгеру ел
азаматтарының жеке бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы бо-
луда. Мемлекет деңгейінде әрбір қазақстандық кем дегенде үш тіл-
ді білуі жөнінде ұстаным жасалуда: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Егемендік жағдайында және Қазақстандағы жаңа тіл саясатымен
жаңа тілдік жағдаятты қалыптастыруға бағытталған жаңа ұрпақ
өсіп шықты. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясы күннен күнге кеңи
түсті. Мемлекеттік тілді ұлттың өзге мәдени құндылықтарымен
(дәстүр мен салт) қатар меңгеру қоғамдық үдерістерге сәтті
бейімделудің, әлеуметтік жайлылық факторының бірі болып отыр.
Айталық, зерттеушілердің жүргізген әлеуметтік сауалнама-
ларының мәліметтері қазақ тілін, қазақ және орыс тілдерін
меңгерген азаматтар өздерінің ұтымды жағдайда екенін және олар
елдің ағымдағы дамуы мен болашағына қатысты біршама белсен-
ді пікір айта алатынын көрсетеді. Қазақтілділердің арасындағы
өмірге қанағаттанарлық деңгейі 73,2% құраса, екі тілді меңгерген-
дердің (қостілділер) деңгейі – 71,9%, орыстілділердің көрсеткіші
– 53,9 % [39, 22.].
Тіл – ұлттық мәдени құндылық, ұлт болып ұйымдасудың,
әлеуметтік құрылым ретіндегі ұлттың пайда болуы мен өзін-өзі
қалыптастырудың тетігі. Демек, тіл жөніндегі мәселе тек мәдени
ғана емес, саяси да мәселе. Жыл сайын Елбасы Қазақстан халына
105
Жолдауында тілдің ұлттық мемлекеттің негізгі қазығы екенін, үш
тілді білу – бұл әрбір қазақстандықтың жеке ұтымдылығы екенін
үнемі еске салып отырады. Ел Президентінің басшылығымен мем-
лекеттік тілді, ағылшын және орыс тілдерін, сондай-ақ еліміздегі
басқа этникалық тілдерді теңдікте дамыту жүргізілуде. Тіл саяса-
ты мен жүріп жатқан тілдік үдеріске жасалған талдау Қазақстанда
көптілділіктің толыққанды дамуына барлық жағдай жасалған де-
ген тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттің тиімді тілдік кеңістігін құру тілдердің бір-бірімен
қызметтік қатынасын нақты анықтауды қажет етеді. Бұл алдымен
мынадай статистикалық мәліметтердің мәнін ашуға көмектеседі.
Алайда, одан бұрын республика тұрғындарының этникалық
құрылымы туралы статистикалық мәліметтерге назар аудару керек.
Қазақстан өзіне тән қалыптасқан әлеуметтік-коммуникативтік
жүйеден тұрады. Бұл жүйе қоғамдық қызмет атқаратын барлық
тіл атаулыны, сондай-ақ біртілділік, қостілділік, көптілділік
түрлерінің барлығын қамтиды. Жүзден астам этнос тілдері лабора-
ториясынан тұратын Қазақстандағы бүгінгі тілдік жағдаятты: мем-
лекеттік тіл – қазақ тілі; мемлекеттік ұйымдарда және жергілік-
ті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қазақ тілімен тең
қолданылатын орыс тілі; жекелеген облыс, аудан т.б. төңірегінде
тығыз қоныстанған қоғамдық қызметі алғашқы екеуінен тар кейбір
этнос тілдері; сондай-ақ тұрмыстық, отбасылық қатынастарда ғана
қолданылатын қоғамдық қызметі нашар дамыған тілдер құрайды
[28,159.].
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша дайындалған «Қазақстан
Республикасындағы тіл саясаты (әлеуметтік зерттеу нәтижелері)»
атты басылымда еліміздегі тілдік жағдаятты құрайтын жоғарыда
айтылған тілдерді халықтың меңгеру деңгейін арнайы жүргізілген
сауалнама қорытындысы мынаны көрсетеді. Алдымен республи-
ка халқының мемлекеттік тілді, орыс тілін, басқа этностардың ана
тілдерін және ағылшын тілін меңгеруіне тоқталайық: «Сауалнама
мәліметтері көрсетіп отырғандай, сауалнамаға қатысқандардың ба-
106
сым бөлігі, бұл 51,8% құрайды, мемлекеттік тілді жоғары деңгейде
меңгерген, 2011 жылы бұл көрсеткіш 46,0% құраған. Оның ішін-
де 41,1% – еркін сөйлейді, оқиды және жазады, 10,7% – еркін
меңгерген, оның ішінде кәсіби лексиканы да біледі. Орыс тілін
меңгеру деңгейі біршама жоғары: 59,8% – еркін сөйлейді, оқиды
және жазады, 22,8 % – еркін меңгерген, оның ішінде кәсіби лек-
сиканы да біледі. Өз этносының тілінде еркін сөйлейтіндер 79,9%
(2011 жылы 78,2%), ағылшын тілінде сөйлеушілер саны – 3,9 %»
[40, 14.].
Халықтың мемлекеттік тіл – қазақ тілін меңгеруіне келер
болсақ, оны меңгергендердің жоғары деңгейі қазақ ұлтының
өкілдері болып табылады (84,2 %). Орыстардың арасында бұл
көрсеткіш 4,5% ғана құрайды, ал басқа этникалық топтардан
құралған респонденттердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі оған
қарағанда анағұрлым жоғары – 23,4 %. Ал орыс тілінің меңгерілу
жағдайын айтар болсақ, орыстардың өз ана тілін білуі өте жоғары
(97,0%). Басқа этностардың респонденттері орыс тілін сауалнамаға
қатысқан қазақ этносының өкілдеріне қарағанда жақсы біледі
(сәйкесінше 85,1% және 73,9%), оның бір себебі сауалнамаға
қатысқандардың құрамында славян этникалық топтары өкілдерінің
басым болуына байланысты. Халықтың өз этносының тілін
меңгеру деңгейі тұрғысынан қарар болсақ, қазақтардың арасында
бұл көрсеткіш 78,9% құрайды, басқа этностар арасында – 53,0%
[40,17-19.].
Аталған басылымдағы зерттеу қорытындылары мынадай
мәселенің басын ашады: «2011 жылмен салыстырғанда, қазақ
тілін меңгеру деңгейі біршама өскен, орыс тілін меңгеру деңгейі
сол қалпында сақталып отыр. Сонымен қатар мемлекеттік тілді
кәсіби лексика деңгейінде білетіндер саны азайған. Бұл тілді білу
деңгейіне қойылатын талаптардың күшеюі, ҚАЗТЕСТ-тің ен-
гізілуіне байланысты болуы мүмкін, бұл жеке тілдің құзыреттілік
бағасының деңгейін төмендетуге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Этникалық тілдерді білу деңгейі сақталған және оның көрсеткіші
өсіп келеді, бұл – елдегі этностардың тілін үйренуге мүмкіндік
107
жасалып отырғанының айғағы. Өңірлік аспект тұрғысынан алып
қарағанда, қазақ тілін білуде басымдылық танытатын және орыс
тілін білуде басымдылыққа ие өңірлер бар. Қазақ тілін білудің
жоғары деңгейі оңтүстік және батыс аймақтарда кездеседі. Мем-
лекеттік тілді меңгерудің жоғары деңгейі аяқталмаған жоғары,
жоғары білімді және ғылыми атағы бар респонденттерге тән.
Мемлекеттік тілді меңгерудің анағұрлым жоғары деңгейі 18 жас
пен 29 жас аралығындағы респонденттерге тән. Бұл кейінгі ұрпақ
өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйренудің тілдік базасы мен
жүйесінің бар екеніне дәлел бола алады» [40,17.].
Тілдік жағдаятта қостілділік, көптілділік мәселелері айрықша
орын алады. Қостілділік – адамзат қоғамына тән, жалпыға ортақ
әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс. Әр адамның қоғамдағы
күллі тілді білуі мүмкін емес, демек, оның екінші тілді білуі
күнделікті ұлтаралық қарым-қатынас үшін керек (лингвистикалық
қабілеті мықты кейбір адамдардың кейде үш-төрт, тіпті одан да
көп тілді білуі өмірде кездеседі). Міне, осы тұрғыдан келгенде, 130
астам тілде сөйлейтін Қазақстан халқы арасында қостілділіктің
кең таралуының ұлттық қатынасты жақсартудағы орны ерекше.
Қазіргі Қазақстан жерін мекендеген халықтар арасында әр ке-
зде қостілділіктің неше алуан түрлері кездескен. Олардың нақты
іздері лингвистикалық, тарихи, археологиялық материалдардан
байқалады.
Қазақстан – бір сыңары (компоненті) қазақ тілінен тұратын
қостілділіктің пайда болып, қалыптасуының қайнар көзі.
Республикадағы әр түрлі этникалық қауымдастықтар өкілдерінің
жергілікті қазақтармен күнделікті қарым-қатынасының негізінде
әр жерде азды-көпті көлемде жүзден аса ұлттық-қазақ қостілділік
түрлері пайда болды. Олар: күрд-қазақ, ұйғыр-қазақ, кәріс-қазақ,
неміс-қазақ, өзбек-қазақ, қырғыз-қазақ, тәжік-қазақ, шешен-қазақ,
қарашай-қазақ, түрік-қазақ, әзірбайжан-қазақ қостілділігі т.б.
Біртілділік – әдеттегі әлеуметтік-этникалық құбылыс, ал
қостілділік – әлеуметтік құбылыс. Мұны игеру – азаматтық парыз,
көптілділік жағдайында ол моралдық тұрғыдан әбден керек. Де-
108
мек, қостілділік өмірдің нормасына айналуға тиіс. Біздің қоғамның
идеалы – екіжақты қостілділік. Мұндай қостілділік екі халықтың
бір-біріне деген ілтипатын тудырып, ынтымақ-бірлігін арттыруға
игі ықпалын тигізеді [28,144.].
Достарыңызбен бөлісу: |