134
«Экономика и статистика» №2, 2010
Информационные системы и технологии
саны – 10, үтірден кейінгі белгілер саны - 2, өлшем
бірлігі –
мың тенге, %.
Мәліметтерді ЭЕМ-да автоматтандырылған
өңдеуден өткізуді ұйымдастыру үшін және экономи-
калық ынталандыру қорлары есептері бойынша
шарттарды шешу үшін шығу машинограммасын алу
мақсатында шығу ақпаратын дұрыс өңдеуден өткізу
маңызды болып табылады.
Шығу ақпаратының көрсеткіштері АЕЖ жүйесі-
нің мәліметтер базасынан құрылған көрсеткіштер
түрінде немесе кіру көрсеткіштері қолданылған
арифметикалық амалдар түрінде құрылуы мүмкін.
Көрсеткіштер тізбегі
шығу нысанындағы барлық
көрсеткіштердің тізбегін келесі тәртіпте қамтиды:
бірінші және кейінгі қатардағы көрсеткіштер –
сызба түрінде беріледі, бірақ ол нәтижелікпе жоқ
кіру көрсеткішіме оған байланысты емес. Егер де
кіру көрсеткіштер тек есептеуде ғана қолданылып,
шығу көрсеткіші болмаса, онда мұндай көрсеткіштер
кестеде есептеуде негізі болатын көрсеткіштің
алдына жазылады.
ЭЕМ-да шарттарды шешуді дайындау үшін
шығу машинограммасының макеті жасалады.
Машинограмманың макеті бір парақта 128 торкөз-
ден құралған кесте болып табылады. Әрбір тор көз-
де бір белгі қойылуы мүмкін.
Машинограмманың жоғары бөлігінде көрсеткіш-
тердің атауы жазылатын орын бөлінеді. Оның
жолдарының саны 114-тен аспауы қажет. Бұл жағдайда
мәтіннің мағынасын
ауыстырмайтын қысқарған
сөздерді қолдануға рұқсат етіледі. Осы жерде
көрсеткіштің өлшем бірлігі де жазылады.
Көрсеткіштің атауының астындағы қатарда
бір қатар шығу көрсеткішінің шифры жазылады.
Көрсеткіштің атауы мен шифры арасында бір қатар
интервал қойылады. Машинограмманың әрбір
парағының бірінші қатарында кәсіпорын немесе
өндірістік бірлестіктің шифры көрсетіледі. Әрбір ке-
лесі қатардың ені көрсеткіштің саладағы маңызына
қарай
анықталады, бірақ ол 15 белгіден аспауы
қажет.
Қатарлар арасындағы қашықтық бір белгі. Егер де
шығу нысанының көрсеткіштері бір параққа сыймаса,
онда олар келесіге ауыстырылады. Берілген шарт-
тарды орындауға қажетті ақпарат басқа да шарттар-
ды орындауы үшін сақталады. Мұндай ақпарат ретін-
де экономикалық ынталандыру қорларының сома-
сын қарастырса болады. Ол «Пайданың еркін қал-
дығы» шартын шешу үшін қажетті ақпарат болады.
Келесі кезеңдегі
берілген шарттарды орын-
дау үшін қажетті ақпарат ретінде барлық кіру және
нормативті-анықтамалық ақпараттар қолданылады.
Сонымен қатар, кейбір ақпараттар өзгертілуі
мүмкін. Оның себебі алгоритм, көрсеткіштер жүйесі,
шифрлар өзгерісі болуы мүмкін. Жаңа кәсіпорындар
мен бірлестіктер құрылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: