Нарықтық ортаның әрдайым өзгеріп отыруы, кәсіпорындардан өз уақытысында жедел қаржылық шешімдерді қабылдауды талап етеді және бұл жеделділікті қамтамасыз етудің негізгі шарты қаржылық және инвестициялық қызметтерге ақша қаражаттарын бағыттаумен қатар ағымдық қызметті қаржыландыру мүмкіндігі болып табылады. Кәсіпорындардағы қаржылық жағдайын кешенді
талдау оның қызмет ету ортасын толық қамтуы
қажет.
Қаржылық талдау әдістемесінде қаржылық сая-
сатты құраушылардың арасындағы құрылымдық
байланысты анықтау арқылы оны жүзеге асыру
тиімділігі анықталады.
Қолданыстағы қаржылық талдау әдістемесі
бірнеше талдау көрсеткіштері тобының кешенін бөліп
қарастырады:
пайдалылық пен рентабельділік көрсеткіштері;
өтімділік пен төлемқабілеттілік көрсеткіштері;
іскерлік белсенділік көрсеткіштері;
қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.
Жоғарыда аталған көрсеткіштер тобы өзара
тығыз байланыста болады, себебі оларды құраушы
көрсеткіштер бір қаржылық операциялардың нәтижесі
болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауға
байланысты ақша ағымдары екі түрлі сипатқа ие
болады:
Біріншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның
өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштеріне әсер
етеді.
Екіншіден, ақша ағымдары кәсіпорынның іскерлік
белсенділігі мен құралдарының айналым-дылығының
негізгі объектісі болады.
Сонымен қатар, кәсіпорынның пайда алуға бағыт-
талған коммерциялық қызметі тек соңғы қаржылық
нәтижені ғана қарастырмайды, сондай-ақ кәсіпорын
үшін кез келген ақша нысанындағы немесе материал-
дық-заттық нысандағы табыс алуды көздейді. Ақша
ағымдары қаржы саясатының негізгі элементі ретінде
кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын талдаудың
негізгі факторы болып саналады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есептерді талдау нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық
операцияларының зор мүмкіндіктерін анықтауға
болады. Мысалы, өткен жылдардағы қызметтің
нәтижесін бағалау арқылы ақша қаражаттарының