Тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдармен
қатынастарда пайдалану
27-бап. Тіл - халықаралық қызметте
Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы
215
өкілдіктерінің қызметі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда
басқа да тілдерді пайдаланып жүзеге асырылады.
Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, уағдаласушы
тараптардың мемлекеттік тілдерінде жасалады, көпжақты
халықаралық шарттар оған қатысушылардың келісімімен бел-
гіленген тілдерде жасалады.
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер өкілдерімен
өткізілетін ресми қабылдаулар мен өзге де шаралар басқа тілдерге
аударылып, мемлекеттік тілде жүргізіледі.
216
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ
ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1998 жылғы 14 тамыздағы № 769
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы №16 қаулысымен
енгізілген өзгертулер және толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы
тіл туралы» Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік органдар-
да мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Орталық атқару органдары, барлық деңгейдегі әкімдер:
1)»Қазақстан Республикасында тіл туралы» Заңның 23-бабына
сәйкес, мемлекеттік істің барлық салаларында мемлекеттік тілдің
белсенді қолданылуы үшін басым жағдай жасау қажеттігін ескере
отырып, мемлекеттік органдарында іс қағаздарын кезең-кезеңімен
қазақ тіліне көшіруге байланысты іс шаралар жоспарын жасап,
жүзеге асырсын;
2) іс қағаздарын жүргізу және ресми құжаттар әзірлеуге қатысты
құрылымдар мамандарының мемлекеттік тілді білуі мен оны мем-
лекет қаржысының есебінен оқып-үйренуі кәсіби біліктілік талап-
тары қатарына жатқызылсын;
3)1998 жылдың 1 қазанына дейін жоғарғы ұйымдармен
қызметтік хат-хабар, ақпарат алмасуды, статистикалық және
қаржылық есептер жасасуды, сондай-ақ есептің басқа да түрлерін
мемлекеттік тілде қосымша қаржысыз қамтамасыз ете ала-
тын мүмкіншіліктері бар облыстар мен аудандарды анықтасын
және оларда мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қолайлы
жағдай туғызсын. Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік тілде
тапсырылған құжаттарды, есептер мен ақпараттарды қабылдамай
қайтару жағдайын болғызбасын;
4) министрліктер мен басқа да орталық атқару органдарының
орталық аппараттарында ішкі мүмкіншіліктер есебінен мемлекет-
217
тік тілді іс қағаздарына енгізу жөнінде құрылымдық бөлімшелер
құруды толық шешсін. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар
мен мекемелердің штат кестелеріне қазақ тілінде іс жүргізушілер
мен аудармашылардың лауазымдарын енгізсін;
5) орталық атқарушы органдар қабылдайтын шешімдерінің
мемлекеттік тілде шығарылуын қамтамасыз етсін; Қазақстан Ре-
спубликасы Премьер-Министрінің Кеңсесі министрліктер мен
басқа да орталық атқару органдарынан келіп түскен мемлекеттік
тілдегі құжаттардың сапасын оқтын-оқтын сараптан өткізіп, оны
жақсарту жөнінде Үкімет қарауына ұсыныстар енгізіп отыратын
болсын;
6) жұртшылықтың тілдік қажеттіліктерін өтеу және тіларалық
салада азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінің, Сыртқы істер министрлігінің
және Ішкі істер министрлігінің тиісті органдарында мемлекеттік
аударма қызметін құру мәселесі шешілсін;
7) барлық мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртабандары,
бланкілері, маңдайша жазулары мен басқа да деректемелері,
көрнекі ақпараттары «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
Заңының 21-бабына сәйкес рәсімделуі қатаң қадағалансын;
8) орталық атқару органдары 1999 жылдың 1 қаңтарына дейін
өздерінің ресми шараларын, алқа мәжілістері мен түрлі жиында-
рын өткізетін залдарын ілеспе аударма жасауға қажетті техникалық
құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз етсін.
2.Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мемлекеттік
тілді үйрету мен іс қағаздарына енгізудің кешенді компьютерлік
бағдарламаларын әзірлеп, жүзеге асырсын.
3.Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық
сақтау министрлігі 1998-1999 оқу жылынан бастап жоғары және
арнайы оқу орындарының бағдарламаларына «Қазақ тілінде іс
қағаздарын жүргізу» арнайы курсын енгізсін.
4.Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі:
1) Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынылатын заң жоба-
ларының мемлекеттік тілде сапалы әзірленуін қамтамасыз етсін;
218
2) үш ай мерзім ішінде Тілдер туралы заңдарды сақтауды
бақылаудың тәртібі жөнінде ережені әзірлеп, Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің қарауына ұсынсын.
5.Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
министрлігі:
1) көлік, сауда және байланыс салаларын мемлекеттік тілдегі
сапалы анықтама-ақпараттармен қамтамасыз етсін;
2) облыс орталықтарындағы, қалалар мен аудандардағы,
кенттер мен селолардағы жұртшылыққа қызмет ететін байланыс
тораптарын қазақ қарпіндегі аппараттармен, сондай-ақ қазақ
тілінде қызмет жасай алатын кадрлармен қамтамасыз етсін.
6.Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
“Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңының 27-бабына
сәйкес Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері
мен Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар
жанындағы өкілдіктерінің қызметінде, екі жақты халықаралық
шарттар жасау, басқа да мемлекетаралық шаралар өткізу кезінде
мемлекеттік тілдің белсенді қолданылуын жүзеге асырсын.
7.Осы қаулының жүзеге асырылуына министрліктердің, басқа
да орталық атқару органдарының бірінші басшылары мен барлық
деңгейдегі әкімдер тікелей жауапты.
Оны үйлестіру мен бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат
және қоғамдық келісім министрлігіне жүктелсін. Аталмыш
Министрлік қаулының орындалуы жөнінде жыл сайын 1 қарашада
Қазақстан Республикасы Үкіметіне ақпарат беріп отыратын
болсын.
219
Достарыңызбен бөлісу: |