Аман абасилов әлеуметтік лингвистика


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ



Pdf көрінісі
бет97/105
Дата12.09.2022
өлшемі2,06 Mb.
#38882
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 
ЖАРЛЫҒЫ
ҰЛТЫ ҚАЗАҚ АЗАМАТТАРДЫҢ ТЕГІ МЕН ӘКЕСІНІҢ
АТЫН ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ
ШЕШУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ
ҚР азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжіри-
бесін қазақ халқының қалыптасқан тарихи дәстүрлеріне сәйкес кел-
тіру жөніндегі көптеген өтініш-тілектерін ескере келіп, қаулы етемін:
1.Ұлты қазақ азаматтар өздерінің тегі мен әкесінің атының жазы-
луын қазақ тіліне тән емес аффиксті алып тастай отырып, өзгертуге 
хақылы, алайда тегі мен әкесінің атының түбірлік негізі сақталуға 
тиіс. Бұл ретте әкесінің атын жазған кезде азаматтың жынысына 
қарай «ұлы» немесе «қызы» сөздері қосылып, бірге жазылады.
2.Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және жеке 
басының куәлігін берген кезде республика ішкі істер органдары 
осы Жарлықгың 1-тармағында көзделгендей, тегі мен өкесінің 
атының жазылуын оңайлатылған тәртіппен, азаматтық хал-ахуа-
лын жазу актілеріне өзгертулер енгізусіз жүргізеді деп белгіленсін.
3.Азаматтың тегі мен әкесінің атының жазылуын өзгертуі оның 
құқықтық субъектілігін қозғамайды, яғни тегі мен әкесінің атының 
бұрынғы жазылуында алған-құқықтары мен міндеттерін доғаруға 
немесе өзгертуге негіз бола алмайды.
4.Азаматтардың тегін, есімін, әкесінің атын өзгертуге байла-
нысты қалған барлық өзге мәселелер Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілеріне сөйкес шешіледі.
5.Республика Үкіметі өзінің құқықтық нормативтік актілерін 
және республиканың орталық атқарушы органдарының актілерін 
осы Жарлыққа сәйкес келтіруді қамтамасыз етсін.
6.Осы Жарлық, 1996 жылдың 1 мамырынан күшіне енетін 
2-тармағын қоспағанда, жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Казақстан Республикасының Президенті 
Н. НАЗАРБАЕВ
Алматы, 1996 жыл, 2 сәуір.


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет