109
қозғау салып, оларды белгілі бір типтерге топтастыруға түрткі
болды.
Тілдік жағдаяттың осындай үш түрлі типтік түрін (типоло-
гиясын) Г.В.Степанов жасады. Оның біріншісін ол роман тіл-
дес елдердегі тіл мен диалекті қатынасынан көрсетеді. Әйтсе
де, роман тілдес елдердегі бұл
қатынастарды салыстырушылық
мүлдем де бірдей еместігі жөніндегі зерттеуші ескерту жасайды.
Тілдік жағдаяттың екінші түрін ол туыстас тілдердің (мысалы,
Испаниядағы француз, провонсаль, испан, католон және галий тіл-
дері) сөйлеушілеріне тән тарихи-мәдени, әлеуметтік,
саяси және
басқа да факторлардың негізінде жасаса, үшінші түрін туыстас емес
тілдерді (мысалы, франциядағы баск пен француз, Молдавиядағы
мордва, украин, Латын Америкасындағы испан және үнді тілдерін,
Канададағы француз және ағылшын т.б. тілдерін) қарастыра оты-
рып жасаған [41].
Қазіргі әлеуметтік лингвистиканың теориялары мен проблема-
ларына және әдістеріне арналған монографиясында А.Д.Швейцер
тілдік жағдаятты топтастыруға мынадай қажетті шарттар ұсынады.
1.Әлеуметтік мәртебе (социальный статус) – сол қоғамда
қолданылатын тілдің, оның вариантының өзге тілдерге қатынас
бойынша алатын өзіндік орны (жағдайы);
2.Әлеуметтік қызмет (социальные функции) – тілдің, оның
вариантының түрлі салалардағы қызметі.
3.Әлеуметтік қарым-қатынастық рөл (социально-коммуника-
тивная роль) – тілдің, оның вариантының нақтылы саяси-әкімшілік
ұйым шегіндегі қызметі.
А.Д.Швейцер әлеуметтік мәртебе
ұғымына тілдердің ресми
(заңды) және шын мәніндегі мәртебесін (фактический статус)
жатқызады. Ал оның өзі:
а) ресми мәртебе тілдің не оның вариантының заңмен бекітілген
жағдайы арқылы анықталады;
ә) нақтылы мәртебе тілдің сол қоғамдағы орны мен рөліне
негізделеді. Оған: сол тілде сөйлейтін адамдар саны (олар-
ды этникалық-мәдени және демографиялық мәліметі),
қолдану
110
аясы, сөйлеушілер арасында қостілділік, көптілділік немесе
диаглосияның барлығы, тіл мәртебесіне күмәнділік туғызбау т.б.
жатады [10, 176.].
Тілдік жағдаят типологиясының тағы бір түрін Я.Ч.Фергюсон
жасады. Бұл типологиялық құрылым қысқаша айтқанда «Форму-
ла социолингвистического профиля стран»
деген атпен белгілі
болды. Фергюсон мұнда тілдік жағдаятты типтендірудің өзіндік
өлшемдерін белгіледі. Ол мынадай мазмұнды қамтиды:
1.Сандық-демографиялық белгілер –Lmaj (үлкен) және Lmin
(кіші) деп бөлінетін тілдердің саны.
2.Тілдің лингвистикалық варианттары – классикалық (G),
қалыпты (стандарт) тіл (О), әдеби тіл (S), жергілікті тіл (V), кре-
оль-тіл (К), пиджин-тіл (Р) ,«ерекше тіл» (Spes).
3.Тілдің қызмет ету аясы – этникалық (Q), ресми (O), лингва-
франка немесе койне (W), аймақтық тіл (N), интернационалдық тіл
(L), мектепте қызмет ететін тіл (e) алынды.
Осы шартты белгілерді пайдалана отырып, ол Белгиядағы тіл-
дік жағдаятты былайша сипаттайды:
Достарыңызбен бөлісу: