Агентство республики казахстан по статистике



Pdf көрінісі
бет46/143
Дата13.09.2022
өлшемі3,57 Mb.
#38999
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143
Экономическая теория
- кәсіпорынның қаржылық саясатының көрсет- 
кіштері (ақша ағымдарының жеткіліктілігі коэффи-
циенті, дебиторлық және кредиторлық қарыз 
айналымдылығы, тауарлы-материалдық запастар 
айналымдылығы және т.б.);
- рентабельділік коэффициенттері (ақша қара- 
жаттарының қалдығының рентабельділік коэффи-
циенттері, түскен ақша қаражаттарының рентабель- 
ділік коэффициенттері, жұмсалған ақша қаражат-
тарының рентабельділік коэффициенттері).
Өтімділік коэффициенттері ағымдық активтер 
мен ағымдық міндеттемелер арасындағы өзара бай-
ланысты білдіреді және кәсіпорынның қаржылық 
міндеттемелерін өз уақытында орындау мүмкіндік-
терін көрсетеді. 
Жалпы төлемқабілеттілікті анықтайтын негізгі 
фактор кәсіпорындағы шынайы өзіндік жеке капитал-
дың бар болуы болып табылады. 
Коэффициенттерді есептеу баланстағы ағым-
дық активтер өтімді болған жағдайда ғана төлем 
қабілеттілікке баға беретіндігін атап өтуге болады, 
яғни:
1. Баланстағы тауарлы-материалдық запастар 
олардың құнының сомасына тең болатын ақшаға 
айналуы мүмкін болған жағдайда;
2. Дебиторлық қарыз ақша қаражаттары ныса-
нында қысқа мерзімді қарыздарды өтеу мерзіміне 
сәйкес келетін мерзімде түгел түседі.
Ақша айналымын сипаттауда кәсіпорынның айна-
лым құралдарының айналымдылық көрсеткіштері 
маңызды орын алады. Ақша ағымдарына тауарлы-
материалдық запастардың, дебиторлық және 
кредиторлық қарыздың айналымдылығы тікелей 
әсер етеді, оны келесі 1–кестеге сәйкес есептеуге 
болады.
1-кесте
Ақша ағымдарына тауарлы-материалдық 
қорлардың, дебиторлық және кредиторлық 
қарыздың айналымдылығы
Кредиторлық қарыздың 
айналымдылығы
Өткізуден түскен табыс / 
Кредиторлық қарыз (кезеңдегі 
орта шамасы)
Тауарлы-материалдық 
қорлардың 
айналымдылығы
Өткізуден түскен табыс / Тау-
арлы материалдық қорлар 
(кезеңдегі орта шамасы)
Айналым құралдырының 
айналымдылығы
Өткізуден түскен табыс / Ай-
налым құралдары (кезеңдегі 
орта шамасы)
 
Ескерту: Автормен пайдаланылған әдебиеттер негізінде 
жасалған.
Берілген көрсеткіштерді қарастырудың себебі, 
олар өтімділік деңгейі бойынша ақша қаражаттарына 
жақын, дебиторлық қарыз ағымдық қызметтен түсетін 
ақша ағымдарының оң нәтижесін берсе, қорлар 
болса, жоғары құнға ие болып, дебиторлық қарызбен 
қатар ақша қаражаттарының «мұздатқыш» баптарын 
құрайды. Берілген көрсеткіштер шартты болғандықтан, 
есептеулерде көбінесе орта шамалар қолданылады. 
Орта шаманы анықтау үрдісі динамикалық қатарлар 
негізіндегі статистикалық орта шаманы анықтауды 
немесе қарапайым орта арифметикалық шаманы 
анықтауды қарастырады. 
Қорлардың айналымдылығын едәуір арттыру 
және айналым құралдарын тиімді пайдалану үшін 
келесі іс-шараларды ұйымдастыру қажет болады:
- шынайы уақыт мерзіміндегі қорлар қалдығын 
есепке алу жүйесін құру;
- тауарлар қоймаларындағы және бағалау парақ-
тарындағы қорлар қалдығын кезеңімен талдау;
- кешенді емес тауарлар, рухани және табиғи 
тозған тауарлар мен төменгі деңгейдегі сұранысқа ие 
тауарлардың бағасын төмендету;
- сатушы менеджерлер арқылы тұтынушылардан 
түсетін тапсырыстар жүйесін қайта қарау;
- тұтынушыларға байланысты анықталатын тау-
арларды резервтеу мерзімін төмендету жағына қарай 
өзгерту.
Айналымдылық коэффициенті жоғары болған 
сайын, айналым құралдарының айналым ұзақтығы 
қысқарады және кәсіпорын жұмысының тиімділігі 
артады. 
Айналымдылықты арттырған кезде кері ақша 
ағымына қарағанда, оң ақша ағымы жоғары қарқынмен 
өседі. Соның нәтижесінде айналым құралдары абсо-
лютті және салыстырмалы босайды. 
Белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның ақша 
ағымдарын талдау үшін келесі 2–кестеде көрсетілген 
арнайы көрсеткіштер есептеледі.
2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет