Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет90/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 
1997 жылғы 11 шілде № 151
Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының 
құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамы-
ту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді. Қазақстан 
Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен 
қарауды қамтамасыз етеді.
I тарау
Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора – өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұрып 
жатқан халықтың бір бөлігі (этникалық қауымдастық);
ономастика – тіл білімінің жалқы есімдерді, олардың пайда бо-
луы мен өзгеруінің тарихын зерттейтін бөлімі;
орфография – дұрыс жазу ережесі, сөйленген сөзді (сөздер мен 
грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсілдерінің бірізділігін 
белгілейтін ережелер жүйесі;
топонимика – ономастиканың географиялық объектілердің ата-
уларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын 
зерттейтін бөлімі;
транслитерация – бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен же-
келеген сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе-
әріп арқылы беру.
2-бап. Осы Заңның реттейтін мәселесі
Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі 


208
басқару органдарының қызметінде тілдерді қолдануға байланысты 
туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтін мәселе бо-
лып табылады.
Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және діни бір-
лестіктерде тілдердің қолданылуын реттемейді.
3-бап. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңдар Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, 
тілдерді қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Респуб-
ликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тіл туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына, 
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және 
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты-
настардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, 
заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып 
табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының 
әрбір азаматының парызы.
Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы 
органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша 
дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемле-
кеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдас-
тырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін 
көмек көрсетуге міндетті.
5-бап. Орыс тілін қолдану
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару 
органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
6-бап. Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы


209
Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, 
қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін 
таңдауына құқығы бар.
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен 
дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасайды.
Ұлттық топтар жинақты тұратын жерлерде іс-шаралар 
өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін.
7-бап. Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу
Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азамат-
тардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді.
Қазақстанда мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің 
қолданылуына және оларды үйренуге кедергі келтіретін лауазымды 
адамдардың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.
II тарау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет