Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі



Pdf көрінісі
бет88/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105
Тілдерді функционалды дамытудың қолайлы моделі
Кез келген көп этносты және көп тілді мемлекетте тілдер 
атқаратын қызметіне, таралу деңгейіне, сол тілді тұтынушылардың 
санына, т. б. қарай бөлінеді. Мемлекеттің қолайлы тілдік кеңістігін 
жасау тілдердің функциональдық арақатынасын дәл анықтауды та-
лап етеді. Оның ішінде мемлекеттік тіл лайықты орынға ие болуға 
тиісті.
Мемлекеттік тіл мемлекеттік және қоғамдық өмірдегі неғұрлым 
маңызды функцияларды атқарады.
Бұл, ең алдымен, осы мемлекеттің барлық заң актілері 
қабылданатын тіл. Бұл – ресми шараларда, қызметтік хат-ха-
барда, іскерлік карым-қатынаста қолданылатын міндетті тіл. 
Азаматтардың өтініштеріне жауаптар да мемлекеттік тілде 
беріледі.
Мемлекеттік тілде барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, 
Қарулы Күштер жұмыс істейді. Есеп-санақ, қаржылық және 
техникалық құжаттары мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Мемлекеттік тіл елдегі сот ісін жүргізудің негізгі тілі болып та-
былады. Бұған қоса жеке және заңды тұлғалар арасындағы жазба-
ша түрде мәмілелердің барлығы міндетті түрде мемлекеттік тілде 
жазылады.
Мемлекеттік тілде елдің дипломатиялық өкілдіктерінің қыз-
меті жүзеге асырылады, халықаралық шарттар жасалады, ресми 
қабылдаулар өткізіледі.


202
Мемлекеттік бұкаралық ақпарат және коммуникация 
құралдарында мемлекеттік тілдің қолданылуы міндетті болып 
табылады. Қажетті тілдік ортаны қалыптастыру мақсатында мем-
лекеттік арналар арқылы басқа тілдерде берілетін хабарлардың 
көлемі уақыты жағынан мемлекеттік тілде берілетін хабарлардың 
көлемінен асып кетпеуге тиіс.
Мемлекеттік тіл, сондай-ақ төлқұжат, тууы туралы куәліктерді, 
білім жөніндегі құжаттарды бергенде, тағы басқа ресми 
ұйымдардың атауларын жазуда, олардың мөрлері мен штампта-
рында, сонымен қатар маңдайша жазулары мен бланкілерінде, ха-
барландыруларда, жапсырмалар мен көріністі ақпаратта міндетті 
түрде қолданылады.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі ол тілді барлық азаматтардың 
заңда белгіленген көлемде білуі үшін жағдай туғызуды көздейді. 
Бұл ретте мемлекеттік қызметке кабылдау, әдетте, міндетті түрде 
мемлекеттік тілді қажетті мөлшерде білгенде ғана жүзеге асыры-
лады.
Тілді қорғау тиісті құқықтық база құрылу арқылы мемлекеттік 
тілдің мәртебесінің бұзылуына немесе Тіл туралы заңның орындал-
мауына кінәлі адамдарды жауапқа тарту жолымен жүзеге асырыла-
ды. Мемлекеттік тілді басқа тілге қарсы қоюға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сейкес қазақ тілі 
мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан жоғарыда баяндалған 
мемлекеттік тіл мен оның мәртебесіне қойылған талаптар - қазақ 
тілі біртіндеп, әрі дәйектілікпен жетуге тиіс нұсқаның негізгі 
өлшемдеріне айналуы керек.
Барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар мен оның басшылары 
қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыруда негізгі жауап-
кершілікті өз мойнына алады. Қазақ тілін білу, оны қолдану мен 
насихаттау өкімет органдары тарапынан көтермеленіп отыруға 
тиіс. Қазақ тілін меңгеру - қазақстандық патриотизмнің құрамдас 
бөлігі.
Мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарында мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми түрде 


203
қолданылады. Бұл орыс тілінің бүгінгі таңда иеленіп отырған 
әлеуметтік функцияларының толық көлемде сақталуына кепілдік 
береді. Келешекте ғылым мен техниканың алуан саласы бойын-
ша ақпарат алудың негізгі көзі, жақын және алыс шетелдермен 
қарым-қатынас құралы болып қала бермек. Елдің экономикалық 
және ғылыми-техникалық даму мүдделері орыс тілінде алынған 
білік пен білімнің қажетке асуын айқындап отыр.
Кез келген елдің тілдік кеңістігінде мемлекеттік тілден басқа, 
бір жерге шоғырланған этникалық топтардың тілдері болады. Бұл 
тілдердің қолданылуы әдетте отбасылық-тұрмыстық сала аясынан 
аспайды. 
Ана тілін білу – ана тілін сақтаудың қажетті шарты. Сондықтан 
Қазақстан халықтарының тілдерін оқытып-үйретуге және ол 
тілдердің қолданыста болуына жағдай туғызуды мемлекет өз мін-
детіне алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет