20
«Экономика и статистика» №2, 2010
Экономическая теория
түсуі мен пайдаланылуының
теңсіздігін анықтап,
оны болашақта қайталамау үшін шаралар қолдануға
болады.
Кәсіпорынның ақша ағымдарын талдау бірнеше
кезеңдерден тұрады:
1 кезең. Жақсы нәтиже беретін ақша ағымдарының
құрылу көлемі мен өсу қарқыны қарастырылады, ақша
ағымдарының өсімінің қарқыны мен өнімдерді, тауар-
лар мен қызметтерді өндіру көлемі өсімінің қарқыны
салыстырылады.
2 кезең. Теріс ақша ағымдарының құрылу көлемі
мен динамикасы зерттеледі. Мұнда сыртқы көздерден
алынған ақша қаражаттары қайда жұмсалды, нарықтық
құнының өсімін арттыратын кәсіпорынның активтері-
нің жеке түрлері қалай дамыды, бұрын алынған несие-
лер мен зайымдар бойынша негізгі қарыздар қалай
өтелді деген мәселелер қарастырылады.
3 кезең. Оң және теріс ақша ағымдарының
уақыт пен көлемі бойынша тепе-теңдігі анықталады,
кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәти-
жесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретіндегі
таза ақша ағымдары
көрсеткішінің динамикасы
зерттеледі.
Сонымен, ақша ағымдарын талдаудың басты
мақсаты ақша қаражаттарының көлемі,
уақытша
параметрлері, келу көзі мен бағытталуына байланы-
сты ақпараттарды ұсыну болып табылады, олар нақты
басқару шешімдерін қабылдауда, субъективті және
объективті, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін
басқаруда өте қажет болады.
Ақша ағымдарын талдау негізі шаруашылық
қызмет түрлері мен басқа да талдау сипаттамалары
бойынша олардың құрылуы мен пайдалану бағыттары
туралы толық, әрі шынайы ақпарат алу болып табы-
лады. Ақша ағымдарын талдаудың негізгі ақпарат
көздері келесілер:
1. Бухгалтерлік есеп беру –
Бухгалтерлік
баланс, Табыстар мен шығыстар туралы есеп, Ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Өзіндік
жеке капиталдың өзгеруі туралы есеп, есептеу сая-
саты туралы ақпарат пен түсіндірме жазбасы;
2. Ақша қаражаттарының
қозғалысын сипат-
тайтын бухгалтерлік есептің аналитикалық және
синтетикалық шоттарының мәліметтері бойынша
ақпарат;
3. Жоспарлы басқару мәліметтері – ақша қара-
жаттарының қозғалысының бюджеті, төлем күнтізбегі
жән басқалар.
Ақша ағымдарын
кешенді қаржылық тал-
дау кезінде есептелетін және бағаланатын негізгі
қаржылық көрсеткіштер келесілер болып табылады:
- өтімділік коэффициенттері (ағымдық өтімділік
коэффициенттері, жедел өтімділік коэффициенттері,
абсолютті өтімділік коэффициенттері);
Достарыңызбен бөлісу: